Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Найзағай ойнап, жел күшейеді: 24 шілдеге ауа райы болжамы

Найзағай ойнап, жел күшейеді: 24 шілдеге ауа райы болжамы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазгидромет 24 шілдеде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Кей жерлерде нөсер жаңбыр мен тұман. Оңтүстікте аптап ыстық сақталса, батыста ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі. 

Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ақмола облысында түнде солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, облыстың оңтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-18 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі. Батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ және жел күшейеді. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні аталған аудандарда секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталса, шығысында төтенше өрт қаупі бар. Павлодар қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыс және солтүстік жел күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15 метрге дейін күшейеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталса, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысында облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс және солтүстік желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыс және солтүстік желдің екпіні күндіз секундына 15 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ және желдің күшеюі болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталса, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Абай облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер жаңбыр мен найзағай. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ және желдің күшеюі болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетіп, күндіз кей жерлерде секундына 23 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталса, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігі мен таулы аймақтарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге, кей уақытта 25 метрге дейін жетеді. Солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары, ал кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта секундына 15-20 метрге жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі бар.

Алматы қаласында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы бөліктерінде, Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының тау аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақытта 25 метрге дейін жетеді.

Жетісу облысында түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал орталығында жаңбыр мен найзағай. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында нөсер жаңбыр болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде аздаған жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таулы аудандарда секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында жоғары өрт қаупі бар, ал оңтүстігінде де өрт қаупі күтіледі. Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі күшінде.

Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Облыстың батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталса, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күшінде, ал оңтүстік-шығысында оның болуы болжанып отыр. Атырау қаласында күндіз +37…+39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +38…+42 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталса, батысында оның болуы күтіледі. Солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал орталығында оның болуы болжанады.

Батыс Қазақстан облысында облыстың батысы мен солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталса, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күшінде. Орал қаласында күндіз ауа температурасы +35…+36 градусқа дейін көтеріледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 23:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see147

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see147

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see144

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see143

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see142

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see141

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see141

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see140

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see137

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see134

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see129

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see125

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see123

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see121

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see114

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары