Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Наурыз ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру артады

Наурыз ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру артады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Келесі жылы «Наурыз» ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру көлемі екі есе артады.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған биылғы көрсеткіштердің жоғары болуы себеп. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы бойынша жоспардың асыра орындалуы да түркі болған. Келер жылы бұл нарықтағы жағдай қандай болмақ? Құрылыс көлемі арта ма? Келесі жылы тұрғын үй нарығында қандай басты өзгерістер болады деп күтілуде?  

- Алдымен биыл нарықта қалыптасқан жағдайға аз-кем тоқталсам. Өткен он айда елімізде 17 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй қолданысқа берілген. Жауапты министрліктің айтуынша, құрылыс компаниялары жоспарды асыра орындап отыр. жыл соңына дейін 19 млн шаршы метрден асуға тиіс. Былтырғы көрсеткіш те осы шамада болған. Сонымен қатар жаңа өзіңіз айтқандай «Наурыз» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артады. Бұл туралы кеше Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде болған жиында Қуандық Қажкенов мәлімдеді.

Қуандық Қажкенов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Наурыз бағдарламасына биыл 200 млрд теңгеден астам қаражат құйылды. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмасына орай, Отбасы банк бұл қаражатты 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. оның ішінде Наурыз жұмыскер бағдарламасы да бар. Биыл оның тиімділігі дәлелденді. Біз тіпті шағын зерттеу де жүргіздік. Нәтижесінде қарыз алушылардың 60 пайызы 35 жасқа толмағандар, яғни жастар екенін анықтадық.  

Құрылыс көлемі артқанмен, оның елдегі урбанистикалық мәселелерді шешуін көздеген де дұрыс. Яғни салынған үйлердің кейін нарықта сұранысқа ие болуы, қайда салынатыны маңызды дейді мамандар.

Айбар Олжай, қаржы сарапшысы:

- Алматы мен Астана мегаполистеріне ғана құрылыстарды салып-салып, қалған облыстарды қалдырып кететін болсақ, үлкен аймақтық, өңірлік дисбаланс одан сайын туғызатын боламыз. Ана облыста ештеңе жоқ. Ештеңе салынбаған. Бәрі әрине астана мен алматыға келетін болады. Өйткені мына жақта құрылыс жүріп жатыр. Сол сияқты бізге контрмагниттер жасау керек. менің ойымша мемлекет негізі осы бағытпен жүреді. Барлық құрылстың инвестициялары осы басқа қалаларда салынатындай жүзеге асады. Ол дұрыс деп ойлаймын. Басқа облыс орталықтарында біріншіден тұрғын үй құрылысын арзанға салуға болады. өйткені, жер және инженерлік коммуникация мәселелерінде көп қымбатшылық жоқ. Бос жатқан жерлер бар. басқа бір жердің орнын алып сүргенде де компенсациясы аса көп қымбат емес. Екіншіден бұл жаңағы облыстың белгілі бір экономикалық орталыққа айналуына мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар нарыққа мемлекеттің жиі араласуын қолдамайтындар да бар. Себебі, жеңілдетілген бағдарламалар сұранысты арттырып, үй бағасының аспандауына алып келеді дейді экономист Мақсат Халық.

Мақсат Халық, экономист:

- Жалпы халықаралық тәжірибеде мұндай мемлекеттік арнайы бағдарламалар әлеуметтік осал топқа ғана арналып жасалады. Ол жаңағы көп балалы аналар, ол отбасында мүгедек бар адамдар, жетім балаларға. Соларға ғана арнайы бағдарлама жасауға болады, менің көзқарасымша.  

Алайда министрлік өкілі келесі жылы жаңа бағдарламалар болмайтынын мәлімдеді. бұған нарықта ипотекалық өнімдердің жеткілікті болуы себеп.

Қуандық Қажкенов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Қазір жаңа бағдарламалар енгіземіз деген жоспар жоқ. Қазір нарықта әлеуметтік осал топтарға арналған бағдарламалар, наурыз бар. отбасы банктің өз бағдарламалары да жетерлік. Сондықтан, мемлекет жаңа ипотекалық бағдарлама енгізбейді.  

Ал құрылысшылар одағының өкілі бағаның қымбаттауына отандық өндірістің кенже қалуы себеп екенін жеткізді. Себебі сырттан келетін құрылыс материалдары басқа валютамен бағаланады. Сонымен қатар логистика, кедендік төлемдер сынды шығындар бар.

Вячеслав Лазарев, "Қазақстан Құрылысшылары одағы" РҚБ Астана қалалық филиалының директоры:

- Тұрғын-үй құнының негізгі бөлігі құрылыс материалдарынан тұрады. Қазақстан оның жартысын шетелден тасиды. Көбіне ішкі әрлеу жұмыстары мен қасбетіне жұмсалатын материалдарды импорттаймыз. Сондықтан өзіміздің замануи зауыттарымызды салу керек. Олар бағаны негізсіз көтермеуі үшін қадағалаған да артық болмайды. Сонда құрылыс компаниялары қымбатшылыққа ұрынамыз деп алаңдамай тұрақты жұмыс істейді.  

Яғни тұрғын үй нарығында тұрақтылық орнауы үшін тек қана қаржылық көмек көрсету жеткіліксіз. Құрылысшыларды сапалы әрі арзан материалдармен қамту да маңызды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 20:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары