Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында өткен алғашқы отырыс небәрі 15 минутқа созылған. Іске төрағалық етуші судья Саммидин Теміралиев сотталушының келмеуіне байланысты процесті кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.
Марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, сотталушы денсаулығына байланысты сотқа қатыса алмаған.
«Сотталушының респираторлық вирустық инфекциямен ауырып, дене қызуының жоғарылағаны анықталды. Дәрігерлер оған денсаулық жағдайына байланысты сотқа қатыса алмайтыны туралы анықтама берген», деді адвокат.
Соттың баспасөз қызметі келесі сот отырысының күні әзірге белгіленбегенін хабарлады.
Нұрай Серікбай ісі: Жаңа күдіктілер анықталған жоқ
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 11 қаңтар күні кешке Шымкентте болған. 21 жастағы студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан көз жұмды. Қатыгездікпен жасалған қылмысқа қызбен таныс болған 28 жастағы Шерхан Аймахан күдікті ретінде танылған.
Нұрай Серікбай ісі: Алғашқы сот отырысының күні белгілі болды
Еске салайық, бұған дейін тергеу барысында күдіктіге қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, ол Алматы облысының Ақтас ауылындағы мамандандырылған психиатриялық ауруханаға жіберілді. Марқұмның туыстары күдіктінің психикалық дертті сылтау етіп, жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірген еді. Жуырда қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталған болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:36
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 17:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















