Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұрбақыт Теңізбаев және Қанатбек Бегалиевтің жүлдесіне арналған турнир өтуде

Нұрбақыт Теңізбаев және Қанатбек Бегалиевтің жүлдесіне арналған турнир өтуде

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Талғар қаласында Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегерлері — Нұрбақыт Теңізбаев (Қазақстан) және Қанатбек Бегалиев (Қырғызстан) жүлделеріне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир өтуде.

Үшкүндік турнир кеше қазақ пен қырғыздың жалауын желбіреткен қос палуан Нұрбақыт Теңізбаев пен Қанатбек Бегалиевтің шеберлік сабақтарымен басталды.

Бір кездегі боз кілемдегі қарсыластар әрі Олимпиада шыңын бағындырған достар бүгінде өз елдерінде қызмет етіп, дамуына үлес қосуда. Қазіргі таңда Нұрбақыт Теңізбаев — Алматы облысы Кеген ауданының әкімі, ал Канат Бегалиев — Қырғыз Республикасындағы «Спорттық нысандар мен спорттық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарады.

 «Мен 2005 жылы Қазақстанда тұрып, жаттықтым. Біз Нұрбақытпен бір кілемде күресіп, бір-бірімізге бәсекелес әрі қолдаушы болдық. Қазіргі ұрпақтың спорттық бауырластық пен адал күрестің үлгісін көруі өте маңызды. Мұндай турнирлер халықтар арасындағы достықты нығайтады», — деді қырғыздың қайраткер ұлы Қанатбек Бегалиев.


Бүгін жарыс Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен салтанатты түрде ашылды.

«Қазақ пен қырғыз ежелден туыс, тамыры бір халықтар болған. Осы бауырластықты жыр алыбы Жамбыл «сүйегім қазақ, етім қырғыз» деп терең мағынамен жырлап, екі халықтың туыстығын ерекше атап өткен болатын. Бүгінгі турнир сол достық пен бауырластықтың айқын көрінісі, Нұрбақыт ағаларың мен Қанатбек ағаларың өз еңбектерімен осы биікке көтерілген болатын. Олар спорт арқылы тек қана жеңісті емес, достықтың, өзара сыйластықтың үлгісін көрсетіп тұр. Қазақтан шыққан, осы Алматы облысында қызмет істеп жатқан, Демеу Жадыраев, Ақжүрек Таңатаров, сондай-ақ, Қырғыз елінен шыққан Жоламан Шәшенбеков, Ақжол Махмудов сынды чемпиондар жастарға үлгі—өнеге болуда. Бүгінгі кездеуде қатысып жатқан сендер де жетістікке жететін чемпионсыңдар.  Әр белдесулерің жігерлеріңді, рухтарыңды, достықтарыңды көрсететін болсын», деді облыс әкімі турнирге қатысушыларға арнаған тілегінде.

Облыс әкімі сондай-ақ, атақты олимпиадашыларымыздың құрметіне арналған халықаралық турнир аймақ спортының дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

«Бұл жарыс жас балуандарды біріктіріп, олардың өсуіне мүмкіндік береді, Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының достығы мен өзара түсіністігін нығайтады. Сенімдімін, бұл турнир жақсы дәстүрге айналып, қатысушылар географиясы жылдан жылға кеңейе түседі», деді Марат Сұлтанғазиев.

Турнирге Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Қырғызстан елдерінен 15 жасқа дейінгі 250-гу жық жас балуандар қатысуда. Олар 35 кг-нан 110 кг-ға дейінгі 12 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Бұл турнир грек-рим күресін насихаттау, Орталық Азия елдері арасындағы достық пен спорттық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ болашағы зор жас спортшыларды анықтап, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Айта кетейік турнир 2024 жылы Қырғыз елінен бастау алған еді.

«Бұл турнирдің идеясы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен спорттық бауырластықтың нышаны ретінде дүниеге келді. Алғашқы турнир өткен жылы Қырғызстанда өтті және спорт қауымдастығы арасында үлкен қолдау тапты. Ол кезде жарысқа ондаған спортшы қатысып, жаңа дәстүрдің бастамасына айналды. Биылғы турнирді қазақстандық тарап қабылдап, жарысты Алматы облысында өткізу туралы шешім қабылданды. Келесі, үшінші турнир қайтадан қырғыз жерінде өтеді», — дейді Алматы облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дамир Күзембаев.

Жарыстың ашылуы барысында облысы әкімі мен жарыс ұйымдастырушылары, Нұрбақыт Теңізбаев қырғызстандық қонақтарға қазақ салтпен шапан жауып, Қанатбек Бегалиевке ат мінгізді. Кеген аудандық мәслихатының төрағасы Алмасбек Нұғыман да аудан жұртшылығы атынан құрметті қонаққа дәл осындай құрмет көрсетті.

Жарыстар екі күнге созылады. Ертең жеңімпаздар мен жүлдегерлер жеке және командалық есепте анықталып, жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 16:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары