Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұрбол Назарбаевтан негізсіз байлығын тартып ала алмады

Нұрбол Назарбаевтан негізсіз байлығын тартып ала алмады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстанның бұрынғы президентінің жиені, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрболмен "Алтын Орда" базарының экс-иесі Айдарбек Хусайынов соттасты. Жақында сот процесінің қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Ақпанда Айдарбек Хусайынов Нұрбол Назарбаевтың үстінен "негізсіз байыды" деп айыптап, одан қаражат өндіруді талап етіп, сотқа арызданған болатын.

Сот кезінде Нұрбол Назарбаевтың мүлкі мен шоттарындағы ақшасына "талап арыз құны шегінде" тыйым салынды. Талап арыздың құны - 15 миллиард 171 миллион теңге. Хусайынов Назарбаевтан дәл осындай соманы өз пайдасына өндіріп алуды көздеген көрінеді.

Нәтижесінде екі айға созылған сот отырыстарынан кейін талап арыз қараусыз қалды.

Хусайынов деген кім немесе Назарбаевқа компания қалай "келген"?

Айдарбек Хусайыновтың есімі Назарбаевтар әулетіне және "Алтын Орда" базарына қатысты сот істерінде бірнеше рет аталған болатын. Нұрбол Назарбаевпен соттасып, миллиардтаған теңге талап еткен де осы кісі. Даудың мән-жайын түсіну үшін бірнеше жыл артқа шегіну қажет.

"Алтын Орда" - Алматыдағы ең ірі базар. Киім-кешек, техника, ойыншықтар, тұрмыстық бұйымдар - мұнда бәрін табуға болады. Ұзақ жылдар бойы халық арасында ол "Болат Назарбаевтың базары" деп аталып келді. Базар төңірегіндегі көптеген мәселелер 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін ашық айтыла бастады. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев ол жерде тәртіп орнатуды тапсырған еді.

"Алтын Орда" әрдайым Болат Назарбаевтың иелігінде болған жоқ. Сот материалдарына сүйенсек, 2013 жылға дейін оның бұл базарға қатысы болмаған. Сол жылдары Хусайынов базарға иелік ететін Kurylys LTD компаниясының 39 пайыз акциясына ие болған. Іс жүзінде бұл бақылау пакеті еді.

Кейін сот материалдары бойынша Серік Апсапаров пайда болады. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол сыбайластарымен бірге бизнесті тартып алуды бастаған. Алдымен базардың басқа акционерлеріне қысым көрсетілген. Олардың үлестері, жалпы алғанда шамамен 60 пайыз соңында Болат Назарбаевтың қолына өткен.

Осыдан кейін, сот мәліметінше, Хусайыновтың өзіне де қысым жасала бастаған. Нәтижесінде ол өз үлесін 1,3 миллион долларға сатып жіберген, бірақ оның айтуынша, бұл үлестің нақты құны шамамен 30 есе қымбат болған.

Осылайша, 2013 жылдың жазында Болат Назарбаев құны шамамен 3,4 миллиард теңге болатын базардың жалғыз иесіне айналды.

2023 жылы Апсапаров рейдерлік ісі бойынша кінәсін мойындады. Сот оны мүлкін тәркілеусіз үш жылға шартты түрде соттады. Осыдан кейін Хусайынов өз үлесін қайтаруды және шығынды өтеуді талап ете бастады. Ол экономикалық тергеу органдарына жүгініп, кейін Болат Назарбаевқа, Kurylys LTD компаниясына және соған қатысты құрылымдарға қарсы бірқатар талап арыз түсірді.

Талап арыздарының бірінде Хусайынов базар жылына 12–15 миллиард теңге табыс табатынын мәлімдеді. Оның есебінше, он жыл ішінде ол 50 миллиард теңгеге жуық ықтимал пайдадан айырылған. Бірақ ол кезде де сот оның талаптарын толықтай қанағаттандырудан бас тартты. Шешімде ұсынылған дәлелдердің қойылған талаптарды растамайтыны, ал кейбір шағымдар бойынша талап қою мерзімінің өтіп кеткені көрсетілді.

Енді бұл жанжал Нұрбол Назарбаевпен арадағы дау арқылы жалғасын тапты. Болат Назарбаевтың көзі тірісінде де, қайтыс болғаннан кейін де активтердің бір бөлігі Нұрболға өткені белгілі. Алайда бұл жолы да "Алтын Орданың" бұрынғы иесінің жолы болмады.

Назарбаевтың қанша қарызы бар?

Нұрбол Назарбаевтың атқарушылық іс жүргізу бойынша кем дегенде екі қарызы бар. Біріншісі - 61 854 480 596 теңге, оның 55 миллиардын ол мемлекет пайдасына - арнайы қорға аударуы тиіс.

Маңызды анықтама: Арнайы мемлекеттік қор негізінен мемлекетке заңсыз жолмен алынған ретінде қайтарылған активтер есебінен толықтырылады. Ондағы ақшаны активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органдар, соттар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар - заңсыз иемденілген мүлікті қайтару туралы шешімдерді орындау кезінде аударады.

Назарбаевтың екінші қарызы - 1,6 миллиард теңге көлеміндегі мемлекеттік баж, оны да ол мемлекет пайдасына төлеуі керек.

Оның жалпы қарызы 63,7 миллиард теңге болады.

Банкрот деп танылу әрекеттері?

Нұрбол Назарбаевтың өзін банкрот деп тануға тырысқан алғашқы әрекеттері 2025 жылдың күзінде басталды. Былтыр қыркүйекте сот өтінішті қабылдағанымен, кейінірек оны қараусыз қалдырды.

"2025 жылғы 19 қарашадағы ұйғарыммен Назарбаев Нұрбол Болатұлының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтініші қараусыз қалдырылды", - деп хабарлады Tengrinews.kz редакцияның ресми сауалына соттан келген жауапта.

Осылайша, Назарбаевтың банкроттық пен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін ресми түрде бастауға бағытталған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды. Осыдан кейін ол сот шешіміне шағымданбақ болды, бірақ тағы да бас тартылды.

Қазіргі уақытта Назарбаев өзін банкрот деп танып, қарыздарын реттеуге үшінші рет әрекет жасап жатыр.

Нұрбол Назарбаев туралы не белгілі?

Нұрбол Назарбаев - Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені және Болат Назарбаевтың ұлы. 2017 жылға дейін құқық қорғау органдарында қызмет етіп, Алматы облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды. Кейін кәсіпкерлікпен айналысып, елдегі ең бай бизнесмендердің тізіміне енді.

"Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені" рейтингінде ол мынадай орындарға ие болды:

2024 жылы - 49-орын; 2025 жылдың мамырында - 57-орын.

Мамырда оның дәулеті шамамен 179 миллион долларға (сол кездегі бағам бойынша 91 миллиард теңгеден аса) бағаланды. Ол "Prime Capital Invest" ЖШС мен "Prime Capital Holding" ЖШС меншік иесі, сондай-ақ "PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы" ЖШС-нің қосалқы иесі ретінде тіркелген.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:243
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 15:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары