Ол үшін ең қиын қарсылас менмін : Шавкат Рахмонов Махачевпен жекпе жек туралы айтты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы чемпион Ислам Махачевпен ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
ALF Global арнасына берген сұхбатында Рахмонов Махачев үшін дивизиондағы ең қиын қарсылас болатынына сенімді екенін айтты.
– Ислам өзіне ыңғайлы қарсылас іздеп жүрген болуы мүмкін. Ал мен — ол үшін дивизиондағы ең ыңғайсыз әрі қиын қарсыласпын. Жеңіліссіз келе жатқаным жайдан-жай емес. Мұндай мүмкіндікті жібермеймін, — деді Шавкат.
Оның айтуынша, ықтимал кездесуде Махачев жекпе-жекті партерге ауыстырып, күресте басымдық танытуға тырысуы мүмкін. Алайда қазақстандық файтер мұндай сценарийге дайын екенін жеткізді.
– Біздің жекпе-жек өте бәсекелі өтеді. Ислам әдеттегідей мені партерге аударып, күресуге тырысады. Бірақ мен оның тейкдаундарына да, ұсынатын өзге әрекеттеріне де дайын боламын. Мен тұрыста, партерде және клинчте төбелесе аламын. Сондықтан Махачев үшін өте қауіпті қарсыласпын. Ислам мұны өзі де түсінеді деп ойлаймын, — деді Рахмонов.
Шавкат Рахмоновтың еншісінде 19 жеңіс бар және ол кәсіпқой мансабында әлі жеңіліп көрмеген. Қазір спортшы жарақаттан кейін оңалту кезеңінен өтіп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 19:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















