Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өмірдің өрнекті өнегесі

Өмірдің өрнекті өнегесі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Тілші бала

Мерейлі жасын атап өткелі отырған әріп­тесіміз тұңғыш рет «Бұлақ» ауылындағы мектеп-интернаттың 6-сыныбында оқып жүргенде бұрынғы облыстық «Ленин туы» газетіне мақала жа­зады: өзі дүниеге келген «Ақ­тас» ауылында (Солтүстік Қа­зақ­­стан облысы, Есіл ауданы) «са­қал­ды құрылыс» атанған моншаны сын садағына іліктіреді. Аупарт­комның бюросы жедел шешім шығарып, көп ұзамай халыққа қажетті әлеуметтік нысан іске қосылады. Сол сәттен оны жұрт «Тілші бала» деп атайды. Ал облыстық газет редакциясы аяқкиім сатып алуына жарайтын қаламақы жібереді. Бәрінен бұрын талапты жастың мәз боп қуанғанын айтсаңызшы!

Міне, осылайша халыққа қыз­мет етуді 13 жасында бастаған Өмір әлі күнге дейін қасиетті қа­ла­мын қолынан тастамай, өз елінің мұң-мұқтажы мен қиын­­дықтарын, бастан кешкен тау­қы­метін билік өкілдеріне жеткізіп, азаматтық-журналистік парызын қалтқысыз орындап келеді.

Әріптес ағамның өмір жолын зерттегенімде, оның бойы­нан кез келген қаламгерден табыла бермейтін таңғаларлық табиғи мінез-құлықты байқадым. Оқырмандар Өмір Есқалидың образын толығырақ тануы үшін адами портретін қара сөзбен сомдауға тырыстым. 

Халық қызметкері

Ол компартияның «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» болып, түкірігі жерге түспей, әмірі жүріп тұрған кезеңде (1980 жыл) республикамыздағы журналистика факультеті бар жалғыз оқу орны – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекет­тік университетін қызыл диплом­мен тәмамдады. Әдетте мұндай үздіктер аспирантураға қабыл­данатын, әрі қарай не ғылымға, не жоғарғы лауазымды қызметке тағайындалатын.

Біздің кейіпкеріміз, кері­сінше, Алматы облысына қарас­ты Балқаш аудандық «Бал­­қаш еңбеккері» газетіне жұ­мыс­­қа орналасып, қызмет баспал­дақ­тарынан сүрінбей өтіп, Жоғары партия мектебінің екі жылдық курсына қабылданды. Міне, осынау екінің бірінің қолы жете бермейтін биік мінберге апарар жолмен жүргенде Өмір не обкомда, не Орталық комитетте шал­қайып отырар ма еді? Жо-жоқ! Әріптес досымыз биліктің тұтқасынан ұстамады. Туған жеріне қарай асыға адымдады. Онда да обкомға жоламады. Облыстық газетке (ол кезде «Ленин туы», кейіннен «Солтүстік Қазақстан», «Soltustik Qazaqstan» газеті) өз мамандығы бойынша қызметке орналасты. 

Ұлт жанашыры

Зер сала қарасақ, Өмірдің пар­­тия мектебінен кейін туған же­­ріне оралуының да өзіндік сыры бар екен. Себебі сол бір кезең­де Қызылжар өңірінде Суп­рунюк, Ачкасов тәрізді шовинис­тер құрған топтар республикамызда қазақ тілінің мемлекеттік мәр­тебеге ие болуына қарсы шы­ғып, жанталаса күресіп жатқан болатын.

Жағдайдың тым күрделі, қауіпті екендігін сезінген Өмір бауырымыз облыстық газетте қызмет ете жүріп, ұлтын сүйетін қазақ азаматтарының демеушілігі арқасында «Қызылжар» деп аталатын тәуелсіз газетті жарыққа шығарды. Бұл ақылды шешім еді. Өйткені мемлекеттік басылым бетінде шовинистерге тойтарыс беру мүмкін емес-ті.

«Қызылжар» 5000-ға жуық данамен таратылды. Түрлі-түсті бояумен шыққан оны жұрт іздеп жүріп оқитын. Мәскеуде тұратын жазушы Сергей Баймұхамедов, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Қосыл Омаров, жур­налист Мәлік Мұқанов, ғалым­дар Қабдөш Қалиев пен Васи­лий Черников, т.б. қазақ тілін қыз­ғыштай қорғаған орыс тілін­де­гі өткір мақалаларын қызылжар­лықтар әлі күнге ұмытқан жоқ.

Әлбетте журналист-редактор Өмір Шалабайұлы да қолынан қаламынан тастаған жоқ. Екі тілдегі шыншыл мақалаларымен халқының көңілін серпілтіп, ұйымдастырушылық талантымен таныла білді.

1994 жылы Қызылжар өңірін­де ұлттық-рухани шайқас бас­талды. Шекаралас Ресей облыста­рында құрылған казактардың ата­мандары Петропавлға жиналып, теріс пиғылдарын жүзеге асырмақшы болды. Өмір мен оның тілеулестері студенттер­мен бірігіп, мейрамханада ше­телдік казак атамандарын қар­сы алған жергілікті ата­ман Вик­тор Ачкасовтың әскери гим­нас­теркасындағы пого­нын жұ­лып, аяққа таптап, «Қонақ­тарым­­ның алдында масқара болам, қай­та­рып беріңдерші» деп жалын­ды­рып, зар жылатты. Мейрамхана­ға жиналған ұлтын сүйген қазақ азаматтары «Атамекен» әнін хормен шырқады.

Республикалық «Азат» қозға­лысының жетекшісі Сәбетқазы Ақатай ағамыз төтенше оқи­ға­ны ести салысымен Жамбыл облысынан 70-ке тарта азаттық­тар­ды ертіп, Петропавлға жетіп, казак атамандарын қазақ жерінен қуып шықты. 

Қоғамшыл азамат

Алматыдағы жазушы Шона Смаханұлы ағасы сияқты Өмір де қаладағы әр үйдің есігін қағып, балаларын ана тілінде оқытуға алғаш үгіттеген азамат. Ол қала мен облыс басшыларының алдына қазақ тілінде балабақшалар мен мектептер ашылу керектігін баспасөз арқылы мәселе етіп қойып, нәтижесінде Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі мен Сафуан Шәймерденов атын­дағы классикалық гимназияларға қазақ тілінде оқығысы келетін жет­кіншектер сыймай қалды. Өмір, сондай-ақ, орыс мектептері жанынан 18 қазақ сыныбын ашуға да өз үлесін қосты.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде зардап шеккен жерлестерін іздестіру үшін Өмір арнайы қор ұйымдастырды. Нәтижесінде, аяусыз тепкіленген, оқудан шығарылған, қуғынға ұшыраған, ауыр жарақат алған, әр­түрлі мерзімге сотталған 30-дан астам қызылжарлық азамат анық­талды. Үстерінен іс қоз­ғал­ған, жазасын өтеп жатқан А.Мұ­­зафаров, Б.Иманғожаев, Е.Мә­лі­беков, Қ.Күзембаевтарды Пе­т­ропавл түрмесінен босатып алу үшін талай басшының есі­гін тоздырды. Мәселен, тоғыз жыл теперіш көрген әскери қыз­меткер Боташ Қажымовқа пәтер әперді, Желтоқсанда ауыр жара­қат алып, оқудан қуылған Қай­рат Оспанов жұмысқа орналас­тырылды. Желтоқсан құрбаны Нұр­жан Қалиасқаров атында қор құры­лып, 30 жылдан бері елін сүй­ген азамат атындағы жүлде үшін во­лейболдан жарыс өткізіліп келеді. 

Құрметке лайық қаламгер

Бір таңғалғаным: елі үшін, жері үшін тынбай еңбек еткен журналисті облыс басшыларының марапатқа ұсынбай келгендігі. Мұнда бір гәп бар ғой. Қандай? Менің ойымды оқып қойғандай, бір топ белгілі кісілер Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке республикаға есімі танымал, талантты журналист Өмір Есқалидың 70 жылдық мерейтойына байланысты Ашық хат жолдапты. Олар мерей иесіне мемлекеттік марапатқа қоса «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беруге дәнекер болуды сұрапты.

Бұл ұсынысты қолдаймын. Оған қосарым: Өмір Есқали еліміздің бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінде 16 жылдан астам еңбек етіпті. Екінші қызмет орны – Солтүстік Қазақстан облыстық «Soltustik Qazaqstan» газеті. Бұл нені білдіреді?

Өмір Шалабайұлының Отан алдындағы еңбегі адал, мем­ле­кетіміздің дамуына, тәуел­сіз­ді­гіміздің нығаюына, ұлт­тық құн­дылықтарымыздың сақ­та­луына, мәдениетіміздің өркен­деуіне, т.б. өз тарапынан қосқан үлесі қомақты деген сөз.

Еліміздегі облыстық газеттер арасында «Soltustik Qazaqstan» газетінің мәртебесі биік. Олай дейтініміз, көптеген облыстық газеттер 1-3 мыңдық дана таралыммен шығып жатса, бұл басылым кейінгі жылдары 10 000-ға таяу дана таралыммен халыққа қызмет көрсетіп отыр. Салыстырмалы түрде айта­йын, облыс халқының 28 па­йызы жергілікті ұлт өкілдері (оның жартысы ана тілін
білмейтіндер).

Міне, осындай толағай табысты тасқындату жолында облыстық газеттің қоғамдық-саяси бөлімі меңгерушісі Өмір Есқали ерен еңбектің үлгісін танытып жүр.

Айтбай СӘУЛЕБЕК,

Президент сыйлығының лауреаты

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Маусым 2026 09:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары