Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өскеменде 350 ден астам лифтті ауыстыру қажет

Өскеменде 350 ден астам лифтті ауыстыру қажет

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Өскеменде келер жылдан бастап лифтілерді қайтарымды қаржыландыру есебінен кезең-кезеңімен жаңарту жоспары қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта осы мемлекеттік бағдарламаны іске қосу үшін қажетті құжаттар дайындалып, салалық министрліктің қарауына жолданған. 

Құжат мақұлданса, тұрғын үйлердегі ескі жеделсатыларды жаңасына ауыстыру тетігі іске қосылмақ. Ресми дерекке сай, Өскемен қаласында 700-ден аса лифт бар, соның шамамен тең жартысының пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Көбісі техникалық және қауіпсіздік талаптарына сай келмесе де, әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр.

Өскеменнің лифт шаруашылығы шатқаяқтап тұр. Осыдан 10 жыл бұрын мемлекет қаржысы есебінен жөндеу жұмыстары басталған еді. Алайда бұл жоба заңсыз деп танылып, орта жолдан тоқтап қалды. «Содан бері шаһардағы ескі көтергіштер мәселесі ұмыт болды», - дейді тұрғындар.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Лифттің жөнделуін асыға күтіп жүргендердің бірі осы 12 қабатты үй тұрғындары. Мұндағы көтергіштердің жұмыс істеп тұрғанына 30-40 жыл болып қалған. Сервистік қызмет көрсету мамандары әдетте лифттарды үш жылда бір толық тексерістен өткізіп келсе, қазір әбден тозығы жетіп тұрғандықтан жыл сайын өткізетін болған.

Галина Ефимова бұл үйдегі лифтке жанын шүберекке түйіп кіреді. Бағзы заманнан келе жатқан құрылғының батырмасынан да түк қалмаған.

Шайқап, жұлқып діттеген қабатқа әрең жеткізетін лифт жағдайы мұндағы жұртты әбден алаңдатты.

Галина Ефимова, қала тұрғыны:

- Бізді осы мәселе қажытып жіберді. Бұған дейін әйтеуір жөндеп келдік, енді аз уақыттан соң жөндеуге де жарамай қала ма деп қорқамыз. Өйткені қосалқы бөлшектер жоқ. Оны шығаратын зауыт баяғыда жабылған. Сонда ары қарай не болатынын білмейміз. Сондықтан мемлекетік бағдарламадан үміттеніп отырмыз.

Жеделсатыларды жамап-жасқап жүрген компания өкілдері де бұл жағдайдан хабардар. Алайда шарасыз. Олардың айтуынша, саланы ретке келтіру үшін мемлекеттік бағдарламаға сүйенбеске болмайды. Әрі бұндай тәжірибе талай жерде сәтті жүзеге асып жатыр.

Асхат Нұрышев, лифтке қызмет көрсету компаниясының директоры:

- Бізде коммуналдық меншіктегі лифттер бар.Оларды бюджеттен тікелей қаржыландыруға болар еді. Еліміздегі бірнеше қала басшылығы солай істеп отыр. Ал Белорусия, Әзербайжан, Ресей сияқты елдерде мүлдем ескірген көтергіштер мемлекеттік қазына есебінен ауыстырылады.

Әкімдік өкілдері: «Лифттерді «қайтарымды қаржы есебінен» жөндеу бойынша бағдарламаны әзірлеп, тиісті құжаттарды салалық министрлікке жібердік», -дейді. Осыған дейін мұндай шешімді қабылдауға лифт шаруашылғымен айналысатын арнайы маманданған ұйымның жоқтығы қолбайлау болыпты. Егер жіберілген жаңа құжат қолдау тапса өскемендіктер алдағы жылы 5-7 жыл көлемінде тиімді бөліп-төлеу әдісімен жеделсатыларды жаңарта алады. Тек қаражат қарастырылса болғаны.

Әли Дидахметов, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мемлекеттік инспекторы:

- Біз ол программаны беріп қойдық, қазір қарастырылуда. Қарастырылған жағдайда үкіметтен, мемлекет тарапынан бюджетен қаражат болса, 2026 жылы бастаймыз ба деген үміт бар. 

Айта кетсек, жаңа жеделсаты арзан тұрмайды. Бүгінгі бағамен алғанда біреуінің құны 13-20 миллион теңге. Ал қалада 350- ден астам лифт толық ауыстырылуы қажет.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Желтоқсан 2025 03:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары