Өскеменде ер адам әйелдің мойнындағы алқасын жұлып алды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Өскеменде әйелдің мойнындағы алтын алқасын жұлып алып кеткен 37 жастағы ер адам "ізін суытпай" ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, дүкендердің бірінің маңында белгісіз ер адам оның мойнындағы алтын алқасын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Әйел оқиға орнында қалып, полиция қызметкерлерін күткен.
"Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні іздеуге дереу кірісті. Бейнебақылау камералары арқылы оның қозғалыс бағыты анықталды. Көп ұзамай полицейлер күдіктіні оқиға орнына жақын орналасқан аулалардың бірінен байқаған. Жедел әрекеттің арқасында 37 жастағы ер адам "ізін суытпай" ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:70
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қыркүйек 2026 16:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















