Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Өзгелердің құпиясы үшін 25 миллиард доллар: Meta АҚШ тағы сотта жеңіліп қалды

Өзгелердің құпиясы үшін 25 миллиард доллар: Meta АҚШ тағы сотта жеңіліп қалды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АҚШ-тың Нью-Мексико штатының соты Facebook және Instagram әлеуметтік желілері мен WhatsApp мессенджеріне иелік ететін Meta технологиялық компаниясын 25 миллиард доллар төлеуге міндеттеді. Алқабилер компанияны пайдаланушылардың жеке деректерінің құпиялылығына қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBS News сайтына сілтеме жасап.

Meta-ға қандай айып тағылды?

Қыркүйек айында алқабилер Facebook-тің пайдаланушы деректерін қорғау туралы мәлімдемелері жалған немесе жаңылыстыратын сипатта болғанын анықтады. Атап айтқанда, компания пайдаланушылар өз ақпаратының таралуын бақылай алады деп сендірген, сондай-ақ жеке деректерді жарнама берушілерге сатпайтынын және бермейтінін мәлімдеген.

Судья Фрэнсис Мэтью жаңылыстыратын мәлімдемелерді компанияның жоғары басшылығы, соның ішінде Meta негізін қалаушы Марк Цукерберг пен бұрынғы операциялық директор Шерил Сэндберг жасағанын атап өтті.

Бұл сот ісі британдық Cambridge Analytica саяси консалтингтік компаниясына қатысты даумен байланысты. Аталған компания үшінші тараптың психологиялық тесті арқылы жиналған шамамен 87 миллион Facebook профилінің деректерін иеленіп, оларды нысаналы (таргеттелген) саяси жарнама жасау үшін пайдаланған.

Нью-Мексиконың бас прокуроры Рауль Торрес бұл істің тек бір компанияға немесе бір дауға емес, корпорациялардың пайдаланушылардың жеке деректерімен жұмыс істеудегі жауапкершілігіне қатысты екенін баса айтты.

Meta-ның реакциясы қандай болды?

Meta-ның бас заң кеңесшісі Си Джей Махони компания апелляциялық тәртіппен шешімнің күшін жоюға ниетті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, штат билігінің мұндай ұстанымы Нью-Мексикода бизнес жүргізуге айтарлықтай кедергі келтіреді. Meta бұл талап арыз іс жүзінде интернеттегі сөз бостандығын шектеуге бағытталған деп есептейді.

Компания өкілдері өндіріп алынатын сомма 3,4 миллиард доллардан аспауы тиіс деп табандылық танытты. Айта кетейік, штат билігі бастапқыда 35-тен 40 миллиард долларға дейін өндіріп алуды талап еткен болатын.

Қаражат қайда жұмсалады?

Нью-Мексико Конституциясына сәйкес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін өндірілген айыппұлдар білім беру саласын қаржыландыруға бағытталады.

Нью-Мексиконың бас прокуроры Рауль Торрес бұл қаражаттың алдағы 100 жылға мектептер салуға жететінін айтты. Дегенмен, Meta шешімге шағым түсіреді деп күтіледі, сондықтан штаттың ақшаны алу процесі созылып кетуі мүмкін.

Еске сала кетейік, 2019 жылы АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясы Cambridge Analytica дауына байланысты Facebook-ке 5 миллиард доллар айыппұл салған болатын. Ол кезде мәселе пайдаланушылардың деректерін олардың келісімінсіз жинау туралы болды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары