Паромдар Ақтау мен Бакуді қайта байланыстыруы мүмкін толығырақ
Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы жолаушылар тасымалын қайта бастауды жоспарлап отыр. Қазақстан тарапы пандемияға байланысты 2020 жылы тоқтап қалған Құрық порты - Баку порты - Құрық порты бағыты бойынша паром қатынасын қалпына келтіруді ұсынды, деп хабарлайды Tengri Travel.
Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел мәлімдеді. Оның айтуынша, Әзербайжан тарапы бұл бастаманы қолдаған, ал екі елдің көлік ведомстволары жолаушылар тасымалын мүмкіндігінше тезірек жандандыру бағытында жұмысқа кірісіп кетті.
Не белгілі?Каспий арқылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жолаушылар тасымалы 2020 жылға дейін жүзеге асырылып келді. COVID-19 пандемиясы басталған соң қатынас тоқтатылған болатын.
Әлім Байелдің айтуынша, тасымал тоқтатылғанға дейін бұл бағытты жылына шамамен 1500 жолаушы пайдаланған.
Сонымен қатар паром елдер арасындағы қазіргі әуе қатынасын алмастырмайды, тек сапардың жаңа нұсқасы ретінде оны толықтыра түспек. Қазіргі уақытта Баку мен Қазақстанның бірнеше қаласы - Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау арасында 37 әуе рейсі орындалады.
Тасымал қашан басталады?Жолаушылар рейсінің іске қосылатын нақты күні әзірге белгісіз. Қазақстан мен Әзербайжанның көлік ведомстволары тасымалды тезірек қалпына келтіру бойынша бірлескен жұмысқа кіріскені ғана белгілі.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қыркүйек 2026 12:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















