Павлодарда кәріз құдығына түсіп уланғандардың несиесін өтеуге көмек көрсетіледі
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Павлодар облысында кәріз құдығындағы газдан уланған алты адамның несиесін өтеуге көмек көрсетіледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы Асайын Байханов жазатайым оқиға орын алып, салдарынан алты қызметкер қаза болған "Aqtogai Milk" ЖШС-не барды. Облыс әкімі қаза болған азаматтардың отбасыларымен кездесіп, жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты және оларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
"Қаза болған жандардың отбасыларына мемлекет тарапынан да және жұмыс беруші тарапынан да кешенді қолдау көрсетіледі. Оларға арнайы материалдық көмек беріледі, жыл соңына дейінгі жалақысы төленеді және несиелерін өтеуге жәрдем көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ компания кәмелетке толмаған балаларының 18 жасқа дейінгі күтімі мен білім алуына байланысты барлық шығынды өз мойнына алады.
Асайын Байханов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментіне, Полиция департаментіне және прокуратураға аталған оқиғаны тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Еске салайық, Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында кәріз құдығындағы газдан уланып қалған алты жұмысшы көз жұмды. Оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның көз жұмғанын медицина қызметкерлері анықтады. Тағы бір 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:20
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 17:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















