Павлодарда жалған медициналық қызметтер үшін 100 млн теңге өтелді
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Павлодар қаласының прокуратурасы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ бюджет қаражаты мен активтерінің жұмсалуына жүргізген тексеріс барысында жалған қызмет көрсету фактілерін әшкереледі.
Тексеру барысында:
Невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа мамандардың қабылдаулары қайтыс болған адамдарға рәсімделген; Акушер-гинеколог дәрігердің консультациялары ер адамдарға көрсетілген болып жазылған; Емдеу қызметтерін қайталау арқылы қосарланған төлемдер жасалған; Сертификаттары мен рұқсат құжаттары жоқ тұлғалардың халыққа медициналық көмек көрсеткені анықталған.Қадағалау актілері бойынша заң бұзушылықтарды жою, рұқсат құжаттарын алу және кінәлілерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде. Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 млн теңгеден астам залалдың өтелуі қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда сот қарауында медицина саласында заңсыз кәсіпкерлік қызмет арқылы 62 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқыру және 41 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтіру фактілері бойынша екі қылмыстық іс бар.
Бүгін, 15:05
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:70
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 16:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















