Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Павлодарда жылу маусымы мен энергетикалық нысандардың жағдайы тексерілді

Павлодарда жылу маусымы мен энергетикалық нысандардың жағдайы тексерілді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Роман Скляр Екібастұз қаласындағы жылу беру маусымының өту барысымен танысты. Облыс әкімі Асайын Байханов жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жылу беру маусымы қалыпты режимде өтіп жатқанын баяндады. 2023-2025 жылдары жалпы сомасы 11,3 млрд теңгеге ЖМ-2 және ЖМ-7 жылу магистральдары қайта жаңартылды, оның ішінде 6,7 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша 13,5 шақырым желі жөнделіп, 341 ақау жойылды. Жергілікті бюджеттен қосымша 1,7 млрд теңге бөлініп, 19 шақырым желі жөнделді.

Фото: Үкімет

Сондай-ақ бірінші вице-премьер Екібастұз ЖЭО жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. «Energy Solution Center» ЖШС бас директоры Айдарбек Қыстаубаев негізгі жабдықтарды жөндеудің кешенді бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

2023-2025 жылдары мұнда № 5-9 энергетикалық қазандықтар мен № 11-15 су жылыту қазандықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал № 6-8 қазандық агрегаттарында негізгі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жабдықтарды жаңартумен қатар атқарылды. Бұл жұмыстар Үкімет резерві мен облыс әкімдігінің қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Фото: Үкімет

2026-2027 жылдары әкімшілік-тұрмыстық кешен салу, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күл үйінділерін қайта жаңғырту және салу, сондай-ақ генерациялау қуаттарын ұлғайту жоспарланған.

Цифрландыру мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2025 жылы станцияда қызметкерлер үшін «ақылды каскалар» енгізілді, ал 2026 жылы еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейту мақсатында бейнежетондарды енгізу жоспарланып отыр. Роман Скляр цифрлық шешімдерді өндірістік бақылау жүйесіне біріктіріп, оларды тәжірибеде қолдануды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Railways Systems KZ» холдингінің өндіріс орнында болып, жалпы инвестиция көлемі 500 млрд теңгеге жуық ($976 млн), жылына 1 млн тоннаға дейін жоғары сапалы болат өндіретін заманауи электрометаллургиялық зауыттың құрылысымен танысты. Зауытты іске қосу 2028 жылға жоспарланған және 1000 астам жаңа жұмыс орны ашылады. Өнім ішкі нарықпен қатар экспортқа да бағытталады: өнімнің 40%-ға жуығы ТМД елдері мен Еуроодаққа жіберіледі.

Фото: Үкімет

Павлодар ЖЭО-2 орталығында облыс әкімі Асайын Байханов 2025-2026 жылғы жылу беру маусымының барысы туралы баяндады. Облыс орталығын сапалы жылумен қамтамасыз мақсатында ұзындығы 5,9 шақырым болатын ЖМ-20А жылу магистралі салынды, жылу желілерінде гидравликалық сынақтар жүргізіліп, жалпы ұзындығы 7,2 шақырым болатын 343 ақау жойылды. 2026 жылы жалпы құны 4,8 млрд теңгеге 21 шақырым кварталішілік желілерді қайта жаңғырту және 8,1 шақырым магистральдық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

«Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Олег Щемель 2025 жылы ЖЭО-2 орталығында негізгі жабдықтарға жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы есеп берді. 2026-2027 жылдары станцияда жалпы құны 17,2 млрд теңгеге қазандықтар мен турбоагрегаттарға күрделі жөндеу, күл тазалау жүйелері мен жарықтандырғышты қайта жаңғырту, заманауи цифрлық шешімдер мен IT-жүйелерді енгізу жоспарланған. Жалпы құны 18,6 млрд теңгеге осындай жұмыстар ЖЭО-3 орталығында да жүргізу қарастырылған.

Фото: Үкімет

Роман Скляр жөндеу науқаны мен инвестициялық бағдарламалардың сапалы орындалуын, мерзімдердің сақталуын, технологиялық және экологиялық көрсеткіштердің орындалуын қатаң бақылауды, сондай-ақ жылу беру маусымының сенімді өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Жұмыс сапары барысында бірінші вице-премьер «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС де барды. ПМХЗ ауыр газойльдерді өңдеу және ашық мұнай өнімдерінің шығымын арттыруға бағытталған SENIM-D жобасын қоса алғанда, ауқымды жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда. Сондай-ақ кәсіпорында жасанды интеллект шешімдерін қолдана отырып, автоматтандыру және цифрландыру жүйелерін енгізу бойынша мастер-жоспар әзірленген. Зауыт басшылығына өндірістің тиімділігі мен технологиялық жарақтандырылуын арттыру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Фото: Үкімет

Жұмыс сапарының соңында Роман Скляр Павлодар қаласындағы 2025 жылғы 1 қыркүйекте «Болашақ мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған № 48 жалпы білім беретін мектептің қызметімен танысты. Мектеп 1200 оқушыға арналған және заманауи цифрлық әрі инклюзивті инфрақұрылыммен жабдықталған. Бірінші вице-премьер балалардың жан-жақты дамуы үшін тең және қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Фото: Үкімет

Жұмыс сапары Павлодар облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған энергетика, өнеркәсіп және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы негізгі жобалардың іске асырылу барысын кешенді түрде бағалауға мүмкіндік берді.

Бұдан бұрын Роман Скляр сингапурлық компания өкілдерімен Павлодар облысында өнеркәсіп паркінің құрылысын талқылағанын жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 23:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары