Пенде болған соң уайымсыз болмаймыз... : Гүлзира Айдарбекова жан сырын ақтарды
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына жан сырын ақтарды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында денсаулығы туралы айтты. Продюсер ота жасатуға жолға шыққанын жеткізді. Сонымен қатар көпшіліктен өзіне дұға жасауды өтінді.
«Пенде болған соң уайымсыз болмаймыз ғой. Бұйыртса өтімді қалдырып, үлкен тастарды алдыртуға жолға шығып жатырмын, ертең ота жасалыну керек. Кеше балаларыммен қыдыруға шығып бара жатып ойлап қоямын, «Мен неге сонша сәнденіп киініп жатырмын, бой түзеп жатқан жоқпын ба? Операция кезінде наркоздан оянбай қалмаймын ба? Әр затыма қызығушылықпен, қимастықпен қарап кеттім ба, неге миымды қорқынышты жаман ойлар торлап алды?» деп өзімнен өзім көңілім әр нәрсеге босаумен жүрдім. Көпшілік дұғасын Алла еш қалдырмайды ғой. Сіздер де сәттілік тілеп кетіңіздерші, менің өмірімнің бір бөлшегі, бар сырымды ақтарар оқырмандарым!» — деді Гүлзира Айдарбекова.
Желі қолданушылары продюсерге ота сәтті өтуін тілеп, қолдау білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 02:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















