Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Ауқымды фестиваль өтеді

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Петропавлда ХІХ ғасырда 9 мешіт жұмыс істеген

Петропавлда ХІХ ғасырда 9 мешіт жұмыс істеген

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында Петропавлда тоғыз мешіт жұмыс істеп, аймақтағы ағартушылықтың маңызды орталығына айналды.

Уақыт көшінде талай мешіт жойылғанымен, бүгінге жеткендері де бар.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

— Бір уақытта тоғыз мешіт болуы бір қарағанда көп секілді көрінуі мүмкін. Көбі біздің заманға дейін сақталмаған негізі. Өйткені ағаштан салынғандары өртеніп кеткен. Қазіргі уақытта сол уақыттан жеткен үш мешіт бар. Екеуі жұмыс істеп тұр. Ресей империясының қоластында болсақ та, мүфтиятымыз болды. Сол уақытта солтүстік өңірлер Орынбор мүфтилігіне қарады, — дейді облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Оның айтуынша, кейініректе өңірді Орынбор мүфтилігінен бөліп алған. Солтүстік өңірлер сол уақытта мүфтиятсыз қалады.

Осы жердегі дін қайраткерлері, жергілікті атқамінерлер Көкшетау тумасы, бірақ діни ілімді осы Қызылжарда алған Наурызбай Таласұлы — Науан хазіретке барып, Өзбекстанда Көкала таш медіресесінде ұстаз болып жүрген жерінен елге алып келеді.

— Елге келгеннен кейін Науан хазірет қызметіне білек сыбана кірісіп, ең алдымен мешіт санын көбейтуге күш салады. Діни бағытта ғана емес, сол кездегі медреселерде жағрафияны да, орыс тілін де, ән-күйді, кәдімгідей жан-жақты, адамды тұлға ретінде қалыптастыруға керекті тақырыпта білім берген. Халықты сауаттандыру, шоқындырудың алдын алу, бұл тек қалада ғана емес, әр елді мекенде жүргізілді. Әр рудың кішігірім мешіті, медресесі болған, — дейді Хамзат Қажымұратұлы.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстанда алғашқы мешіттер оңтүстікте пайда болған. Қызылжар өңірінде ХVІІІ ғасырда ғана салына бастайды.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архив деректері бойынша 1862 жылы Петропавлда 1185 тұрғын үй, 3 шіркеу, төрт мешіт болған екен.

Ал 1865 жылы қалада 8 мыңға жуық адам тұрса, соның 3269-ы — мұсылман болған.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

— Алғашқы мешіттер жергілікті жерлерде құрылғанын 18 ғасырдың басындағы деректерден көреміз. Ал ресми түрде алғашқы мешіттің салынуына Ресей мемлекеті тікелей араласқан. Әйел патша император ІІ Екатерина 1795 жылы осы қалада мешіт салу үшін 5 мың рубль ақша бөледі. 5 мың рубль ол кезеңде үлкен қаражат болған. Сөйтіп Ойқалада мешіттің құрылысы басталып кетеді. Бірақ ол аяқталмай қалады. Мұнарасына найзағай түседі. Сонымен бірге тізімге енбеген оныншы мешіт те болған екен. «Меновой двор» — айырбас сарайы болған. Соның аумағында да ағаштан мешіт тұрғызылған. Жалпы он мешіт болса, соның алтауы тастан қаланған — «собор мешіті» деп аталады, — дейді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Мәлікова.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Алғашқы мешіт құрылысына көпестер Яушев пен Қасымовтар тікелей атсалысқан. Кей деректерде мемлекет қазынасынан бөлінген қаржы жетпей қалып, қалғанын жергілікті бай Қасымның бергендігі айтылады.

Соның құрметіне мешіт Қасымның есімімен аталып кетеді. Сонымен қатар көпес мешітке бірнеше ғимаратты сыйға беріп, жанынан медресе ашты.

Қазір Ойқаладағы мешіттің тек бір бөлігі ғана сақталып қалған. Ол да жеке кәсіпкердің қолында.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

— Бұл ресми түрде бірінші болғанымен, 1920-сыншы жылғы құжаттарда № 2 мешіт деп аталады. Бірінші мешіт бүгінгі Нан комбинаты ауласында болған. Кейініректе ол бұзылып қалған. Ал № 3 мешіт қазіргі Жамбыл-Конституция көшлерінің қиылысына жақын орналасқан соборлық мешіт. Ол Мағжанның есімімен тікелей байланысты. Бұл мешітте діни жоғары білімі бар Мұхаметжан Бегішов ұстаздық жасаған, имамы болған. Шығыс тілдерін де Мағжанға оқытқан, үйреткен осы кісі, — дейді Сәуле Мәлікова.

«Дін-Мұхаммад» — Петропавлдағы осы күнге дейін жеткен көне мешіттің бірі.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

— Біздің мешіттің тарихы тереңде жатыр. 1854 жылы мешітті сібір татары, көпес Дінмұхаммад Бачурин осындағы татарлардың қолдауымен салады. 1938 жылға дейін мешіт ретінде жұмыс істеген. Көпті көргендер бұл мешіттің 84 метрлік мұнарасы болғанын айтатын. Бұл ғимаратты кезінде түрлі мақсатта пайдаланған екен. Соғыс кезінде госпиталь болған. Кейін спорт қауымдастығы орналасты. Татар-башқұрт қауымы әкімдікке өтініш айтып, 90 жылдардың соңында бізге осы мешітті берді. Құрып кетудің аз-ақ алдында тұрды. Не терезесі, не шатыры, не едені болмады. Көпшілік үлес қосып, мешітті жөнге келтірді. Қазір қолымыздан келгенше сақтап қалуға тырысудамыз. Биыл шатырын жөндеттік. Жаңадан желдеткіш орнаттық, сыныптарды заманауи жөндедік. Жоспарымыз да көп. Тарихи орын болғандықтан келіп-кететін қонақтар көп. Сол себепті айналасын жөнге келтіруге көмектессе деген тілек бар, — дейді «Дін-Мұхаммад» мешіті жанындағы татар-башқұрт мұсылмандар қауымының төрағасы Ибрагим Ахметжанов.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Бүгінге дейін сақталған мешіттің тағы бірі — қазіргі «Нұр» мешіті. Оны көпес Валид және Халид Янгузаровтар 1882 жылы күйдірілген қызыл кірпіштен тұрғызады.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

— Кеңес Үкіметі құрылғаннан кейін мешіттерді әртүрлі сылтаумен жапты. Мұнарасын құлатқан, ал михрабы, залы сол бұрынғы қалпында сақталған. Бұл жерде Пионер үйі болды дейді, кейін спорт зал болған екен. 1991 жылы осы мешіт қайта ашылды. Ғимарат кірпіштен салынған. 200 адам сыяды. Мұнда үлкен зал бар, имамдардың және құран оқитын бөлмелер бар. Мешіттің ауласында асхана жұмыс істейді, — дейді мешіттің наиб имамы Шопан Жолкенұлы.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Петропавлдағы тарихы ерекше ғимараттардың бірі — Киров атындағы зауыттың аумағында тұрған көне мешіт.

Көп жылдар бойы кәсіпорынның қоймасы болған нысан мемлекет меншігіне қайтарылып, бірер жыл бұрын Ислам мәдениеті музейі болып қайта ашылды.

Ғимараттың бастапқы келбетін сақтауға баса мән берілді. 

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

— 1857 жылы жергілікті бай Мұхаметжан Дәулеткелдиевтің бастамасымен, халықтың қаражатымен мешіт бой көтерген. Маңайында өзінің атқорасы, сабақ беретін медресесі болған. Ол жерде ересектер, әйелдер ғана емес, балалар да білім алған. Тәрбиеге көп мән берген. Кей деректерде бір уақытта 600 адамға дейін сәжде жасаған деп айтылады, — дейді Ислам мәдениеті музейінің директоры Мұрат Әміржанов,

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 54 мешіт жұмыс істейді және олардың қатары жаңа мешіттермен толығып келеді.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Бұған дейін XIX ғасырдағы бірегей сәулет ескертіші саналатын Жаркент мешітінің сырына үңілген едік.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 14:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see115

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see115

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see114

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see114

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see109

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see109

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see108

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see106

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see105

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see104

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see104

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

12 Тамыз 2026 18:35see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары