Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Еліміздің аумағына шетелдік радиоактивті қалдықтарды әкелуге, көмуге тікелей тыйым салу керек Еділ Жаңбыршин

Еліміздің аумағына шетелдік радиоактивті қалдықтарды әкелуге, көмуге тікелей тыйым салу керек Еділ Жаңбыршин

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бүгінгі мәжіліс отырысында «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстырып, оған ілеспе заңдар жобаларында радиоактивті қалдықтарды мемлекеттік реттеудің тұтас жүйесін қалыптастыруға және халық пен қоршаған ортаны радиациялық әсерден ұзақ мерзімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Депутаттың айтуынша, бұл заңдар жобасын әзірлеуге бірнеше жүйелі мәселелер негіз болды.

 – Біріншіден, Қазақстанда радиоактивті қалдықтар көлемі жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде иондаушы сәулелену көздері атом энергетикасында, медицинада, ғылымда, мұнай-газ және тау-кен өндірістерінде кеңінен қолданылады. Соның нәтижесінде радиоактивті қалдықтардың әртүрлі түрлері қалыптасуда.

Екіншіден, елімізде «тарихи жинақталған» радиоактивті қалдықтар мен ядролық мұра объектілері мәселесі толық шешілген жоқ. Кеңес кезеңінен қалған кейбір объектілерде қорғаныш жабындарының бұзылуы, эрозия, инженерлік инфрақұрылымның тозуы және бақылаудың жеткіліксіздігі анықталған.

Үшіншіден, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық Агенттіктің 2014–2015 жылдардағы сарапшылық миссиялары Қазақстандағы бірқатар объектілер бойынша ұзақмерзімді мониторинг пен мемлекеттік бақылауды күшейту қажеттігін көрсетті. Халықаралық сарапшылар радиоактивті қалдықтарға қатысты қауіпсіздік жүйесін жүйелі түрде қайта құру қажет екенін атап өтті.

Төртіншіден, радиоактивті қалдықтарға байланысты бірқатар объектілер бойынша нақты жауапты ұйымдар мен теңгерім ұстаушылар толық анықталмаған. Кей объектілер мемлекеттік меншікте болғанымен, оларды әрі қарай бақылау мен қауіпсіз пайдалану тетіктері жеткілікті деңгейде реттелмеген.

Бесіншіден, қолданыстағы заңнамада радиоактивті қалдықтарға қатысты жекелеген нормалар болғанымен, олар әртүрлі заңдарда шашыраңқы орналасқан және бірыңғай құқықтық жүйе қалыптастырмайды. Соның салдарынан есепке алу, сақтау, тасымалдау, көму және ұзақмерзімді бақылау мәселелерінде құқықтық олқылықтар пайда болды.

Осы аталған жүйелі мәселелер радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында жаңа құқықтық және институционалдық тәсілдерді қалыптастыру қажеттігін айқын көрсетті. Сондықтан радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету – тек экологиялық мәселе ғана емес, стратегиялық және ұлттық қауіпсіздік мәселесі,  – дейді Еділ Жаңбыршин.

Депутаттың айтуынша, заң жобасы Парламент депутаттарымен екі жылдан астам уақыт бұрын әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметімен қажетті келісулерден, сондай-ақ заңнамада көзделген барлық сараптамадан өткен.

 – Заң жобасының өзектілігі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 9 қазанда Душанбе қаласында өткен «Орталық Азия – Ресей» екінші саммитінде ядролық-отын циклі және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында Өңірлік құзыреттер кеңесін құру жөніндегі бастамасын жариялауымен одан әрі арта түсуде. Негізгі және ілеспе заң жобаларының мақсаты: қауіпсіздік, жауапкершілік, ашықтық және мемлекеттік бақылау қағидаттарына негізделген радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің кешенді жүйесін құру болып табылады.

Енді «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасында қаралған нормаларға тоқталсақ.

Заң жобасында:

- радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы негізгі ұғымдар, объектілер мен субъектілер айқындалады;

- радиоактивті қалдықтардың түрлері және олардың пайда болу көздері белгіленеді;

- радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму пункттерінің құқықтық мәртебесі бекітіледі;

- мемлекеттік есепке алу мен бақылау тетіктері қалыптастырылады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың өкілеттіктері де нақты ажыратылған.

Атап айтқанда:

- Қазақстан Республикасының Үкіметі радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін салу және жабу туралы шешімдер қабылдайды;

- уәкілетті орган лицензиялау, қадағалау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

- радиоактивті қалдықтарды есепке алу мен бақылаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі енгізіледі.

Заң жобасының негізгі жаңашылдықтарының бірі – радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі Ұлттық оператор институтын құру болып табылады.

Халықаралық тәжірибе бұл модельдің тиімділігін растайды. Ұлттық оператордың болуы радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің бірыңғай, қауіпсіз және экономикалық тұрғыдан тиімді жүйесін қамтамасыз етуге, функциялардың бытыраңқылығын болдырмауға және қауіпсіздіктің бірыңғай стандарттарына кепілдік беруге мүмкіндік береді.

Осындай құрылымдар әлемнің көптеген елдерінде табысты жұмыс істеуде (анықтама ретінде: Австралияда мұндай оператор – ANSTO, Канадада – NWMO, Қытайда – CNNC, Чехияда – CEZ Group, Францияда – ANDRA ұлттық агенттігі, Финляндияда – Fortum/TVO (Posiva) бірлескен компаниясы, Жапонияда – NUMO).

Ұлттық оператордың негізгі функциялары ретінде:

- радиоактивті қалдықтарды жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді ұйымдастыру;

- сақтау және көму пункттерін жобалау, салу және пайдалану;

- қалдықтарды қайта өңдеу және кондициялау;

- радиоактивті қалдықтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

- халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу;

- көму объектілеріне ұзақ мерзімді мониторинг жүргізу көзделеді.

Осылайша, Ұлттық оператор елдің ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі орталық буынға айналып, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және оларды түпкілікті көму бойынша толық әрі кешенді жауапкершілікті өзіне алады.

Заң жобасының тағы бір маңызды нормасы – Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік радиоактивті қалдықтарды әкелуге, орналастыруға және көмуге тікелей тыйым салу болып табылады.

Аталған норма экологиялық егемендікті, ұлттық мүдделер мен мемлекеттің қауіпсіздігін қорғауға бағытталған.

Сондай-ақ заң жобасымен радиоактивті қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, кондициялау, сақтау, тасымалдау және түпкілікті көму процестері, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды жобалау, салу және пайдалану мәселелері реттеледі.

Құрметті әріптестер!

Осы заң жобасын қабылдау:

- саладағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға;

- радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерін ашық әрі орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз етуге;

- қалдықтарды жинақтау тәжірибесінен оларды қайта өңдеу мен қауіпсіз көмуге бағытталған жүйелі саясатқа көшуге;

- халық пен қоршаған ортаны ұзақ мерзімді қорғауды қамтамасыз етуге;

- Қазақстанның ядролық және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарайтын мемлекет ретіндегі халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік береді.

Ілеспе заң жобаларымен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, сондай-ақ «Атом энергиясын пайдалану туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарына және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне өзгерістер енгізу көзделеді.

Атап айтқанда:

- Экологиялық кодекстен радиоактивті қалдықтарды басқаруды реттейтін тарау алынып тасталады, өйткені бұл мәселелер осы заңмен жүйелі түрде реттеледі;

- «Атом энергиясын пайдалану туралы» заңнан көму пункттерін салу және пайдаланудан шығару мәселелері бойынша Үкіметтің құзыретіне қатысты қайталанатын нормалар алынып тасталады;

- «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстен жер қойнауы кеңістігін пайдалану лицензиялары иелерінің жер қойнауы учаскелерін радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму үшін пайдалануына мүмкіндік беретін ережелер алынып тасталады.

Бұл – аталған саланы құқықтық реттеудің тұтастығын, қисындылығын және жүйелілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасын қабылдау халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сәйкес келетін радиоактивті қалдықтарды басқарудың заманауи, қауіпсіз әрі ашық жүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам болатынын атап өткім келеді.

Назарларыңызға рақмет!

Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Мамыр 2026 12:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see121

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see121

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see120

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see119

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see118

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see117

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see113

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see113

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

11 Тамыз 2026 14:27see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see110

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары