Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қазақстанда рөлі оң жақтағы көліктерге тыйым салу керек пе?

Қазақстанда рөлі оң жақтағы көліктерге тыйым салу керек пе?

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстанда рөлі оң жақтағы автокөліктердің қаупі туралы бірнеше жылдан бері айтылып келеді, оларды жолаушылар тасымалы саласында пайдалануға тыйым салу мәселесі де көтеріліп жатыр. Tengri Auto тілшілері Ішкі істер министрлігінің пікірін біліп, бұл тақырыпты сарапшымен талқылады.

Рөлі оң жақтағы көліктерге тыйым салу

2025 жылдың күзінде мәжілісте рөлі оң жақтағы көліктерге толық тыйым салу қажет екені туралы айтыла бастады. Сол жылдың желтоқсанында мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев бұл мәселені қайта көтеріп, Қазақстан тасжолдарында рөлі оң жақтағы автокөліктердің жол апатына ұшырауы күрт көбейгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мәселе әсіресе жолаушылар тасымалында пайдаланылатын Toyota Alphard сияқты минивэндерге қатысты өзекті болып тұр.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап рөлі оң жақтағы көліктерді такси қызметінде пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан, заңсыз тасымалдаушылар жұмысын жалғастырып жатыр. Бейсенбаевтың сөзінше, агрегаторлар тиісті бақылауды қамтамасыз етпейді.

"Біздің жолдарда осы маркалы көлік апаттарынан болған өлім-жітім статистикасы шектен шығып кетті. Өздеріңіз білесіздер, шілдеде екі күнде Жамбыл және Алматы облыстарында екі ірі жол апаты болды", - деді депутат.

Бұл модель расында жол апаты туралы хабарламаларда жиі кездеседі, көбіне алыс сапарға шыққаны айтылады.

30 қыркүйекте Алматы – Бішкек тасжолында болған жантүршігерлік жол апаты 8 адамның өмірін қиды. Қайғылы оқиға автожолдың 107-шақырымында болды.

Кейін, 3 қазанда Toyota Alphard Павлодар маңында жылқыға соғылды. Жануармен соқтығысқаннан кейін көлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Жол апатынан екі адам қаза тапты.

2026 жылғы 6 қаңтарда Алматы – Бішкек автожолының 86-шақырымында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Toyota Alphard жүргізушісі көлікті басқара алмай, көлік аударылған. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы ауруханада қайтыс болды, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Барлық жолаушы Үндістан азаматтары болған.

ІІМ ұстанымы

Ішкі істер министрлігі заңға сәйкес такси тасымалы үшін арнайы басқару жүйесі бар, соның ішінде толық қолмен басқарылатын (мысалы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көліктер), рөлі оң жақта орналасқан, сондай-ақ бүйір есіктері төртеуден аз автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.

Сондықтан заңға қосымша өзгерістер енгізіп, рөлі оң жақта орналасқан көліктері бар такси жүргізушілері үшін өтпелі кезең қарастыру жоспарланып отыр ма деген сұраққа ІІМ былай деп жауап берді:

"Бұл қолданыстағы норма болғандықтан, жүргізушілер мен интернет-платформалар үшін өтпелі кезең қарастырылмайды", - деді ведомство өкілдері.

Рөлі оң жақтағы көліктер неге қауіпті?

Tengri Auto тілшілері бұл шаралардың қаншалықты қажет екенін сарапшы Эдуард Эдоковтан сұрап білді.

Ол 2007 жылға дейін рөлі оң жақтағы автокөліктер Қазақстанда еркін айналымда болып, кейін оларды әкелу мен тіркеуге тыйым салынғанын еске салды.

"Бұл пайдалануға еш әсер еткен жоқ. Сол кезге дейін әкелінген көліктер (шамамен 300 мың) елде қалып, шектеусіз пайдаланылды", - деді сарапшы.

Оның пікірінше, талқылаудың жаңа толқынына Toyota Alphard-тың бірнеше резонансты жол апатында аталуы себеп болды. Бұл микроавтобус жайлы болғанымен, тасжолда жүргенде қосымша қауіп туындауы мүмкін. Себебі көптеген тасжолда бөліп тұратын тосқауыл жоқ, басып озу кезінде рөлі оң жақтағы көлік қарсы жолаққа рөлі сол жақтағы көлікке қарағанда көбірек шығуға мәжбүр болады.

"Өйтпесе жүргізуші алда не болып жатқанын және қарсы жолақтағы жағдайды көрмейді. Бұл тасжолдағы қауіпті факторлардың бірі болуы мүмкін. Кейінгі жылдары шынымен де рөлі оң жақтағы автокөліктер ірі жол апатына ұшыраған оқиғалар болды", - деді ол.

Эдуард Эдоков жолаушыларды коммерциялық тасымалдауда рөлі оң жақтағы көліктерді пайдалануға тыйым салу нарықты реттеу тұрғысынан қисынды көрінетінін айтады.

"Сіздің көлігіңіз — сіздің жауапкершілігіңіз. Егер рөлі оң жақтағы көлікпен жеке мақсатта жүргіңіз келсе, бұл сіздің шешіміңіз. Бірақ жолаушыларды тасымалдағанда тек өз өміріңіз үшін ғана емес, олардың қауіпсіздігі үшін де жауап бересіз", - деді ол.

Сонымен қатар сарапшы кез келген шектеу ашық статистикамен қатар жүруі тиіс екеніне назар аударды.

"Егер мемлекет жол апатының жиілегені туралы деректерге сүйенсе, қоғамға егжей-тегжейлі талдау маңызды, рөлі оң жақтағы көліктердің жол апатына ұшырауы қаншалықты жиі және қандай жағдайларда", - деп қосты ол.

Көлік жүргізу мәдениеті төмен

Сондай-ақ сарапшы адами фактордың, соның ішінде рөлде кім отырғаны, жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетінің деңгейі қаншалықты маңызды деген сұраққа жауап берді.

Эдуард Эдоковтың айтуынша, көлік жүргізу мәдениеті - жолдағы мінез-құлықтың негізі.

"Бұл - заңға, ережеге және басқа адамдарға құрмет мәселесі. Егер адам бастапқыда дұрыс тәрбие алмаса, оқымаса, оның қандай көлік жүргізетіні маңызды емес. Жолдағы мінез-құлық рөлдің орналасуына емес, жауапкершілік деңгейіне байланысты", - деді ол.

Оның сөзінше, Жол жүрісі қағидалары - жүргізушінің өзін қалай ұстауы керектігін нақты айқындайтын заң.

"Егер көлік жүргізу мәдениеті төмен болса, адам ережені елемейді, жылдамдықты асырады, тәуекелге барады. Ал бұл - көптеген проблеманың негізгі себебі. Қалғанының бәрі салдар", - деді сарапшы.

Салдармен жұмыс

Эдуардтың пікірінше, мемлекет бұл жағдайда нарықты реттеу арқылы әрекет етіп отыр, өйткені көлік жүргізу мәдениетін тез арада өзгерту мүмкін емес.

"Әртүрлі бағалау бойынша, елде ондаған мың рөлі оң жақтағы автокөлік бар. Барлық жүргізушінің мінез-құлқын қысқа мерзімде өзгерту мүмкін емес. Сондықтан билік коммерциялық тасымалды реттеу арқылы ықтимал қауіпті азайтуға тырысып жатыр", - деді ол.

Таксистерді не күтіп тұр

Көптеген жүргізуші дәл сол Alphard көліктерін жайлылығы, сыйымдылығы және бағасы төмен болғаны үшін коммерциялық пайдалану мақсатында сатып алғаны анық. Көпшілігі үшін бұл негізгі табыс көзі.

"Alphard - бұл іс жүзінде өндіріс құралы. Адамдар осы көлікпен табыс табады. Кез келген тыйым олардың кірісіне елеулі соққы болуы мүмкін", - деп санайды сарапшы.

Сонымен қатар ол мұндай көліктерге сұраныс төмендеуі мүмкін екенін айтты. Егер бақылау күшейтілсе, рөлі оң жақтағы автокөлікті сату қиынға соқпақ, өйткені оны жеке тасымал үшін сатып алу тоқтайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 13:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see134

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see134

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see132

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see128

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see128

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see126

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see125

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see122

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see121

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see121

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see120

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see119

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see119

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see119

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары