Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

2 4 сәуірге болжам: жаңбыр, найзағай және температураның төмендеуі күтіледі

Ресейде студенттердің 2 пайызы Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруы тиіс

Инфляция баяулай бастады: қияр бір жылда 40,9%, қызанақ 16,5% арзандады

Батырхан Төлеуғали Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Жетісу университетінде AI стартаптары бастау алды

Қазақстанның арнайы қызметтері Эпштейн тізімін зерттеп жатыр

Алматыдағы Абай атындағы ҚАТОБ ты жұмысшылар қоршап алды: әкімдік не болып жатқанын түсіндірді

Моңғолияның 35‑ші премьер министрі сайланды

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

Қазақстан мен ЕЭК агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Жасанды интеллект агросекторды қалай өзгертеді: жаңа сараптамалық дайджест жарық көрді

Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті

Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады

Мүгедектікті рәсімдеу уақыты қысқарады

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады

Индер ауданының әкімі Серік Нысанбаев: Жер кезегінде 7 297 адам тұр

Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Парсы шығанағындағы соғыс аясында Қазақстанда әуе билеттері қымбаттай ма

Талдықорғанда тауық жұмыртқасы қаптамада көрсетілген салмаққа сәйкес болмай шыққан

Қазақстанның солтүстігінде су бөгеттен асып жатыр, тасқынның шыңы әлі алда

Alphard қа тыйым салу қажет пе?

Alphard қа тыйым салу қажет пе?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәселенің бұлай ушығуына аталған көлік түрінің қатысуымен жиі тіркелген жол апаттары себеп. Осыған дейін рөлі оң жақта орналасқан көліктерді қолданыстан алып тастау туралы ұсыныстар жиі айтылғанына қарамастан, ескертуді елемейтіндер көп. 

Қазақстанда 12 мыңнан астам Toyota Alphard көлігі бар

Ішкі істер министрінің дерегінше, 2025 жылдың қазан айына дейінгі ара­лық­та Қазақстанда 12 мыңнан астам Toyota Alphard көлігі бар екені анық­тал­ған. Оның 9 554-нің рөлі сол жақта, 2 447-сінде оң жақта орналасқан. Ми­нистр­ліктің мәлімдеуінше, 2007 жылдан бері қолданылып келе жатқан оң жақты кө­лік құралдарын бастапқы тіркеуге тыйым салса да, мұндай санаттағы көлік­тер 2023 жылғы бірреттік заңдастыру шең­­­­­берінде тіркелген.   

Осыған байланысты таяуда экс-де­путат Елнұр Бейсенбаев Мәжілістің жал­пы отырысында оң жақ рөлді көліктерді ком­мерциялық та, қалааралық тасымал­дау­ға да қолдануға толық тыйым салу қа­жет екенін жеткізген еді. Оның пікірін­ше, агрегаторлар мұндай санаттағы кө­лік­терді бақылауды қамтамасыз ете ал­май отыр. 

Көлікті тексеретін арнайы зертхана жоқ

Алайда белгілі автосарапшы Олжас Оқас Toyota Alphard көлігін қолданыстан то­лық шектеу мәселенің шешімі бола ал­майтынын, тиімдісі тәртіпті бақылау еке­нін айтады. Ол үшін ең әуелі жүргізу­ші­лерге арналған қатаң талаптар негізге алынуға тиіс екен.   

– Тәуелсіз демократиялық мем­ле­кет­те ешкімнің құқығын шектеуге болмайды. Ең бастысы, тәртіп сақтау жеткілікті.  Ме­­­­ніңше, жолаушы тасымалдаумен нә­пақа табатын адамда арнайы лицензия болуы қажет. Әрине, оның көлігі де кә­сібіне толық сай болуы шарт, – деді ол.

Toyota Alphard автокөлігінің тех­ни­ка­лық және конструкциялық ерекше­лік­терін ескерсек, оны қалалық жолаушылар та­сы­малында пайдалану қауіпті деген пікір қаншалықты негізді? Бұл мәселеге кел­генде сарапшы елімізде қауіпсіздік тұр­ғысынан Toyota Alphard-тың ішкі қаң­қасын бақылаудан өткізетін арнайы зерт­хана жоқ екенін түйреп өтті. 

– Toyota Alphard-тың көбі зауыттан шық­қанда оң рөлді болып, Қазақстанда жол-жөнекей сол рөлді көлікке айналған, яғни машинаның конструкциясына өз­гертулер енгізілді. Мұндай өзгертуді қан­дай маман жасады? Тежегіш пен қауіп­сіз­дік жүйесі аман қалды ма? Airbag ор­нында ма? Белгісіз. Өйткені мұны тек­се­ре­тін зертхана жоқ. Осындай «фран­кенш­тейн» көлікке қорықпай мініп, алаң­сыз мыңдаған шақырым жүретін біз­дің жолаушылар батыр ғой, – деді О.Оқас.

Автосарапшы Alphard секілді ірі га­баритті минивэндердің жол-көлік оқи­ғаларына жиі ұшырауы көліктің тех­никалық сипаттамаларымен қоса жүр­гізу­шінің жүргізу мәдениетіне тікелей бай­ланысты фактор екенін негізге алды.

– Рөлді ауыстырмай, көлік конструк­ция­сын өзгертпеген жүргізушінің Alphard-ы қауіпті дер едім. Мына кар­ти­на­ны елестетіңіз. Оң жоқ қапталда отыр­ған жүргізуші «КамАЗ»-ды озып өту үшін сол жақтағы жолаушыдан «қарсы жолда ке­дергі бар ма?» деп сұрайды. «Аль­фар­дис­тер» уақытпен жарысып, қатты жүре­ті­нін  бәрі біледі. Ол аздай, бір-бірінен көргенін қайталап, жарық шамына Bi-LED линза орнатады. Қарсы беттегі, ал­дында кетіп бара жатқан көліктерге рентгендей сәуле түсіріп тыныштық қа­шырады, – деді автосарапшы О. Оқас. 

Alphard көлігін «қауіпті» деп санау – негізсіз

Ал «За рулем» журналының бас ре­дак­торы, автосарапшы Алексей Алексеев Toyota Alphard көлігін «қауіпті» деп санау не­гізсіз екенін айтады. Оның пікірінше, әлем­дік нарықта кеңінен танылған жа­пон көлігі қауіпсіздік тұрғысынан дә­лел­ден­ген. Бұл көлік барлық жерде жолаушы та­сымалдау үшін қолданылады және әу бас­та-ақ сол мақсатта өндірілген. Сарап­шы елімізде Alphard-тың қатысуымен бол­ған жол апатының басым бөлігі жүр­гізу­шінің жіберген қателігінен туын­дай­ты­нын алға тартты.  

– Toyota Alphard – кәсіби жолаушылар тасымалына арналған көлік. Ол ыңғайлы, сенімді және жанармай шығыны да ор­таша. Сол себепті жүргізушілер дәл осы кө­лік түрін жиі таңдайды. Alphard-тың қа­тысуымен болған жол апаттарына бас­ты себепші фактор – жүргізушілердің әре­кеті деп ойлаймын. Олар көбіне қарсы жо­лаққа шығу кезінде қателеседі, жыл­дамдықты немесе қашықтықты дұрыс есептемейді. Мысалы, жүргізуші бір қа­ла­­дан екінші қалаға жетіп, жолаушыларды тү­сіреді де, келесілерін мінгізеді. Себебі аз уақыттың ішінде көбірек табыс табуға ұмтылады. Жолаушыларын діттеген же­ріне жеткізген соң бірден кері қайтуға ұм­ты­ла­ды, сол себепті олар үнемі көлікті асы­ғып ай­дайды. Жылдам жетіп, жаңа жо­лау­шыларды алу, қайта оралу – «аль­фар­дис­тердің» жарысы. Жол апа­ты­ның 90-95 пайызы жүргізушілердің осын­дай осал әре­кетінің салдарынан бо­ла­ды, ал 5-10 пайыз жағдайда ғана апат­­­­­тың себебі тех­ни­калық ақауларға бай­ланысты, – деді ол.

Трекинг жүйесі: жүргізушінің режимін бақылауда ұстау қажет

Тағы бір ескеретін маңызды фактор – жүргізушінің тәуліктен артық жұмыс істеуі. Бұл апат қаупін екі есе арттырады. Сарапшы бұл мәселені трекинг жүйелері арқылы шешуді ұсынды. Сондай-ақ жүргізушіден арнайы категория талап ету де тиімді шешім болмақ. 

– Жүк көліктерінде трекинг жүйелері ор­натылған. Жүргізуші 8 сағаттан артық жүр­се, жүйе оның әрі қарай жүруіне мүм­кіндік бермейді немесе  жүргізуші айып­пұл төлейді. Сол сияқты Alphard-тарда да жүр­гізушінің режимін бақылауда ұстау қа­жет. Әсіресе, ұзақ сапарларда көлікте екі жүргізуші болуы тиіс. Қазір елімізде мұн­дай бақылау жоқ. Жеке тасы­мал­дау­шылардың тәжірибесі маңызды, бірақ ең бастысы – тәртіп. Жалпы, 5-тен көп жо­лау­шы тасымалдайтын жүргізушілерге С са­натты кәсіби жүргізуші категориясын ен­гізу керек, – деді А. Алексеев.

Сөз соңында сарапшы Alphard-ты қол­даныстан толық шектеу ту­ралы пікірді қолдамайтынын ашып айт­ты. Себебі аталған көлікті нарықтан алып тастау тасымалдау құнына әсер етеді, ең не­гізгісі, жүргізушілер сол баяғы зулаған жыл­дамдығын сақтап қала береді. Сон­дықтан түйткілдің түйінін тарқату үшін тәртіп пен бақылау тетіктерін назарға алу маңыздырақ. 

– Меніңше, Alphard көлігін шектеу ту­ралы бастаманы көтерген азаматтар рө­лі оң жақта орналасқан көліктерді мең­зеп отырған болар. Расында, мұндай кө­лік түрін пайдалану қауіпті. Қарама-қар­сы жолға шығу кезінде жүргізуші кө­ліктің сол жақ шетін шығаруы керек, ал оң жақта отырған жүргізуші көліктің бү­кіл корпусын шығарып, қарсы келе жат­қан жүргізушіні көруге мәжбүр. Ал рө­лі сол жақта орналасқан көлік бұл жағ­дайда әлдеқайда қауіпсіз. Қазір Қа­зақ­станда оң жақ рөлді көліктерді пай­дала­нуға тыйым салынған. 

InDrive: Минивэн санатындағы ав­токөліктерге жеке талаптар жоқ

Alphard арқылы жолаушы тасы­мал­дау­мен айналысатын жүргізушілерді in­Drive қосымшасынан жиі кездестіруге бо­лады. Қызығушылығын табысқа ай­нал­дырған жүргізушілер дәл осы плат­форманың көмегімен жолаушысын тол­­­­­тырып, екі қаланың арасында нәпақа­сын тауып жүр. Бүгінде бұл қосымша Қа­зақстан нарығында кең қолданысқа ие. Сондықтан мемлекеттік орган өкіл­дерінің агрегаторлардан жауапкершілік пен қауіпсіздік мәселесін талап етуі орын­ды. Жақында біз тақырыбымызға арқау болған түйткілге қатысты inDrive компаниясына бірқатар сауалымызды жол­дадық. Аталған компанияның қа­лаара­лық қызметінің басшысы Борис Хван бізге берген жауабында платформада жо­лаушылар тапсырысына рөлі сол жақ­та орналасқан Toyota Alphard модель­дері­нің жүргізушілері ғана қол жеткізе ала­тынын мәлімдеді. Оның сөзінше, inDrive компаниясы Ішкі істер министрлігінің ма­құлдауымен рөлі оң жақта орналасқан автокөлік жүргізушілері үшін  жо­лау­шы­лар тасымалына тыйым салған. Дегенмен мұндай көлік түрімен қалааралық және қала ішіндегі курьерлік жеткізу бойынша тапсырыстар орындауға рұқсат берілген. 

– inDrive компаниясы қауіпсіздік мә­селесіне басымдық береді. Біз заңмен, сон­дай-ақ Ішкі істер министрлігі мен Кө­лік министрлігінің ұсыныстары бойын­ша тыйым салынған автокөлік мо­дельдерін жолаушылар тасымалына рұқ­сат беруді шектеу жөніндегі жауап­кер­шілігімізді түсінеміз. Қол қойылған қауіп­сіздік меморандумының аясында 2025 жылдың ішінде барлық рөлі оң жақ­та орналасқан көліктер мен рөлі оң жақ­тан сол жақ ауыстырылған көліктер то­лық шектелді. Сонымен қатар біз пай­да­ланушылардан осындай бұзушылықтарға қатысты барлық шағым бойынша тек­се­ріс жүргіземіз. Бұған қоса, авто­кө­лік­тердің фотобақылау жиілігін қатайту жә­не арттыру бойынша жұмыс істеп ке­ле­міз, – деді компания өкілі.

Халықаралық тәжірибеге назар ау­дарсақ, әлемде Toyota Alphard-ты қол­дануға қатысты шектеулер жоқ. Алайда көп­теген мемлекеттің ішкі нарығында рө­лі оң жақта орналасқан көліктерді тір­кеуге немесе пайдалануға тыйым са­лын­ған. Кейбір дамыған елдерде жо­лау­шы та­сымалдауға арналған көліктерге қа­тысты рейтингте Alphard жоғары көр­сет­кішке ие. Мәселен, ол 2024 жылы Жа­пония­да JNCAP стандарттарына сәйкес қауіп­сіздік сынағында 92 балмен баға­ланған. Бұл JNCAP қауіпсіздік шкаласы бойынша ең жоғары бес жұлдыздың төрт жұл­дызына тең.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:61
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 05:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

2 4 сәуірге болжам: жаңбыр, найзағай және температураның төмендеуі күтіледі

01 Сәуір 2026 19:51see159

Ресейде студенттердің 2 пайызы Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруы тиіс

02 Сәуір 2026 00:01see119

Инфляция баяулай бастады: қияр бір жылда 40,9%, қызанақ 16,5% арзандады

01 Сәуір 2026 16:16see119

Батырхан Төлеуғали Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды

01 Сәуір 2026 15:58see118

Жетісу университетінде AI стартаптары бастау алды

02 Сәуір 2026 22:28see115

Қазақстанның арнайы қызметтері Эпштейн тізімін зерттеп жатыр

02 Сәуір 2026 13:13see114

Алматыдағы Абай атындағы ҚАТОБ ты жұмысшылар қоршап алды: әкімдік не болып жатқанын түсіндірді

01 Сәуір 2026 17:49see113

Моңғолияның 35‑ші премьер министрі сайланды

02 Сәуір 2026 03:10see112

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

02 Сәуір 2026 00:50see112

Қазақстан мен ЕЭК агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықты нығайтып жатыр

02 Сәуір 2026 19:32see112

Жасанды интеллект агросекторды қалай өзгертеді: жаңа сараптамалық дайджест жарық көрді

02 Сәуір 2026 00:14see112

Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті

01 Сәуір 2026 15:58see111

Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады

02 Сәуір 2026 19:07see111

Мүгедектікті рәсімдеу уақыты қысқарады

01 Сәуір 2026 18:19see110

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады

01 Сәуір 2026 15:57see110

Индер ауданының әкімі Серік Нысанбаев: Жер кезегінде 7 297 адам тұр

01 Сәуір 2026 20:36see110

Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

02 Сәуір 2026 20:59see110

Парсы шығанағындағы соғыс аясында Қазақстанда әуе билеттері қымбаттай ма

02 Сәуір 2026 16:56see109

Талдықорғанда тауық жұмыртқасы қаптамада көрсетілген салмаққа сәйкес болмай шыққан

01 Сәуір 2026 18:20see106

Қазақстанның солтүстігінде су бөгеттен асып жатыр, тасқынның шыңы әлі алда

02 Сәуір 2026 10:22see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары