ЛГБТ ны насихаттауға ертерек тыйым салу қажет еді Ирина Смирнова
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
– Кеше аталған түзетулерді қарап, қабылдадық. Ол ережелер насихатқа тыйым салуға қатысты. Онда мұндай жыныстық көзқарасы бар адамға тыйым салынбаған, әр адам өз өмірін қалауынша пайдалана алады. Әрине, педофильдерден басқа. Бірақ, мұны насихаттаудың қажет жоқ. Кітап дүкенінен ЛГБТ-ны насихаттайтын басылымдарды көрдім. Онда екі ханзада бір-біріне ғашық болып қалады. Мұндай өте көп. Осыған ұқсас келеңсіздіктерді насихаттайтын мультфильмдер, журналдар, комикстер бар, - деді ол палатаның жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Мәжіліс депутаты бір жыныстық қатынасты насихаттауға тыйым салу шаралары сәл кеш қолға алынғанын жеткізді.
– Мұны кеше депутаттар да айтты. Сәл кешігіп қалдық. Іс жүзінде бұған барлық уақытта тыйым салу қажет еді, - деді Ирина Смирнова.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ-ны ашық және жанама жолмен насихаттаған адамдарды қылмыстық жазаға тартуды ұсынған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 12:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















