Петропавлда су тасқынына дайындық кезінде жас жұмысшы токқа түсіп қаза тапты
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Петропавлдағы кәсіпорындардың бірінде көктемгі су тасқынына дайындық барысында қайғылы оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының мәліметінше, оқиға бүгін тіркелген. Марқұм болған 2004 жылы туған жігіт екен. Ол Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясында қосалқы станса жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрослесарь болып жұмыс істеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы қосалқы стансада су тасқынына дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде ток соққан. Айта кеткен жөн, жұмыстар арнайы рұқсат негізінде атқарылған.
Өкінішке қарай, алған жарақаты салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:20
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 17:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















