Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Поэзия номинациясы: Қылқалам құпиялары (өлеңдер топтамасы)

Поэзия номинациясы: Қылқалам құпиялары (өлеңдер топтамасы)

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Авторы: Қалқаман

 

Тобырға ерме,

тобырда төзім жоқ,

төзіп, жұлдызды күніңді күт.

(Сәкен Ғұмаров)

IV

Шығыс нұрына бөлеген абай

«Физули,

Шәмси,

Науаи,

Сағди да бар.

Сәйхали,

Фирдауси мен

хожа Хафиз,

медет бер шақ туғанда жан  қиналар.»

Батасын бағзы күннің сұрағандай.

Шығыстың аспанынан жеті жұлдыз,

Шыңғыстау бөктеріне құлағандай.

Тәңірі орындаған тілегін де.

Тыныштық кеудесінде тыным тауып,

Тыныстап жеті жұпар жүрегінде.

Шығыстың шайырлары шашқан шуақ.

Шығыста өмір гүлі,

ғұмыр нұры,

Шығыспен жүрек сөйлер жас тамшылап.

Тамған жас нәрге айналар тағдырға анық.

Шығыспен кеудеңдегі рух асқақтап,

Шығыспен ізгіленер жан нұрланып.

Сезіліп құс сезімдер,

құс дауыстар.

Жүректің бақшасына қонақтайды,

Шығыстың сарайынан ұшқан құстар.

Бүр атып,

гүлденеді бақ ғаламы.

Ол кейде шығыс болып шерленеді,

Ол кейде шығыс болып шаттанады.

Жауабы табылмаған сұрақ сынды.

Мөлдіреп ағып жатқан бұлақ сынды,

Шығыстан тарап жатқан шуақ сынды.

Жанына жара түсіп,

мұң байланар.

Ол бірде шығыстағы Түнге айналар,

Ол бірде шығыстағы Гүлге айналар.

Қысқандай құшағына бар асылды.

Ол түнде шығыстағы қала сынды,

Ол күндіз шығыстағы дала сынды.

Ән болды,

жыр да болды,

дастан болды.

Бір ғұмыр бір-ақ сәтте шығыс сүйген,

Жел құшты,

бұлтқа айналды,

аспан болды.

Өзеннің арнасындай тасып-толды.

Шырайы бойды билеп,

жүрекке енген,

Шығыстың шуағына ғашық болды.

Шуақты сүйген сезім шалыс баспас.

Шығыспен нұрланбаған,

гүлденбеген,

Адымы адамзаттың алысқа аспас.

Көрмеген,

білмеген жан ұғынбайды.

Шығыста әуен басқа өмір жайлы,

Ол жақта өлең басқа ғұмыр жайлы.

Кірлетпей көңілдердің ақ парағын.

Ізгілік ұя салған әр кеудеге,

Тылсым бар құдіреті Хаққа мәлім.

Ғаламға Абай сүйген жан асығар.

Ұшында қылқаламның күңіренген,

Қоңыр мұң,

қоңыр желді даласы бар.

Жүк бар ма ойдан жеңіл,

ойдан ауыр?!

Шығыстан көшкен бұлтқа жәутеңдейді,

Қарауыл төбедегі қайран ауыл.

  

Қорланған құлпытастар

         (баллада)

...2000 жылдардың басында сол кездегі

бұрынғы Фурманов, қазіргі Құрманғазы атындағы көше бойының көне тротуарын

бұзған кезде жиектас (бордюр) орнына кілең мұсылман құлпытасын

жазуын төмен қаратып салып жібергенін көріп,

жолшылар жағасын ұстаған.

(Қазбек Құттымұратұлы)

І

Шығарып жұртты жадынан,

санадан елді,

Дүбәрә болған дүмбіл ой далаға да енді.

Көтеріп мәңгі мекенін қорым басына,

Баласы қойды қалсын деп бабамнан белгі.

Баба белгісін жоқтай ма бала кейінгі?

Аумалы шақта ауыш боп ара иілді.

Жоғалып кетіп табылған құлпытастардың,

Қорланғанына жан жылап,

дала күйінді.

Тарихын танып таспадан,

ұсақ тасынан,

Ұмтылар дала шерлене құшаққа ашылған.

Есеней байға иілмей,

елін билеген,

Ұлпан белгісі табылды ошақ қасынан.

Мәрмәрдан белгі қойсаң да биік тас қылып,

Көңілдегі шер кете ме,

күйік ғасырлық?!

Табандарына таптатып асыққандардың,

Қойған ба жолдың шетіне жиектас қылып?!

Арулап көмген аруағы кешір, бабамның!

Киесі де сен,

киелі иесі даламның.

Іргетасына айналып іргедегі елдің,

Жертөлесінен жер тапқан жесір қоғамның.

Сана құбылып,

сандалып, жұртым жасыды.

Көңілден серуен,

жүзінен күлкі басылды.

Кеудесін ойып тартқан ба диірмен жасап,

Дүние құрып кеткендей құлпытасыңды.

Батады Күн де жиекке қолын бұлғамай,

Кешер ме, аруақ, күнәмді,

сорымды Құдай?

Бейіт басынан жоғалып белгітастарым,

Қирандыларға айналған қорымдарым-ай...

 

 ІІ

Қалай ғана болады тиісуге?

Қорықпай ма аруақтың киесінен?!

Қорықпай ма қорымның иесінен?!

Дәті жеткен қай жүрек,

қандай қолдың?!

Толқын соққан іргесін жардай болдың,

Тасқа соққан тоқтаусыз маңдай болдың.

Түнде бірін қиратып,

таңда бірін.

Тиген қандай кесірі жанға бұның,

Түрткілеп оятардай тән қабірін?!

 

Үнсіз ғана соғады жер жүрегі,

Өкініштен өксіді,

елжіреді,

Жасаураған жанары мөлдіреді.

Ұмытылды қырлардан жел ескені,

Ол жайлы аңыз іргеден көп естілді,

Тажалындай даланың елестеді.

Бейіт қалды белгісіз дөң басында,

Қуғындалды жоқтаушы молдасы да,

Қуғын көрген жұрты тұр жол басында.

Маза қашты моладан,

мұсылманнан,

Құлпытасқа қона алмай құсы қалған.

Сорланады-ау үркітіп,

ұшырған жан.

Тиген тұста дүрбелең,

дауыл тасқа,

Жанарынан төгілер жауын басқа,

Жүрегіңде амал жоқ ауырмасқа.

Сынық қалды белгіде,

сызат қалды.

Жою үшін жұлқылар із-ақпарды,

Ғасырлардың арасы ұзап қалды.

Дала кешкен соғыссыз майдан қандай,

Қыр басында қорланған құлпытастар,

Құрбанына сенімнің айналғандай.

Кеудесінде қауымның жара жатыр.

Жел тырналап,

сыздатар жараны ақыр,

Жарасынан қан тамған дала жатыр.

Жанға бар ма сенімсіз жалғанда мән,

Жердің бетін басады қалай тыныш,

Жердің астын оятып алған адам.

 

 ІІІ

Кешір бізді, құлпытас!

Ғасырдан қалдың жаңылып.

Тәнің де сенің тоналған.

Таптаушы тобыр табылып,

Жоқтаушың сенің жоғалған.

 

Күйінішпенен көз ілме.

Көрем мен

азап ғұмырдан.

Аралықтардан үзілген,

Жоғалған қазақтығымнан.

Аңдаусыз шақта аһ ұрдым,

Саңылауы бар санамын.

Ғаббарсыз кеткен ғапылмын,

Хат танымаған қарамын.

Үзіліп алқа,

моншақтар,

Жақұтсыз тәні, жауһарсыз.

Құлпытас түгел ол шақта,

Қара басына ел қауһарсыз.

Даланың көркі құбылып,

Өзгерді таным-түсінік.

Құлпытаста бар ұлылық,

Құлпытаста бар кішілік.

Жаның да қалай жыламақ?

Тұтатын болса Ар аза.

Шоқынбаған да шырақ ап,

Оқымаған да жаназа.

О, құлпытас-ай,

көнерген!

Көнеден қалған бір белгі.

Біздің хәл білсең өлермен,

Бір төбе күткен мүрдемді.

Баба белгісі – киелі,

Тыныштығыңнан мүлгиді.

Үнсіздігіңді ел сүйеді,

Үнсіздігіңнен де үркиді.

Төнген бұлт бастан өтерін,

Білсе де жаның жылады.

Қай қорым сенің мекенің,

Қай төбе сенің тұрағың?!

Таңбалы тастар сөйлейді,

Жаныңды қармап жалындай.

«Жоғалған ұлы тіл» дейді,

Жоғалған тағдырларындай.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2025 22:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары