Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Тобыл Торғай күйлерінің топтамасы

Тобыл Торғай күйлерінің топтамасы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Арқалықта «Тобыл-Торғай күйлері» деген атпен жарыққа шыққан жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Жинақты бірнеше жыл бойы архив ақтарып, ел аралап, көнекөз күйшілермен кездесіп жүріп құрастырып шыққан – өлкетанушы ғалым Батырлан Сағынтаев пен музыка зерттеуші Ермек Қазмұхамбет. Құрастырушылар Тобыл-Торғай күйшілік мектебіне телініп жүрген 150-ден астам күй тапқан. Жинаққа содан іріктеліп алынған 80 күй еніп отыр. Оның ішінде 11 халық күйі, 69 авторлық туынды бар.

Іс-шараға қатысқан музыка мамандары аталған жинақ өңірдің аспаптық музыкасына арналған алғашқы іргелі еңбектің бірі екенін айтып отыр. Күйші, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбайдың айтуынша, қазіргі күйтанымдағы Арқа, Шығыс Қазақстан, Қаратау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Сыр бойы деп жіктелетін жеті мектеп қазақтың аспаптық музыкасының кемелдігін, домбыра күйлерінің кенендігін көрсетеді. Алайда түрлі себептерге байланысты осы мектептердің сыртында бірқатар күйшілік үлгілер елеусіз қалды.

«Мысалы, Қытай жеріндегі Іле, Тарбағатай, Моңғолиядағы Байөлке, Түркістанның күнгейіндегі Қызылқұм секілді күйшілік дәстүрлер аймақтық бай мұра бола тұра кезінде зерттелмеді, қолға алынбады. Бұл мектептер тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаң­ғыр­ды, күй антологияларына енді, ноталары хаттала бастады. Ал енді, байырғы Торғай жеріндегі күйшілік дәстүрдің жөні бөлек. Торғай төкпелері – жоғарыда біз түгендеген барша мек­теп­тің бәрін сіңірген классикалық машық, сонымен бірге ежелден қазақ санасында жаңғыра дамыған киелі күй мектебі. Торғай мен Тобыл күйлерінің зерттелуі негізінде ертеректе басталған, патшалық Ресей заманындағы орыс ғалымдары мен кейінгі кеңес дәуіріндегі Затаевичтер бастаған музыкатанушылар легі Тор­ғайдың домбырашылық дәстүріне тамсанған, сондықтан бұл жердің фольклорында қағазға түскен деректер қоры да жеткілікті. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, Торғай өңірінде күйшіліктің дамыған үш түрі болған, домбыра, сыбызғы, қобыз күйлерінің ең көне түрлері осы өңірде сақталған. Қазақта сирек кездесетін қамыс сырнайдың күйлері осы өңірде беріге дейін болған. Қазбек Әбеновтің қобыз бен сыбызғы, сырнай күйлерін құйқылжытатыны содан болар деп ойлаймыз. Біз болашақта ел арасында сақталған мұраларды, әсіресе қобыз күйлерін жинақтау маңызды екенін айтқымыз келеді. Қойлыбай, Тілеп секілді абыздар өткен жер ғой», деді Жанғали Жүзбай.

Ғалымның айтуынша, жаңа жинаққа енген күйлердің дені – эпостық әрі тарихи туындылар.

«Осы жерде Торғайдың жыр күйлерінің үлгілері («Көрұғылының әуені», «Қыз Жібектің» мақам күйі) тура­лы айтпасқа болмайды, Сыр бойы, Ырғыз жағасынан Торғайға дейін жалғасқан аспаптық-эпикалық стиль дами келе «Жыр күйлері» деп аталатын музыкалық жанрға ұласқан секілді. Желдірмелете, керім қағыспен тартылатын қоңыр төкпелердің ырғақ-екпіні жыршының мақамы секілді, кейде мұңды, кейде салтанатты, жыр күйлердің композициялық құрылымы күрделі, әуезі шешен. Авторлық күйлердің де осы жинаққа енуі замандық күйтаным ғылымы үшін жаңалық боларына бек сенімдіміз. Торғайлық сарынның Қапақ сал, Нұрхан ақын заманынан осы күнге дейін әуезі еш өзгеріссіз үзілмей келе жатқанын сезе аламыз. Жазушы Төлен Әбдіктің, композитор Айтбай Мұздаханның күйлері осының куәсі. Жалпы, жинақтың ұлт руханияты мен мәдениетіміз үшін берері мол. Ұлы істер осындай сүйекті ізденістерден тұрады», дейді ғалым.

Өңірдің мәдени өміріндегі елеулі оқиға ретінде бағаланған жаңа кітаптың Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановтың тікелей қолдауымен жарыққа шыққанын айта кету керек. Жинаққа Ахмет Байтұрсынұлының «Арман» күйі, Міржақып Дулатұлының «Әуез» күйі, Нұрхан Ахметбековтің «Жеңіс» (1, 2 нұсқасы), «Июнь жарлығы» сияқты күйлері де енген. Сонымен қатар бұған дейін ешбір жинақта жарияланбаған Қазбек Әбенов, Қапақ сал, Жұман Шалбаев, Қасымхан Алдабергенов, Назар Қапақов, Тоқтарбай Тұрсынов, Қажығали Омаров, Айтан Сейдахметов, Қасым Тортаев, Кенжеболат Ахметов, Бекзат Ғазезов тәрізді күйшілердің шығармалары көпшілік қауымның назарына алғаш рет ұсынылып отыр.

«Аталған күйші-домбырашылардың шығармалары Тобыл-Торғай домбыра дәстүрінің стильдік ерекшеліктерін, жанрлық-тақырыптық бағыттарын,  орындаушылық дәстүрін әр қырынан көрсетеді. Сондықтан аталған жинақ тек ноталық жарияланым ретінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми зерттеу нысаны ретінде де маңызды. Кітаптың алғашқы бөлімінде осы бағыттағы зерттеушілердің мақалалары мен сілтемелік материалдары ұсынылған. Соңғы қосымша бөлімде күйлері сақталмаса да, есімдері есінде жүрген өнерпаздарға қатысты деректер берілді. Әрине, осы өңірден шыққан көптеген күйші туралы нақты деректер жеткіліксіз болғандықтан, олардың барлығын толық қамтыдық деп айта алмаймыз», дейді құрастырушылар.

Салтанатты іс-шараға қатысқан зиялы қауым жаңа кітап хақында ой толғап, құрастырушыларға жылы лебіз арнады. Жергілікті өнерпаздар Ахмет Байтұрсынұлының «Арман», Қапақ салдың «Кекілік», Қайырғали Əбішевтің «Сарыжайлау», халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің «Жеңіс» күйлерін орындады. Қала əкімі Əмірхан Асанов жиынға арнайы келген ақсақалдар мен құрастырушыларға алғыс айтып, сый-құрмет көрсетті.

Әкім алдағы жылы Арқалықта «Тобыл-Торғай күйлері» кітабы бойынша күйшілер байқауын өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары