СҚО да полицейлер мал ұрлығымен айналысқан топты құрықтады
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Күдіктілер қорадағы қойды ұрлаған. Айта кетерлігі мал иелерінің ешқайсысы жануарлардың жоғалғанын өз бетінше байқамаған. Қылмыстар полицияның күнделікті жедел-профилактикалық жұмысы барысында анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктінің жеке басын анықтады.
"Олар — жасы 20 мен 24 аралығындағы жергілікті тұрғындар. Аудан орталығындағы бейнебақылау камералары күдіктілердің бірінің ұрланған малды ВАЗ 2112 автокөлігінің жүксалғышы мен салонына салып, сатып алушыға жеткізгенін тіркеген. 1 мамырда малды өткізгеннен кейін бірден күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта мал ұрлығының төрт дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Барлығы 23 бас мал ұрланған. Оның 12-сі сатып алушылардан алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Күдіктілердің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Мал сатып алушының жауапкершілігі мәселесі қаралуда. Полицейлер ауыл тұрғындарын қырағы болуға, қора-жайларды көрінетін жерлерге орналастыруға және өздеріне тиесілі малды қорғау бойынша өзге де шаралар қабылдауға шақырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Ақтөбе облысында полицейлер мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді
09 Ақпан 2026 11:41
Маңғыстауда арнайы бөлімше сарбаздары құбыр ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады
23 Ақпан 2026 20:42
Қызылордада мал ұрлығымен айналысқан 5 қылмыстық топ құрықталды
22 Қазан 2025 02:21
Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 19 қылмыстық топ ұсталды
13 Қаңтар 2026 05:53
Қарағандыда пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер Астанадан ұсталды
07 Ақпан 2026 16:00
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Мамыр 2026 19:59 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















