Президент: жаңа Парламент депутаттары бес жылға сайланады
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында жаңа Парламенттің жұмыс тәртібі мен рәсімдеріне қатысты ұсыныстарын жариялады.
Мемлекет басшысы заң қабылдау процесі үш кезеңнен тұратынын атап өтті:
Депутаттар заң жобасын жалпы мақұлдайды; Өзгерістерді бекітеді; Соңғы шешім ретінде заңды қабылдайды.«Осылайша біз Парламент қызметін түбегейлі қайта құру арқылы саяси реформаларды жалғастырамыз. Мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтып, Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптастырамыз», — деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, жаңа құрылым әділетті қоғам құрудың берік негізіне айналады. «Парламенттік реформа еліміздің әлеуетін арттырып, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қарқынын күшейтеді. Мен бұған кәміл сенемін», — деп толықтырды ол.
Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылдық мерзімге сайлау көзделіп отыр.
Бүгін, 15:38
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:46
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 16:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















