Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Президентпен арасы суыған миллиардер ессіз технологиямен ұшатын көлік жасайтынын мәлімдеді

Президентпен арасы суыған миллиардер ессіз технологиямен ұшатын көлік жасайтынын мәлімдеді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Gizmodo сайтына сілтеме жасаған Aikyn.kz миллиардердің жаңа жобаларының сипаттамасын түсіндіреді.

Миллиардер Илон Маск жұма күні (31 қазан) америкалық танымал тележүргізуші Джо Роганның подкастында (The Joe Rogan Experience, JRE) қонақ болып, көлемді сұхбат берді. Әлемдегі ең көп тыңдалатын подкаста миллиардер компанияларының жаңалықтарын да жұмбақтап айтқан. Маск жыл соңына дейін Tesla-ның ұшатын нұсқасын көрсеткісі келетінін хабарлаған.

Масктың ұшатын көлік туралы арманы Tesla Roadster жобасымен байланысты. Бұл автомобиль алғаш рет 2008-2012 жылдары шығарылған. Екінші буын Roadster-ді ол бірнеше жылдан бері уәде етіп келеді, бірақ 2020 жылғы бастапқы мерзімнен бері іске аспаған. Роган жобаның мәртебесін сұрағанда, Маск оның ұша алатынын айтты, бірақ нақты түсіндіруге біраз уақыт қажет болды.

«Біз... прототипті көрсетуге жақындап қалдық. Бір нәрсеге кепілдік бере аламын: бұл көрсетілім есте қаларлық болады. Өте есте қаларлық. Досым Питер Тиль (PayPal төлем жүйесінің негізін қалушы) бірде: «Болашақта ұшатын көліктер болуы тиіс. Бірақ олар әлі жоқ» деген болатын. Сол ой есімде», – деп түсіндірді.

Джо Роган аппаратта «жасырын қанаттар» бола ма деп сұрады. Маск жобаның егжей-тегжейін түсіндіруден бас тартып, «жария еткенге дейін елестету қиын» деген. Бірақ бұл өнім «тарихтағы ең есте қаларлық жаңалықтардың бірі болатынын» айтқан. Ол оны жыл соңына дейін таныстыруға үміттенетінін жеткізген.

Бұл Маскты жақсы білетіндер үшін тосын жаңалық емес. Ол жиі дайын емес идеяларды ерте жариялаумен танымал. Бірақ олардың көбі уәде етілген түрде жүзеге аспайды. Мысалы, оның Hyperloop жобасы – автономды қоғамдық көлік түрінде сағатына 250 км жылдамдықпен 16 адамды тасымалдауға арналған. Нәтижесінде Маск Лас-Вегаста кәдімгі Tesla көліктері жүретін туннель ғана салды.

Сарапшылар Илон Маск ұшатын көліктің прототипін көрсете алатынын, бірақ бұл нарыққа дайын өнім еместігін айтуда. Өткен жылы ол екі орынды Cybercab дрон-таксиды таныстырды. Бірақ ол әлі қолданысқа берілген жоқ. Ал Robotaxi болса, «автономды» режимде жолаушылар таситын Tesla көліктері. Ол Техаста адам тасымалдауды бастады.

Ұшатын көлік саласындағы басты мәселе – қауіпсіздік пен күрделілік. Ұшу – жүргізуден әлдеқайда қиын әрі қауіпті. Оның қолдану көлемі де шектеулі. Бұндай аппараттарды тек лицензиясы бар ұшқыш қана басқаруға тиіс. Егер ол ұшқышсыз автономды аппарат болса, онда әуе қозғалысын үйлестіру секілді логистикалық проблемалар туындайды.

Илон Маск: «Бәрінен бұрын, оның шынымен жұмыс істейтініне көз жеткізуіміз керек. Бұл көлікте ақылға сыймас технология бар. Өте... ессіз технология», – дейді.

Роганның «бұл технология Roadster-дің бұрынғы нұсқасынан өзгеше ме» деген сұрауына Маск «иә» деп жауап берген.

«Бұл – ақылға қонымсыз нәрсе. Бұл тіпті көлік пе, білмеймін. Көлікке ұқсайды, бірақ Джеймс Бондтың барлық машиналарын біріктірсек, біздің көлік одан да ессіз болмақшы», – дейді ол.

Әлемнің ең бай адамы Илон Масктің жыл соңына дейін көрсетуді жоспарлаған Tesla Roadster «ақылға сыймас технологиясы бар» көлік болуы мүмкін.  Алайда ол сол прототип нұсқасында қалып қоймай ма екен деген күмән де бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 13:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары