Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қарағанды облысында кремний қорытпасын өндіретін зауыт іске қосылды

Қарағанды облысында кремний қорытпасын өндіретін зауыт іске қосылды

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында кремний қорытпасын өндіретін зауыт іске қосылды.

Бұл өңірде кремний кластерін құрудың алғашқы кезеңі. Жаңа «Qaragandy Power Silicon» зауыты елдегі өнеркәсіптің дамуы үшін маңызды қадам. Кәсіпорын заманауи технологиямен жұмыс істейді. 

Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы үш жыл ішінде айрықша қажет материалдар шығаратын кемінде үш кәсіпорынды іске қосуды міндеттеген болатын. Кремний өндірісі-осындай ауқымды жобалардың бірі. Кәсіпорында шикізаттан кремний қорытпалары алынады. Бұл материалдар металлдың беріктігін арттырып, салмағын жеңілдетеді және жоғары температураға төзімді етеді.

Талғат Мақаев, "Qaragandy Power Silicon" ЖШС бас директоры:

- Мұндай ауқымды жобалардың қолға алынуы елімізде жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың нәтижесі екенін атап өткіміз келеді. Президент жүргізіп отырған саясат инвесторларды қолдауға, олардың құқықтарын қорғауға, ұзақ мерзімді инвестициялар үшін ашық әрі болжамды жағдай қалыптастыруға бағытталған. Дәл осы тұрақтылық пен сабақтастық инвесторларға сенім береді және ірі жоғары технологиялық бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

«Qaragandy Power Silicon» зауытын мемлекет қолдауымен голландиялық компания салды. Кәсіпорын жылына 92 мың тонна кремний қорытпасын өндіре алады. Жобаға Қазақстанның Даму Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының бірлескен қаржыландыруы арқылы 140 миллион доллардан астам инвестиция құйылған. Бүгінде толық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өндіріс іске қосылғалы қысқа мерзімде халықаралық стандарттарға сай 2,5 мың тоннадан астам өнім шығарған. Мұнда қазір 500 адам еңбек етеді. Олардың басым дені жастар.

Әділет Мағаз,"Qaragandy Power Silicon" ЖШС ауысым шебері:

- Осындай заманауи жаңа зауыт іске қосылды дегенді естіп осы жерге жұмысқа келдім. Индустриалды даму мақсатында осы еліміздің экономикасын арттыруға, өңірдің экономикасын дамытуға үлесімді қосып жатырмын деп есептеймін.

Заманауи кремний зауытының іске қосылуы ел индустриясы үшін үлкен жаңалық, дейді мамандар. Мұнда шикізатты өндіруден бастап кремнийді терең өңдеуге дейінгі толық жұмыс ауқымы қамтылған. Алдағы бірнеше жылда өндірісті кеңейту жоспарланып отыр. Келесі кезеңде автомобильдер мен техника өндірісінде қолданылатын кремний шығарылады. Одан кейін күн батареялары мен микроэлектроникаға арналған кремний өндірісі жолға қойылады.

Зауыттың жұмысы үшін қомақты электр энергиясы қажет. Сондықтан компания басшылығы кәсіпорынды да, қаланы да электр энергиясымен қамтамасыз ететін жылу электр орталығын салуды жоспарлап отыр. Ал болашақта Астанада күн панельдерін шығаратын зауыт ашпақ. Бұл «жасыл» энергетиканы қолдап, шикізат өндіруден бастап дайын материалдарды шығаруға дейінгі үлгілі жоба болады. Ол мемлекет пен даму институттарының қолдауымен іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда Үкімет пен «QPS» компаниясы жобаның тұрақты жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық келісімге қол қойды. Сонымен қатар «QPS» компаниясы мен «Бәйтерек» холдингі жобаны қаржыландыру және жан-жақты қолдау көрсету туралы келісімге келді. 

Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 13:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары