Қарағанды облысындағы камералар рөлде отырып телефонмен сөйлесуді тіркей бастады
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қарағанды облысындағы камералар көлік тізгінінде отырып телефонмен сөйлесуді автоматты түрде тіркей бастайды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2 қыркүйектен бастап өңірдегі 120 кешен жылдамдықты асырудан бөлек, тағы екі бұзушылықты тіркейтін болады. Сөз қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу және қауіпсіздік белдігін тақпау туралы болып отыр.
Айыппұл туралы қаулылар автоматты түрде жазылады.
Полиция департаменті көлік айдап бара жатып телефон пайдаланудың қауіптілігін еске салды. Ведомство мәліметінше, егер жүргізуші сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатып, экранға небәрі бес секундқа алаңдаса, көлік шамамен 100 метрді соқыр сезіммен жүріп өтеді.
Сондай-ақ онда қауіпсіздік белдігі жол-көлік оқиғасы кезіндегі салдардың ауырлығын төмендететіні атап өтілді.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және көлікті басқарудан алаңдамауға шақырды.
Камералардың мүмкіндіктері қандай?Еске сала кетейік, 12 наурыздан бастап Қазақстан жолдарындағы камералар бұрын тек қолмен анықталатын ең көп таралған бұзушылықтарды тіркей бастады. Олардың қатарында көлік тізгінінде телефонмен сөйлесу және қауіпсіздік белдігін тақпау бар.
Сонымен қатар камералар құжаттарға қатысты бұзушылықтарды да тіркей алады:
мерзімі өткен техникалық байқау; қолданыстағы сақтандыру полисінің болмауы.ІІМ-нің хабарлауынша, бірінші айда камералар қауіпсіздік белдігін тақпаудың 3 042 дерегін және көлік айдап бара жатып телефон пайдаланудың 18 дерегін тіркеген.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 18:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















