Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әлемдік брендтер неліктен Ресейде тауар белгілерін қайта тіркей бастады

Әлемдік брендтер неліктен Ресейде тауар белгілерін қайта тіркей бастады

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Роспатентке кімдер жүгінді

Америкалық технологиялық алпауыт Microsoft 2022 жылдың наурызында Ресей нарығынан кететінін жария етіп, бұл нарықта тауарлар сатуды және қызметтер көрсетуді тоқтатты. Алайда 2025 жылдың қазан айының басында корпорация Роспатентке тауар белгілерін тіркеуге өтінім берді. Тізімде мынадай тауар белгілері бар: Microsoft, Excel, Windows, Xbox, Bing, Azure, Visual Studio, Wasteland және State of Decay.

Сондай-ақ корпорация Microsoft 365 және Halo тауар белгілерін тіркеуге де өтінім беріп отыр.
Осы жылдың қыркүйегінде тағы бір америкалық компания — PepsiCo Mirinda логотипі мен атауын орыс тілінде тіркеуге екі өтінім берді.

Тамызда Ресей нарығынан кеткен оңтүстіккореялік Hyundai бренді тауар белгілерін тіркеуге алты өтінім жасады.

Қыркүйекте оның ізін ала неміс автоконцерні Mercedes-Benz-те ресейлік нарыққа кіруге өтінім берді.

Осы айда Роспатентке Vogue тауар белгісін тіркеуге өтінім келіп түсті. Өтінім беруші — Vogue, Glamour және GQ журналдарын шығаратын Condé Nast баспа үйі.

Жапондық Fast Retailing Co. холдингі (Uniqlo дүкендер желісін басқарады) 2025 жылдың 31 тамызында Роспатентке он жаңа тауар белгісін тіркеуге өтінім берді. Өтінімдердің ішінде GU, Fast Retailing Co. және Uniqlo логотиптері бар. Сонымен қатар холдинг Uniqlo және «Юникло» атауларын тіркеуді сұрап отыр.

Zara бренді де көк түсті жаңа логотипімен тауар белгісін тіркеуде. Өтінім 2025 жылдың 29 тамызында берілген, өтінім беруші — «Индустрия де Дисено» (компанияның испан тіліндегі атауы — Inditex).

2025 жылдың қазанында француз сән үйі Louis Vuitton Роспатентке үш өтінім берді. Олардың ішінде компания логотиптерінің әртүрлі нұсқалары бар. 2022 жылдың наурызында француздық LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) холдингі Ресейден кететінін хабарлаған болатын. Содан кейін Sephora косметика дүкендері жабылған еді. 2022 жылдың 11 шілдесінде Sephora-ның ресейлік бөлімшесі сатылғаны жарияланды. 2022 жылдың 10 қазанында дүкендер бұрынғы ресейлік «Иль де Ботэ» брендімен қайта ашыла бастады. 2016 жылы LVMH сатып алған ресейлік желі осылай аталған-ды.

Кімдер тіркеліп үлгерді

2025 жылдың қыркүйегінде Warner Bros киностудиясын тіркеу туралы шешім қабылданды. Роспатентке тауар белгісін тіркеуге өтінім тамыз айында берілген. Компания Ресейде түрлі өнімдерді — фильмдер, сағаттар, ерлер мен әйелдер киімі, бейнеойындар, ас үй ыдыстары, ұялы телефондарға арналған аксессуарлар мен кеңсе тауарларын өндіруге және сатуға құқық алды. Сонымен қатар, зергерлік бұйымдар, ойыншықтар, қойындәптерлер мен бәліш қалыптары сынды түрлі тұрмыстық заттар тізімге енді.

Қазанда Роспатент Coco Chanel тауар белгісін (өтінім 2024 жылдың қарашасында Швейцариядан берілген) тіркеді. 2024 жылдың соңынан бері компания шамамен 26 тауар белгісін тіркеуге өтінім берген. Олардың қатарында — компания атауының орысша және ағылшынша нұсқалары, зергерлік бұйымдар топтамалары, иіс су мен косметика атаулары, сондай-ақ парфюмериялық бөтелкелердің сыртқы көрінісін тіркеуге арналған екі өтінім бар. Chanel бренді 2022 жылдың наурызында Ресейдегі жұмысын тоқтатқан еді. Екі жылдан кейін нарықтан толықтай кетіп, жалдау шарттарын бұзды және дүкендерін жапты.

Осы айда швейцариялық Rolex компаниясы бес тауар белгісін тіркеді. Олардың барлығы әртүрлі сағат түрлеріне қатысты. Тіркелген белгілер: Rolex President, Cerachrom, Oysterlock, Rolex Superlative және Rolex Glidelock.

Не үшін тіркеу қажет

Көптеген маманның пікірінше, шетелдік компаниялар өз брендтерін құқықтық қорғаудың мерзімінен бұрын тоқтатылуынан қорғау үшін тауар белгілерін тіркеуге жаңа өтінімдер беріп жатыр. Осылайша олар үш жыл бойы белгі қолданылмаған жағдайда күшін жоятын норманы «жоюға» тырысады. Мұндай әрекеттер құқықты теріс пайдалану ретінде бағалануы мүмкін. Алайда мұндай даулар күрделі әрі шығынды болып келеді. Сондықтан компаниялар дәл осы тәсілді қолдануды жалғастырып отыр.

Тауар белгісін тіркеу брендтерді көшірмеден қорғауға және танымалдылықты сақтауға мүмкіндік береді. Осылайша, компаниялар параллель импортпен күреске араласпай-ақ, тұтынушылар назарын ұстап тұра алады. Әдетте тіркеу үш айға дейін созылады. Бірақ егер өзгерістер аз болса, процесс тезірек аяқталуы мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 11:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары