Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қарағандыда интеграциялық орталық ашылды

Қарағандыда интеграциялық орталық ашылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қарағандыда мүгедектігі бар жандарға арналған интеграциялық орталық ашылды.

Шоколад пен кофе дайындау ісі, мобилография және наубайшы мамандығын меңгерем дегендер тегін білім алады. «Ізденіп, еңбек етіп, әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік бар», - дейді мамандар.

19 жастағы Санжар Мұхамбетжанов — «Бізбен бірге бол!» интеграциялық орталығының шәкірті. Ол мобилографияның қыр-сырын үйреніп жүр. Төрт айдың ішінде жаңа кәсіпті жақсы меңгеріп алған. Қазір Санжар өз бетімен қысқа бейнебаян түсіре алады. Бұл арқылы табыс таба бастаған. 

Санжар Мұхамбетжанов, «Бізбен бірге бол!» орталығының шәкірті:

– Маған видео түсіру қатты ұнайды. Ұжым өте тату, бір отбасы сияқты. Бір-бірімізді әрқашан қолдаймыз. Мұнда жаңа достар тауып, өзіме деген сенімділігім арта түсті.  

Интеграциялық орталықта уақыт талабына сай мамандықтар оқытылады.  16 жастан асқан  жандар компьютерді меңгеру, кофе дайындау, тігіншілік, аспаз сияқты кәсіп түрлерін меңгереді. «Соның ішінде шоколад дайындау курсына қызығушылар көп», - дейді орталық оқытушысы Алтыншаш Жанатаева.

Алтыншаш Жанатаева, «Бізбен бірге бол!» орталығының оқытушысы:

 – Осы шоколадтарды біздің тәрбиеленушілер өздері жасайды. Ең алғашында біз көрсетеміз, қадағалаймыз. Бәрін үйретіп болғаннан кейін біздің тәрбиешілер өздері жасайды, әрине, біздің қолдауымызбен.

Өңірде менталдық ерекшелігі бар жандар мүгедектігі бар адамдардың шамамен 60 пайызын құрайды. Колледжден кейін олардың көпшілігі өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Сол себепті бұл орталықта оларды оқытып қана қоймай, жұмысқа орналасуға да көмектеседі.

Әсел Бекбаева, «Бізбен бірге бол!» интеграциялық орталығының директоры:

– Мұндай жандарға ерекше көзқарас пен қолдау қажет екенін жақсы білемін. Біз шетелдік тәжірибені зерттей келе, олардың креативті салада да, қызмет көрсету саласында да табысты жұмыс істей алатынын көрдік.

Орталықта білім алып жүрген менталдық ерекшелігі бар жандар қоғамда өз орнын таба алатынын дәлелдеп үлгерді. Мысалы, биыл жазда мүгедектігі бар жеті адам «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында еңбек етті.

Лиана Жамлиханова, Нұрлан Жақыпбеков, Сайран Ақамбетов, Аман Хамит

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 12:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары