Қарағандыда қайта қылмыс жасаған әйелге рақымшылық жасалмады
Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Тергеу мәліметінше, ол Instagram әлеуметтік желісінде әйелдер киімін сататыны туралы жалған хабарландыру жариялап, сатып алушылардан алдын ала төлем қабылдаған. Алайда уәде етілген тауарды жеткізбей, түскен ақшаны жеке қажетіне жұмсаған.
Теміртау қалалық соты әйелді алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Кейін апелляциялық сот «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қолданып, жаза мерзімін 2 жыл 4 айға дейін қысқартқан.
Алайда сот актілерін зерделеу барысында рақымшылықтың негізсіз қолданылғаны анықталды. Заң талаптарына сәйкес, алдыңғы үкім бойынша жазасын өтеп жүрген кезде қасақана қылмыс жасаған адамдар рақымшылыққа ілікпейді.
Бас прокуратураның наразылығынан кейін рақымшылық туралы шешімнің күші жойылып, сотталған әйелге бастапқы тағайындалған 3 жыл 6 ай мерзімдегі жаза қайта қалпына келтірілді.
Бишімбаев пен Перизат Қайратқа рақымшылық жасала ма? ІІМ вице-министрі жауап берді
Прокуратура өкілдері рақымшылықтың гуманизм қағидатына негізделгенін, алайда ол жазасын өтеу кезінде қайтадан қасақана қылмыс жасаған азаматтарға қолданылмайтынын атап өтті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Маусым 2026 11:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















