Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қарынға салып май өндірген қазаққа оны шетелден тасу сорақылық Ермұрат Бәпи

Қарынға салып май өндірген қазаққа оны шетелден тасу сорақылық Ермұрат Бәпи

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Отырыс барысында депутат Ермұрат Бәпи күрделі мәселелердің бірі — отандық өндіріс пен отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі әлі күнге дейін шешілмей келе жатқанына алаңдаушылық танытты.

— Мемлекеттік несиелік бағдарламалардың көмегімен салынған өндірістік кәсіпорындар 40-50 пайыздан аспайтын қуатта жұмыс істеп жатыр. Бюджеттің есебінен, мемлекеттік қаржыға салдырып, ол кәсіпорындарды нарыққа «лақтырып» жібереміз. Мәселен, «Даму» және басқа да қорлардың көмегімен салынған ет комбинаттары мемлекеттік тапсырыс болмағандықтан жартылай мүмкіндікте ғана жұмыс істеп жатыр. Есесіне нарықты Ресей мен Беларусьтың азық-түлігі жаулап алған. Ит өлген, ит емес-ау кит өлген Жаңа Зеландиядан сары май тасимыз. Тоңазытқышы жоқ қазақ қарынға салып май өндірген. Жаңа Зеландиядан май тасу ұят қой. Ал біздің өндірісіміз тоқтап тұр. Балтық жағалауынан май тасимыз. Май өндірген қазаққа отандық өндірісімізді қолдамай сырттан делдалдардың көмегімен сары май тасу сорақылық. «Самұрық-Контракшн» компаниясы мемлекеттік несие салдырған құрылыс зауыттары бонкрот болудың алдында тұр. Оларда айналым жоқ. Үкіметте тұтас ұстаным жоқ. Осы орайда мемлекеттік бағдарлама қажет деп ойлаймын. Мемлекеттің ұстанымы қандай? Не істеп жатыр? , — деп сұрады депутат вице-премьерден.

Сауалға жауап берген Қанат Бозымбаев отандық өндірушілер ішкі нарықта бәсекелестікке сай болса, импорт тоқтайтындығын айтады.

— Мысалы, сүтке қаншама субсидия беріліп жатыр. Қазір сүт өңдеу зауыттарына Үкімет тарапынан қаншама көмек көрсетіліп жатыр. Бірақ, әлі күнге дейін ішкі нарықты 100 пайыз қамтамасыз еттік деп айта алмаймыз. Болашақта көп жұмыс істеу керек. Әрине, тиісті жоспарлар бар. Министрлік өткен жылы заңға қажетті түзетулер енгізіп, отандық тауар өндірушілер тізілімін электронды порталға қосты, — деді ол.

Оның айтуынша, алдағы уақытта тауардың сәйкестігін білдіретін сертификаттар жойылады.

— Тізілімге кірген компаниялар келесі жылдан бастап «Самұрық-Қазына» тарапынан, тиісті мемлекеттік органдардың тарапынан жеңілдіктер алады. Мәселен, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық пен энергетикалық секторды жаңғыртуға бағытталған үлкен жобаны қолға алдық. Ол жобаға қажетті өнім шығаратын отандық тауар өндірушілер бар болса, онда мердігерлер соның тауарларын — құбырларын, электр желілерін, трансформаторларын 100 пайыз сатып алып, жылу беру компаниясының жабдықтарына енгізеді. Бірақ, бұл мәселе тиісті халықаралық шарттарға сай келмей жатыр. Алайда, соған қарамастан қолға алдық. Мысалы, 6,6 трлн теңге тек коммуналдық желілерді жаңғыртуға қарастырылған. Оның ішінде шамамен 2 трлн теңгеге жуық қаражат отандық тауар өндірушілерге түседі. Жалпы, әр тауар бойынша жеке ұстаным болуы тиіс, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Мәжіліс мемлекеттік органдардың ел азаматтарының өтінішін қарау нәтижесін тыңдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 13:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары