Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қаржы секторында салық ережелері жаңартылып, бірқатар жеңілдік қарастырылды

Қаржы секторында салық ережелері жаңартылып, бірқатар жеңілдік қарастырылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жобалық кеңсенің ақпандағы отырысында қаржы секторында жаңа Салық нормасын қолдануға байланысты 38 мәселе қаралған болатын. Мемлекеттік бюджет кірістері мен салықтық әкімшілендіруге әсерін тексеру үшін оның 7-еуі тағы да пысықтауға жіберілді. Талқылаудың қорытындысында үш мәселе түпкілікті шешім қабылдау үшін осы отырысқа шығарылды.

Бірінші мәселе 17-ші қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына (ҚЕХС) көшуге байланысты сақтандыру компаниялары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша салық жүктемесінің өсуіне қатысты.

Жаңа талапқа сәйкес, сақтандыру ұйымдары 2026 жылғы салық кезеңінде 4-ҚЕХС-тен 17-ҚЕХС-ке көшу кезінде пайда болған айырманы кірісте (немесе шегерімде) көрсетуге міндетті. Бұл айырмашылық біржолғы сипатқа ие және 2026 жылғы қызмет нәтижесін емес, бұрынғы кезеңдердегі (2023-2025 жылдар) жинақталған қаржылық әсерді көрсетеді.

Оның салық базасына қосылуы копоративті табыс салығы (КТС) сомасының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) 2026-2028 жылдар аралығында салықты тең үлеспен төлеу мүмкіндігін қарастыру ұсынысын қолдады.

Бұл шара сақтандыру секторының салық салудың жаңа ережесіне біртіндеп көшуіне арналған. Бұл ретте аванстық төлемді есептеу кезінде біржолғы әсердің кейінгі кезеңдерге әсері алынып тасталады.

Екінші мәселе, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы бастамашылық еткендей факторингтік операцияларды қосылған құн салығынан босатуға қатысты.

Салық кодексінің алдыңғы редакциясында факторингтік және форфейтингтік операциялар, сондай-ақ банктік кепілдіктер мен кепілдемелер халықаралық тәжірибеге сәйкес қосылған құн салығынан (ҚҚС) тікелей босатылды. Қолданыстағы кодексте факторинг қарызға жатқызылмайды. Оған кредитте қарастырылатын босату қолданылмайды.

Нәтижесінде факторингтік операцияларға ҚҚС салынып, бұл клиенттер үшін қаржыландыру құнын 16%-ға арттырады. Құралдың тартымдылығы төмендейді. ҚНРДА мәліметі бойынша, екінші деңгейдегі 23 банктің тек 4-еуі ғана факторингтік операцияларды жүзеге асырады.

Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатов агенттік факторингті бизнесті қаржыландыру құралы ретінде дамытуды мақұлдап, бұл операцияларды ҚҚС-тан босатуды ұсынатынын мәлімдеді.

Үшінші мәселе резидент еместердің бағалы қағаз операцияларынан түскен табыстарына салық салуға қатысты.

Қолданыстағы нормаға сәйкес, салық салудан босату Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздарды сату кезінде резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына қолданылады. Бұрын осындай жеңілдік заңды тұлғаларға да қатысты болған.

Инвесторлардың барлық санаты үшін салық салудың тең шарттарын қалпына келтіру ұсынылады. Бұл нарыққа қатысушылар шеңберін арттыруға және сауда-саттықтың өтімділігін арттыруға ықпал етеді.

Отырыс қорытындысында бұл ұсыныстар қолдау тапты.

Сондай-ақ көрсетілген қызметтер туралы мәлімет ұсынуды реттейтін Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағындағы техникалық сипаттағы түзетулер қаралды.

Қолданыстағы нормаға сәйкес сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газ және электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, лифтілерге қызмет көрсету және тасымалдау қызметтерін көрсететін ұйымдар салық органдарына осындай қызметтер туралы мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей, электрондық нысанда ұсынуға міндетті. Норма осы салада жұмыс істесе де, жеке кәсіпкерлерге қолданылмайды.

Талқылау қорытындысында бұл талапты бизнес субъектілерін тең қамти отырып, жеке кәсіпкерлерді (ЖК) қосқанда, барлық салық төлеушілерге қолдану туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, міндетті мәліметтер тізбесінен бірқатар коммуналдық қызмет (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, қалдықтарды шығару, лифтілерге қызмет көрсету) туралы деректер алынып тасталды. Өйткені бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде қамтылған.

Мерзімі де қайта қаралды: 10-ының орнына соңғы мерзім белгіленді, ол — есепті тоқсаннан кейінгі айдың ақырғы күні. Бұл бастапқы құжаттар негізінде деректерді қалыптастыруға және олардың дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетелік салық төлеушілерге арналған «Дербес шот» сервисінде жаңа функциялар енгізілді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 19:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары