Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақмыс: жаңа команданың алғашқы нәтижесі тиімділік пен қауіпсіздік артты

Қазақмыс: жаңа команданың алғашқы нәтижесі тиімділік пен қауіпсіздік артты

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Қазақмыс» корпорациясы акционер Нұрлан Артықбаевқа және Бақылау кеңесіне 2026 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысын ұсынды. Іс-шараға Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі, Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков, басқарма төрағасының орынбасарлары және бағыттарға  жетекшілік ететін басшылар қатысты. Мұнда өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелері, өндірістік көрсеткіш, әлеуметтік саясат және корпорацияның одан әрі даму кезеңдері талқыланды.
Есепті кезең жүйелі өзгерістерге көшу кезеңіне айналды. Акционерлік құрылым мен басқару моделі жаңартылғаннан кейін компанияда бақылау мен инвестициялық тәртіп күшейтіліп, қауіпсіздікке, жөндеу жұмысына және еңбек жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Бұл өндірістік көрсеткіштен де, ішкі үдеріс сапасынан да көрініс тапты.
Бұл ретте жаңа басшылық әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға деген ұстанымын растады және еңбек ұжымы алдындағы барлық міндеттемелерді орындауды өз мойнына алды. Компания Ұжымдық шарт талаптарын іске асыруды жалғастыруда, тоқсандық сыйақы төлеудің қолданыстағы тәртібі сақталып, жұмыскерлер мен олардың отбасына арналған әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Ақпан айында жұмыскерлерге табыстың индекстелген төлемі берілді, ал сәуірде кезекті тоқсандық сыйақы төлеу жоспарланған.
2026 жылдың бірінші тоқсанында компанияда өліммен аяқталған жазатайым оқиға тіркелген жоқ, ал өз қызметкерлеріміз арасында жарақаттанғандар саны 41%-ға азайды. Бұл өндірістік қауіпсіздік саласындағы жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.
Жаңа басқарушы команда назарын тек көрсеткіштерге ғана емес, сонымен қатар өндірістегі нақты тәжірибелік өзгерістерге аударды. Тек наурыз айында компания басшылығы өндіріс орындарын 950 рет тікелей аралады, ал жұмыс орындарындағы санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсартуға 3,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұл шешімдер басшылықтың ұжыммен тікелей әрі тұрақты өзара іс-қимылға көшкенін, сондай-ақ қордаланып қалған тұрмыстық және ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешуге бағытталғанын көрсетті.
Бірінші тоқсанда әлеуметтік жағынан осал топқа жататын 13 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды, ал жыл соңына дейін 173 қызметкерді тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр.

Тоқсанның өндірістік қорытындысы бойынша компания өткен кезеңдерден қалған техникалық шектеулерге қарамастан тұрақтылығын сақтады. Бұл өндірілген кендегі мыс құрамы бойынша жоспарды 3,7%-ға асыра орындауға және 68,6 мың тонна көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Концентраттағы мыс өндірісі 62,5 мың тоннаны (+2,3%), ал катодты мыс өндірісі 96,6 мың тоннаны (+0,69%) құрады.
Ең маңыздысы — бұл нәтижеге жаңа команда бұрыннан жиналып қалған мәселелерді шешуге кіріскен кезеңде қол жеткізді. Бірқатар қиындық 2025 жылы жөндеу қорын оңтайландыруға және жөндеу-қалпына келтіру жұмысына қажетті қосалқы бөлшектердің тапшылығына байланысты туындады. Осы ретте 2026 жылдың бірінші тоқсанында компания инвестициялық және жөндеу жұмысын күшейтуге көшті. Өндіру секторында тозығы жеткен 30 бірлік жерасты техникасын ауыстыру туралы шешім қабылданды, ал осы үш ай ішінде мақұлданған инвестицияның жалпы көлемі 245 млн доллардан асты.
Жұмыс ауқымы өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бағыттарды қатар қамтыды: жабдықты жаңғырту, жөндеу жұмысын күшейту, тұрмыстық нысандарды жаңарту, жұмыскерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасын жалғастыру, қауіпсіздікті арттыру және жаңа аймақтық жобаларды іске қосу қолға алынды.
Ұзақ мерзімді тұрақтылыққа басымдық берілді. Геологиялық барлау саласында тоқсан ішінде мыс қоры 132,2 мың тоннаға артты.

Сонымен қатар компания әлеуметтік және өңірлік бағытта ауқымды жұмысты жалғастыруда. Бірінші тоқсанда Ұлытау, Абай, Қарағанды облыстарының және Жамбыл облысы Шу ауданының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға 44,6 млрд теңгеден астам қаражат бағытталатын болды. Келісім денсаулық сақтау, білім беру, спорт нысандарын салу мен жаңғыртуды, сондай-ақ жергілікті бизнесті қолдауды және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды көздейді.


Бұл жайт компаниядағы өзгерістердің тек өндірістік бағытпен шектелмей, жұмыскерлердің отбасы мен өзіне қатысы бар өңірлер алдындағы жауапкершілігін сезініп отырғанын көрсетеді.
Бірінші тоқсанның қорытындысы акционерлік құрылым мен басқару тәсілдері жаңартылғаннан кейін Қазақмыста жүйелі жұмыс үлгісі қалыптасып жатқанын айғақтайды. Қауіпсіздікке қойылатын талап күшейтіліп, атқарушылық тәртіп нығайтылды, инвестициялық белсенділік артып, еңбек ұжымымен тікелей байланыс орнатылды.
Оң өзгерістер бірінші тоқсанның өзінде-ақ нақты нәтиже берді. Бұған өліммен аяқталған жарақаттың болмауы, зардап шеккендер санының азаюы және негізгі өндірістік көрсеткіштердің асыра орындалуы дәлел. Компания тиімділікті, қауіпсіздікті және еңбек жағдайын біртұтас жүйе ретінде қарастыратын модельге біртіндеп көшіп жатыр.

Бүгін, 10:10

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 10:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары