Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттады: соңғы жиырма жылдағы ең жоғары көрсеткіш

Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттады: соңғы жиырма жылдағы ең жоғары көрсеткіш

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты.

Әңгіме барысында өңірдің аграрлық тыныс-тіршілігі және мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары талқыланды.

Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы барлық негізгі салалар бойынша тұрақты өсім көрсетуде.

Жалпы өнім көлемі 255,7 млрд теңгені құрап, нақты өнім көлемінің индексі 109,3% болды — бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіш.

Өсімдік шаруашылығындағы өсім — 13%, мал шаруашылығында — 6,7% жетті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың айтуынша, мұндай нәтижелерге Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйелі қолдауының, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асырудың және шаруалардың бірлескен еңбегінің арқасында қол жеткізілді.

Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысының тапсырмаларын дәйекті жүзеге асыру агроөнеркәсіптік кешен үшін 2025 жылды бетбұрыс кезеңіне айналдырғанын, бұл қаржыландыру көлемі мен технологиялық жаңару және экспорт өсімінің қарқыны тұрғысынан айқын көрінетінін атап өтті.

Биыл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері алғаш рет 1 трлн теңгеге жуық жеңілдетілген қаржыға қол жеткізді — бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда он есе көп.

Нәтижесінде фермерлер өндірістік процестерді алдын ала жоспарлау мүмкіндігіне ие болды — келесі жылғы көктемгі егіс жұмыстарына қаржыландыруға өтінім қабылдау 1 қазанда басталды.

Алғаш рет ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру көлемі 250 млрд теңгеге жетті.

Бұл шаруашылықтардың жаңаруын айтарлықтай жеделдетіп, машина-трактор паркі ескіруін 80%-дан 70%-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік қолдаудың ең сұранысқа ие бағыттарының бірі — «Даму» қорының кепілдігі болды.

Жыл басынан бері қор жалпы сомасы 230 млрд теңгеге 1 300 кепілдік беріп, несиенің 85%-на дейінгі бөлігін қамтыды.

Бұл шара көптеген фермерлерге кепілзатының жетіспеушілігіне қарамастан, несие алуға жол ашты.

Саланы технологияландыру дамудың басты бағыты болып қала береді.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылы минералдық тыңайтқыштарды енгізу көлемі үш есеге — 600 мың тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін өсті, ал элиталық тұқым үлесі 7,1%-дан 11,2%-ға артты.

Министрдің айтуынша, бұл фермерлердің ауыл шаруашылығын ғылыми және тиімді тәсілдермен жүргізуге көшкенін көрсетеді.

Биыл елде егіс құрылымын ауқымды әртараптандыру қолға алынды.

Бидай егісі 900 мың гектарға қысқарып, ал майлы дақылдардың алқабы 1 млн гектардан астам ұлғайды.

Атап айтқанда, күнбағыс 500 мың гектар, зығыр 380 мың гектар, бұршақ дақылдары 280 мың гектар, картоп 12,5 мың гектарға артық егілді.

Осы маусымдық кезеңде Қазақстан 13,4 млн тонна астық экспорттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47%-ға көп.

Бұл — соңғы жиырма жылдағы ең жоғары көрсеткіш, ал экспорт ауқымы 45 елді қамтиды.

— Мұндай нәтижелер шаруалардың қажырлы еңбегі мен мемлекет тарапынан қолға алынған тиімді экспорттық саясаттың жемісі, — деді Айдарбек Сапаров.

Министр сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының сүтті мал шаруашылығын дамыту тәжірибесін тарату бағдарламасының тиімділігін атап өтті.

Егер 2019 жылы Қазақстанда небәрі 19 заманауи сүт фермасы болса, бүгінде 69 сүт фермасы пайдалануға берілді, ал тағы 47-сі бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Барлық жобаларды іске асыру жылына қосымша 600 мың тонна сүт өндіруге және импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Осы жылы жалпы көлемі 50 млрд теңгені құрайтын мал шаруашылығы субъектілерінің айналым қаражатын 5% мөлшерлемемен несиелеуға арналған жаңа тетік енгізілді.

Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы әзірленуде. Бағдарлама аясында тауарлы шаруашылықтар мен құс фабрикаларына арналған инвестициялық несиелер мен айналым қаражатын қаржыландыруды қоса алғанда, кредиттік құралдарды кеңейту көзделген.

Мұндай кәсіпорындар үшін «Даму» қорының несиенің 80%-на дейінгі бөлігін қамтитын кепілдік тетігі қолжетімді болмақ.

Сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасына ұқсас тәсілмен қайта өңдеу кәсіпорындарын несиелеу жалғасуда.

Бұл мақсаттарға үстіміздегі жылы 44 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 23,9 млрд теңгеге 62 жоба қаржыландырылды.

Қазіргі уақытта қазақстандық өнімдерді шетелге экспорттау көлемін арттыру және отандық брендтердің сыртқы нарықтағы деңгейін нығайтуға бағытталған Аграрлық экспорттық жоспар әзірленуде.

Кездесу барысында шаруалар мен бизнес өкілдері субсидиялау, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында несиелеу бағыттарын кеңейту, мал шаруашылығын дамыту және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Министр барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, фермерлердің ұсыныстары қолданыстағы бағдарламаларды пысықтау кезінде ескерілетінін атап өтті.

«Қазақстанның агробизнесі тиімділік пен технологиялық тұрғыдан жаңа деңгейді бағындырып келеді.

Бүгінде мемлекеттік қолдау тек көмек құралы ғана емес, саланың стратегиялық дамуының негізіне айналуда.

Біз оның нәтижесін көріп отырмыз — өндіріс, экспорт және ауыл тұрғындарының табысы өсіп келеді.

Бұл — аграрлық сектордағы жүйелі жаңғырудың бастауы ғана», — деп қорытындылады Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ, министр жұмыс сапары аясында азаматтарды қабылдап, бірқатар мәселелер бойынша Министрліктің салалық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 19:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары