Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Қазақстан әлемдік аренада жаһандық көшбасшыға айналып келеді АҚШ елшісі

Қазақстан әлемдік аренада жаһандық көшбасшыға айналып келеді АҚШ елшісі

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Оның айтуынша, бүгінде екіжақты әріптестік дәстүрлі инвестициялық ынтымақтастық аясынан әлдеқайда асып түсіп, стратегиялық бағыттарды кеңінен қамтып отыр. Сұхбат барысында ерекше назар стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбаларға аударылды. Елшінің айтуынша, бұл салада Қазақстанға жаһандық маңызды рөл жүктелген. Сондай-ақ Джули Стаффттың атап өтуінше, бұл саладағы ынтымақтастық тек екіжақты жоба ретінде емес, ашық жаһандық нарықты қалыптастыруға, әділ баға белгілеуге және Қазақстандағы минералдарды өндіру мен өңдеуге инвестиция тартуға бағытталған кең ауқымды халықаралық жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырылады.

— Стаффт ханым, бізге қосылғаныңыз үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық әріптестікті, сондай-ақ Қазақстанға бағытталған америкалық инвестициялар көлемінің өсіп жатқанын ескере отырып, бүгінде америкалық инвесторлар үшін қай салалар ең тартымды болып отыр және ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін ең үлкен әлеуетті қай бағыттардан көресіз?

— Көп рақмет. Бүгін осы жерде болу мен үшін үлкен мәртебе. Мұны бұрын да айтқанмын: Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қатынастар біздің бүкіл ортақ тарихымыздағы ең жоғары деңгейде.

Президенттеріміздің ұстанымдары бір арнада тоғысып, осы қатынастарды дамытуға бейіл екенін көру барынша шабыттандырады. Біз болашаққа зор сеніммен қараймыз. Әрине, осыдан 35 жыл бұрын, Америка Құрама Штаттары Қазақстанды алғашқылардың бірі болып мойындап, дипломатиялық қатынастар орнатқан кездегі ынтымақтастығымыз негізінен экономикалық сипатта болды. Сөз АҚШ бизнесі мен Қазақстанға салынған инвестициялар жайында өрбіп отыр. Бірақ, бүгінде қарым-қатынасымыз бұл шеңберден әлдеқайда асып түсті — бұл қауіпсіздік, мәдени ынтымақтастық, сондай-ақ Ибраһим келісімдері сияқты жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірлескен жұмыс. Болашақта да қатынастарымыз дәл осы бағытта дамиды. Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап Құрама Штаттар экономиканың барлық секторына 100 млрд доллар инвестиция салды. Бұл инвестицияның өте ауқымды көлемі. Бастапқыда ынтымақтастық негізінен энергетика саласына шоғырланса, кейін ол авиация, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және басқа да көптеген саланы қамти отырып, айтарлықтай кеңейді. Сондықтан бұл серпін алдағы уақытта да сақталатынына толық сенемін.

Фото: Silk Way

— Елші қызметіне бекітілу кезінде сөйлеген сөзіңізде энергетика мен сирек жер металдарын негізгі бағыттар ретінде атап өттіңіз. Жаһандық «жасыл» экономикаға көшу және сирек жер элементтері мен аса маңызды минералдарға сұраныстың артуы жағдайында Қазақстанның оларды сенімді жеткізуші ретіндегі рөлін қалай бағалайсыз? Елімізде бірлескен өндірістік және өңдеу қуаттарын құру жоспары бар ма?

— Қазақстан аса маңызды минералдар саласында жаһандық деңгейде өте маңызды рөл атқаратын болады. Бүгінде, 2026 жылы бұл минералдар біз өндіретін дерлік барлық өнім үшін іс жүзінде шешуші мәнге ие. Мәселен, жасанды интеллектінің дамуы да осы ресурстарға қол жеткізе алмасақ мүмкін емес.

Дегенмен, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының аса маңызды минералдар саласында атқарып жатқан жұмысы — бұл жаһандық жоба екенін баса айтқым келеді. Ол тек біздің екі елмен ғана шектелмейді. Осыдан бірнеше ай бұрын Вашингтонда әлемдік деңгейде ашық баға қалыптастыру тетіктерін бірлесіп талқылау, инвесторлардың Қазақстанға келіп, аса маңызды минералдарды өндірумен және оны осы жерде өңдеу ісін дамытуға көмектесумен айналысуы үшін 54 елдің өкілін қабылдадық.

Осы іс-шарада Сыртқы істер министрі Көшербаев негізгі спикерлердің бірі болды. Идеяның түпкілікті мәні — Қазақстан — өзіндегі аса маңызды минералдардың бай қорын тиімді пайдаланып, оларды әділ бағамен сата алуы және өңдеу процесін дамыту үшін қажет серіктестерді қалауынша тартуы.

— Қазақстанда бірлескен өндіріс құру мәселесіне тоқталуға рұқсат етсеңіз. Келіссөздер нақты келісімдер сатысына жақын қалды ма?

— Иә, осынау әлемдік нарықтың қалыптасуы жақын уақытта аяқталады деп үміттенемін. Қазір бұл бағытта бастапқыда Вашингтонда жиналған 54 елден де көп мемлекет жұмыс істеп жатыр. Бізде АҚШ пен Қазақстан бірлесіп жүзеге асырып жатқан нақты жобалар да бар. АҚШ — жаһандағы ең ірі тау-кен өндіруші елдердің бірі. Бізде бұл саланы қалай тиімді дамытуға қатысты мол тәжірибе бар және сол тәжірибені Қазақстанға әкеліп, серіктес болғымыз келеді. Нақты мысалдардың бірі өткен жылы біз Cove Capital компаниясымен Қазақстандағы вольфрамның ірі кен орнына қатысты келісімге қол қойдық. Енді біз тек осы аса маңызды минералды өндірумен ғана емес, оны өңдеумен де бірлесіп айналысатын боламыз. Бұл өндірістік тізбектің барған сайын маңызды бөлігіне айналады.

Фото: Silk Way

— Халықаралық жеткізу тізбектерін әртараптандыруды талап етіп отырғанын әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайды ескерсек, АҚШ Қазақстанды жаһандық нарық үшін энергетикалық өнімдердің сенімді балама көзі ретінде қалай қарастырады?

— Қазақстан жаһандық нарықта жұмыс істеуге және әлемнің басқа елдерімен ынтымақтастық орнатуға ұмтылатынын айқын көрсетті. Бұл — негізгі мәселе. Кез келген мемлекет немесе мемлекеттік емес ойыншы аса маңызды минералдарға қолжетімділікті бақылауға алған жағдайда, бұл осы үдерістердің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Ал Қазақстан мұндай жағдайға жол бермеу үшін өзінің мол минералдық және энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану, бұл ресурстардың бүкіл әлем бойынша сатып алушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатыр.

— Қазақстан белгілі бір санаттағы иммиграциялық визаларға шектеулер енгізілген елдер тізіміне енді. Бұл Қазақстан қоғамдастығы арасында кең резонанс тудырды. Бұл шара туристер мен іскерлік сапарларға әсер етпейтініне қарамастан, оны қайта қарау мүмкіндігі бар ма?

— Иә, Вашингтонда осындай мәселемен жұмыс істеуде үлкен тәжірибем бар және мұндай иммиграциялық шаралар үнемі қайта қаралып отырады.

Сіз еске салған саясат тек белгілі бір иммиграциялық санаттарға ғана қатысты екенін айта аламын. Бұл жерде мәселе Қазақстанда тұрмайтын адамдарға байланысты, дәл соларға орай осындай саясат қалыптасты. Бұл Қазақстаннан келетін азаматтарға еш қатысты жоқ, оларды Құрама Штаттар әрдайым құшақ жая қарсы алады. Қазір бұл саясат қайта қаралып жатыр, сондықтан өзгерістер кез келген сәтте болуы ықтимал. Бірақ мұның АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа ешқандай қатысы жоқ. Мұндай жағдайға көптеген ел тап болады және меніңше жақын арада бұл мәселеге қатысты біраз жайтқа қанығамыз.

— Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп арасындағы тығыз ынтымақтастық пен белсенді өзара іс-қимылды көріп отырмыз. Сіздің ойыңызша, Қазақстан Президенті бүгінгі жаһандық диалогты қолдауда қандай рөл атқарады?

— Иә, шынымды айтсам, бұл қатынастардың осындай қарқынмен дамып келе жатқаны мені де таңғалдырады. Бұл тек президенттер деңгейінде ғана емес. Бұл министрлік деңгейінде де, үкіметтеріміздің бүкіл құрылымында да байқалады. Барлығымыз бұл қарым-қатынастарды ортақ тарихымыздағы ең жоғары деңгейге жеткізуге және өзара мүмкіндіктерді пайдалана отырып бір-бірімізге көмектесуге, серіктес болуға, осы әріптестік арқылы ортақ өркендеуді қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

Президент Тоқаев — бірегей тәжірибелі дипломат. Президент Трамп оның әртүрлі қақтығыстар мен жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңестері мен көзқарастарын жоғары бағалайтынын білемін. Президент Тоқаев Президент Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесіне алғашқылардың бірі болып қосылды. Олар жиі сөйлесіп тұрады. Қазақстан әрдайым Орталық Азиядағы өңірлік көшбасшы болды. Бірақ бүгінде, меніңше, Қазақстан әлемдік аренада әрекет етуі арқылы жаһандық көшбасшыға айналып келеді.

Фото: Silk Way

— Таяуда ғана елші қызметіне кірістіңіз. Енді бірнеше жылдан кейін сіз үшін жетістігіңіз не болмақ? Қандай нәтижелер сізге осы елдегі миссияңыздың сәтті болғанын айтуға мүмкіндік береді?

— Коммерциялық салада қазірдің өзінде айтарлықтай деңгейдегі ынтымақтастық бар екені сөзсіз және оның алдағы жылдары да жалғасып, кеңейетініне сенімдімін. Оған менің еш күмән жоқ. Ұзақ мерзімді келешекте, ондаған жыл бойы бұл әріптестік одан әрі тек нығая түседі. Дегенмен, мені әдетте өзара іс-қимыл барынша аз болған салалалары ерекше қызықтырады.

Бұл — қауіпсіздік, сөзсіз жасанды интеллект, әртүрлі жаңа экономикалық салалар, сонымен қатар қорғаныс пен құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық. Олар шын мәнінде біз бірге тиімді жұмыс істей алатын бағыттар саналады. Сонымен қатар Қазақстаннан АҚШ-та оқитын студенттердің көбірек болғанын және АҚШ студенттерінің осында келгенін көргім келеді. Адамдар арасындағы кез келген байланыс екі ел үшін де үлкен игілік. Бүгінде қарым-қатынастарымыз тек коммерциямен шектелмейді. Ол әлдеқайда кеңейіп, тереңдей түсуде және әріптестігіміздің болашағы өте жарқын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 20:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары