Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

​Қазақстан азаматтарына төрт елге кіру шарты өзгерді

​Қазақстан азаматтарына төрт елге кіру шарты өзгерді

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

ҚР Сыртқы істер министрлігі Мысыр, Латвия, Мексика және Ресейге Қазақстан азаматтарының кіруінің жаңартылған шарттарын жариялады. Осы елдерге сапарға шығу алдында нені ескеру керек екенін төменде таныса аласыздар. 

Латвия Республикасы

Латвия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Латвияға кірудің жаңа тәртібі күшіне енді. Латвияда тұруға ықтиярхаты немесе ұлттық визасы жоқ Қазақстан азаматтары Латвияға келуден кемінде 48 сағат бұрын eta.gov.lv порталы арқылы өтінім беруге міндетті.

Өтінімде сапардың мақсаты, мерзімі мен болу орны, бағыты, байланыс деректері, сондай-ақ өтініш беруші мен оның жақын туыстарының мемлекеттік немесе күштік құрылымдарда қызмет атқарғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.

Ақпарат берілмеген немесе жалған мәлімет ұсынылған жағдайда, 2 000 еуроға дейін айыппұл салынады. Дипломаттар мен дипломатиялық өкілдіктерге қысқа мерзімді қызметтік сапармен баратын тұлғалар бұл ережеден босатылады. Мәлімет жіберілгеннен кейін жүйе растауды электрондық поштаға жолдайды.

Мысыр Араб Республикасы

Мысыр Араб Республикасының Астанадағы Елшілігінің ресми ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан азаматтарына қатысты визалық режимге енгізілген жаңа талаптар күшіне енді.

Жаңа тәртіпке сәйкес: 21 жасқа толмаған қазақстандықтар ата-анасының біреуінің (әкесі немесе анасы) бірге жүруінсіз Мысыр аумағына кіре алмайды; 21 жасқа толған азаматтар Мысырға туристік сапармен барғанда, егер сапар тек Шарм аш-Шейх аймағымен шектеліп, 15 күннен аспайтын болса, визаны Шарм аш-Шейх халықаралық әуежайында рәсімдей алады; Каир, Хургада немесе Мысырдың басқа қалаларына баруды жоспарлаған азаматтар сапар алдында Қазақстандағы Мысыр Елшілігінен виза алуы тиіс.

Мексика

Мексика Үкіметінің ресми порталында жарияланған Ұлттық көші-қон институтының ақпаратына сәйкес, егер Қазақстан азаматтарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония немесе Шенген аймағына мүше елдердің жарамды көп мәртелік визасы болса, олар Мексикаға мексикалық визасыз кіре алады.

Бұл жағдайда туризм, транзит немесе табыс әкелмейтін іскерлік сапарлар мақсатында елге 180 күнге дейін кіруге рұқсат беріледі. Виза сапардың барлық мерзімінде жарамды болуы тиіс.

Егер мұндай визалар болмаса, азаматтар мексикалық визаны алдын ала консулдықтан алуы қажет.

Ресей Федерациясы

1996 жылғы 15 тамыздағы № 114-ФЗ «Ресей Федерациясынан шығу және Ресей Федерациясына кіру тәртібі туралы» және 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 242-ФЗ «Ресей Федерациясында мемлекеттік геномдық тіркеу туралы» Федералдық заңдарына сәйкес, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Ресей Федерациясына кіру және шығу ережелері мен шарттарын сынақтан өткізу жөніндегі Эксперимент енгізілуде.

Эксперимент екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең: 2024 жылғы желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейін Мәскеу әуежайларында (Шереметьево, Домодедово, Внуково, Жуковский), сондай-ақ Орынбор облысындағы «Маштаково» автомобиль өткізу пунктінде өткізіледі. Бұл кезеңде шетелдік азаматтардың биометриялық деректері жиналады.

Екінші кезең: 2025 жылғы 30 маусымнан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейін Ресей Федерациясының барлық өткізу пунктерінде қолданылады. Визасыз режиммен кіретін шетелдік азаматтар сапарға шығудан кемінде 72 сағат бұрын (шұғыл жағдайларда – 4 сағат бұрын) «ruID» қосымшасы арқылы кіру және болу мақсатын көрсетуі тиіс.

Қазіргі уақытта «ruID» қосымшасы арқылы ақпарат жолдау ерікті сипатта. ҚР азаматтары өтініш бермей-ақ Ресейге кіре алады.

Эксперимент келесі тұлғаларға қолданылмайды: РФ-тегі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтардың басшылары және олардың отбасы мүшелері; РФ-тегі шетелдік дипломатиялық және консулдық мекемелердің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері; РФ Үкіметімен келісім жасасқан халықаралық ұйымдардың өкілдері және олардың отбасы мүшелері; Дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері (егер оларда дипломатиялық немесе қызметтік виза болса), ресми делегация құрамындағы сапарлар кезінде; 6 жасқа толмаған шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.

Бүгін, 10:03

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 10:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары