Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстан мен Германия компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды

Қазақстан мен Германия компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара Өңірлік экологиялық саммит аясында екі елдің мемлекеттік органдары, іскер топтары мен халықаралық ұйымдарының қатысуымен ұйымдастырылды.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев 2012 жылдан бері Берлин Еуразиялық клубы диалогтан нақты бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін тиімді алаң ретінде өзін танытқанын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар сенімге, прагматизмге және ұзақ мерзімді мүдделердің үндестігіне негізделген стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті. Германия Еуропа одағындағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі, ал Қазақстан Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың маңызды орталығы.

Е.Ашықбаев климаттың өзгеруі жағдайында су экономикалық дамуға, азық-түлік қауіпсіздігіне және өңірлік қауіпсіздікке тікелей әсер ететін стратегиялық ресурсқа айналғанын айтты. Қазақстан су қауіпсіздігін мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде қарастырып, тиісті министрлікті құру, инфрақұрылымды жаңғырту және цифрлық әрі су үнемдеу технологияларын енгізуді қоса алғанда, жүйелі шараларды жүзеге асырып жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын ілгерілетіп, халықаралық әріптестердің қолдауына үміт артады. Осы тұрғыда оның ішінде «Орталық Азия – Германия» форматы мен «Green Central Asia» бастамасы шеңберінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор.

Германия экономикасының Шығыс комитеті басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанның реформалардың серпінін жоғары бағалап, су секторындағы ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті. Мысал ретінде инновациялар, цифрландыру және кадр даярлау алаңы болатын Kazakh-German Water Hub құру бастамасы аталды.

Отырыс барысында тараптардың практикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін елеулі әлеуетке ие екені, соның ішінде инфрақұрылымдық және экологиялық жобаларды бірлесіп іске асыру, ғылыми-зерттеу бастамаларын дамыту және өңірлік климаттық күн тәртібін нығайту мүмкіндігі айтылды.

Екі панельдік сессия барысында қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстарын басқару, климаттық орнықтылық мәселелерін, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен экологиялық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі «Green Central Asia» бастамасын іске асыру жайын талқылады. Озық технологиялармен алмасуға және салааралық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Германияның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі тәуелсіз институты; Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Германияның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі тәуелсіз институты; Су ресурстарын ақпараттық-талдау орталығы мен Германияның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі тәуелсіз институты; сондай-ақ «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ, «German Water Partnership» Германия су қауымдастығы және «System S&P GmbH» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Осыған дейін Германияға қазақстандық мұнайды жеткізу көлемі артатыны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:250
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 00:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары