Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Қазақстан қалаларында шыбын шіркейден қорғайтын тор мен қорғаныш темірін орнату құны қанша

Қазақстан қалаларында шыбын шіркейден қорғайтын тор мен қорғаныш темірін орнату құны қанша

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Көктем туғанда адамдар терезе ашып қояды. Алайда таза ауамен тыныстау кейде жас ата-аналарды қайғыға душар етуі мүмкін. ТЖМ сәуір айының алғашқы күндерінен бастап балаларды қараусыз қалдырмауды, әп сәтте олардың терезеден құлап кетуі мүмкін екенін айтып, жиі ескерту жасады.

Балалардың бойында қорқыныш сезімі болмайды әрі олар бәрін қызық көреді. Кішкентайлар үшін далада не болып жатқаны қызық. Көліктердің қозғалысын қарап, ағаштардың бұтағына қол созады. Мұндайда олар өздерін жоғары қабатта тұрғанын, алға ұмтылу қауіпті екенін білмейді. Бірер секунд көзден таса болса, орны толмас өкінішке әкеп соғуы мүмкін. Ал ересектер шыбын-шіркейден қорғайтын тордың көмегі болады деп ойлайды. Алайда бұл қате түсінік.

Масадан қорғайтын тор тек шыбын-шіркейден қорғайды. Ал бала салмағын көтере алмайды. Тіпті бала ұстап, тіреп тұрмын деп ойлап, бар салмағымен алға ұмтылады. Қайғылы жағдайды бастан өткермес үшін арнайы тор қоюды ұсынады. Бұл бала салмағын көтеретін тор.

Шыбын-шіркейден қорғайтын тордан бастайық. Қазақстанда мұндай тордың орташа бағасы – 5 000 теңге. Алайда кейбір өңірде одан арзан, кейбірінде қымбат.

Ең арзаны Алматы қаласынан табылды. Ірі мегаполисте баға 2 500 теңгеден басталады. Орал қаласында 3 000 теңге, ал Қонаев қаласында 3 200 теңге, Шыментте 3 500 теңге және одан жоғары. Қызылорда мен Қарағанды қалаларында масадан қорғайтын тор бағасы 4 000 – 4 500 теңге болып тұр.

Ал көп қалада баға 5 000 теңге. Олардың қатарында Астана, Түркістан, Семей, Петропавл, Тараз, Павлодар, Жезқазған, Қостанай, Ақтөбе қалалары бар. Шыбын-шыркейден қорғайтын тор орнату Талдықорған, Атырау, Көкшетау қалаларында сәл қымбат. Мұнда баға 6 000 теңгеден басталады.

Инфографика: Kazinform

Баға Өскемен мен Ақтау қалаларында жоғары. Тордың бағасы 7 000 теңден басталады. Бұл тордың ең арзан түрі. Сонымен бірге қазір шаң-тозаңнан қорғайтын (шаңға қарсы тор 14 000 – 20 000 теңге) және үй жануарларының қашып кетуінен сақтайтын (мысықты қорғайтын 9 500 – 30 000 теңге) тор да орнатылады. Сонымен бірге баға терезенің көлеміне, жақтауының неден жасалғанына, құрылымына, материалдың қайдан шығарылғанына (Түркия немесе Ресей) байланысты өзгеріп отырады. Кейбірі пәтердің шаршы метрін есептейді. Сырғымалы тор жасап беретін компаниялар да бар.

Қазақстан бойынша балаларды қорғауға арналған тор бағасы орта есеппен – 10 – 15 мың теңге. Бұл жолы да ең арзаны Алматы қаласында болып шықты. Мұнда баға Өскемен, Қонаев пен Семейге қарағанда екі есе арзан. Ал бұл қалаларда 8 000 теңгеден басталады. Қызылорда қаласында баға 9 000 теңге және одан жоғары.

Еліміздегі орташа баға – 10 000 теңге. Астана, Түркістан, Тараз, Ақтау, Жезқазған мен Қарағандыда баға осындай. Ақтөбеде 12 500 теңден, Шымкент пен Қостанайда 14 000 теңгеден басталады. Талдықорған, Атырау, Көкшетау, Павлодар мен Оралда одан сәл жоғары, яғни, 15 000 теңге.

Қазақстан бойынша ең қымбаты Петропавл қаласында жасалады. Бұл қалада баға 20 000 теңгеден басталады. Жалпы еліміз бойынша темір тор орнату қызметінің құны 30 000 теңгеге дейін жетеді.

Егер қандай да бір ерекше дизайнды таңдасаңыз, үстіне 5 000 теңгеге қосуға тура келеді. Сонымен бірге өндірушілер масадан қорғайтын тор мен темір орнату қызметін қатар ұсынады. Бұл кезде баға 12 000 – 16 500 теңге аралығында болады. VIP-жүйе болса, кейде 100 000 теңгеге жетеді.

Егер тапсырыс берсе, өлшеу және орнату тегін болады. Кейбір кәсіпкерлер ол қызметке де қосымша ақы алады. Өлшеу қызметінің бағасы шамамен 3 000 теңге болса, бір торды орнату 1 500 – 3 600 теңгеге жетеді. Ескі темірді алу қызметі 5 000 теңге және одан жоғары.

Кейбірі терезеге темір орнатпайды, есесіне құлыптап қоюға болатын мүмкіндікті пайдаланады. Бала өз еркімен терезені толық аша алмайды. Ілмектің де бірнеше мүмкіндігі қарастырылған. Орнату оңай әрі бағасы арзан. Мәселен Петропавлда 1 800 теңге болса, Қарағанды қаласында 500 теңден басталады. Шымкентте баға 2 500 теңге, ал Астана мен Көкшетау қалаларынан 5 000 теңгеге табуға болады. Шымкентте әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасына ілек тегін орнатылады.

Кез келген қазақстандық терезені толық ашуға мүмкіндік бермейтін ілмекті 1 000 – 5 000 теңгеден таба алады. Баланың өмірінен ештеңе де қымбат емес.

Бұған дейін Қазақстандағы кілем жуу қызметі туралы жазылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Сәуір 2026 16:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары