Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жиынға екі елдің шекаралық аймақтарының басшылары, мемлекеттік органдарының өкілдері, ірі кәсіпорындарының жетекшілері, т.б. қатысты. РФ Президентінің Сібір федералды округіндегі уәкілетті өкілі Анатолий Серышев, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко, Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Владимир Падалко, т.б. қонақтар кіріспе сөз сөйледі.

Кеңейтілген отырыста Ресей Федерациясы еліміздің ірі сауда-экономикалық серіктесі болып қалып отырғаны айрықша атап өтілді. Нақты сандарға көз жүгіртсек, өткен жылдың қорытындысында екі мемлекеттің өзара сауда айналымы 27,4 млрд долларды құраған. Биыл да бұл бағытта өсім қарқыны сақталып отыр: алғашқы бес айда (қаңтар-мамыр) сауда көлемі 9,6 пайызға өсіп, 10,9 млрд долларға жетті.

2005–2025 жылдар аралы­ғында Ресейдің Қазақстанға салған тікелей шетелдік инвес­тициясының көлемі 29,3 млрд долларды құрады. Осы кезеңде Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция құйған. Қазіргі таңда өнеркәсіптік кооперация аясында жалпы инвестиция көлемі 52,7 млрд долларды құрайтын 177 бірлескен жоба іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар Омбы облысының біздің өңірлермен сауда-саттық байланысы да жоғары деңгейде. Осы жылдың алғашқы төрт айында Ресейдің аталған өңірімен арадағы та­уар айналымы 136 млн долларға жеткен. Бұл – былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға артық көрсеткіш. Биыл біздің ел тарапынан Омбыға 33 млн доллардың тауары экспортталса, аталған өңірден 103 млн доллардың өнімі импортталыпты.

Жиында сөз алған еліміздің Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Қазақстан мен Ресей үшін өзара сауда-саттықтың жоғары деңгейін сақтап қана қоймай, экономикалық өсімнің жаңа көздерін табуға ұмтылу қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттеріміздің басшылары алдымызға қойып отырған меже – өзара тауар айналымын жылына 30 млрд долларға дейін жеткізу. Бүгінде қос мемлекет осы мақсатқа қарай сенімді түрде ілгерілеп келеді.

«Бұл біздің елдеріміздің экономикалары бір-бірін толықтыру тәжірибесінің жоғары деңгейін сақтап отырғанын анық көрсетеді. Дегенмен бүгінде ынтымақтастық құрылымы өзгеріп жатыр. Бұрын өзара жеткізу көлемін арттыруға негізгі назар аударылған болса, қазір өнеркәсіптік кооперация, өндірістік тізбектерді дамыту, өндірісті бір жерге шоғырландыру мен жаңа нарықтарды бірлесіп игеру мәселелері бірінші орынға шығып отыр. Міне, біз әрі қарай өсудің елеулі әлеуетін дәл осы жерден көреміз», деді ол.

Вице-министр екі елдің машина жасау саласындағы ортақ жобаларына тоқталды. Оның айтуынша, Көкшетау қаласындағы «КамАЗ-Инжиниринг» мекемесінің қызметі көп жылдан бері өнеркәсіп кооперациясының екі тарапқа да тиімді болғанын дәлелдеп келеді. Тағы бір мысал – жеке қорғаныс құралдарын өндіретін «Техноавиа-Казахстан» компаниясы. Жіпке тізе берсе, мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

«Бұл жобалар Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы бірлескен қосылған құнды қалыптастыру айналасында дамып жатқанын көрсетеді. Өзара іс-әрекеттестіктің осындай форматы ұзақмерзімді экономикалық пайда әкелуге қауқарлы», деді А.Әбілдабеков.

Екі ел арасындағы айрықша көңіл аударылып отырған саланың тағы бірі – көлік-логистикалық инф­рақұрылымды дамыту. Бүгін­де тауарларды жылдам жеткізу бәсекеге қабілеттіліктің бас­ты факторының бірі болып отыр. Осыған орай біздің еліміз халық­аралық көлік маршруттарын дамыту, теміржол мен шекаралық инфрақұрылымды жаңғырту, сауда мен логистика салаларына цифрлық шешімдерді енгізуге мол қаражат құйып жатыр.

«Кейінгі жылдары Қазақстан мұхитқа шығар жолы жоқ елден Еуразияның басты көлік-логистикалық хабына айналуға дейінгі даму жолын жүріп өтті. Нақты сандарға жүгінсек, транзиттік өткізу көлемі 2016 жылы 13 млн тоннадан 2025 жылы 33 млн тоннаға дейін артты. Былтырғы жылдың өзінде өсім 20 пайызды құрады. Бұған көлік инфрақұрылымын біртіндеп жаңғырту жұмысы себепші болып отыр. Кейінгі 15 жылда бұл салаға 35 млрд доллар жұмсалды. 2030 жылға дейін тек теміржол инфрақұрылымының өзіне тағы да 10 млрд доллардан астам қар­жы құю жоспарланып отыр», деді Сауда және интеграция вице-министрі.

Қазіргі таңда Қазақстан арқылы бес халықаралық теміржол дәлізі өтеді. Олар Қытай мен басқа да Азия елдерін Ресей, Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Иран, Парсы шығанағы елдерімен байланыстыратын біртұтас бағыттар жүйесін құрап отыр. Соның ішінде Қазақстан мен Ресейді тоғыз мемлекетаралық теміржол пункті жалғайды.

«Бұдан бөлек, тасымалдау үдерісін цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Біздің мақсатымыз – жекелеген электрондық құжаттармен алмасудан бастап, жүкті жөнелту пунктінен соңғы алушыға дейінгі үздіксіз цифрлық сүйемелдеуге қол жеткізу. «Қазақстан темір­жолы» мен «Ресей темір жолдары» мекемелері арасында электрондық жүк құжаттармен толыққанды алмасу іске асырылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша олардың үлесі 76–88%-ға жетті. Былтыр қазан айында Достық-Брест бағытында TezCustoms кедендік модулі іске қосылып, 12,7 мыңнан астам транзиттік декларация рәсімделді», деді А.Әбілдабеков.

Кеңейтілген отырыста екі мемлекеттің шекаралық аймақтарының өзара алыс-берісті арттырудағы рөлі айрықша аталып өтті. Өзара шектесіп жатқан облыстар қос елдің сауда айналымының едәуір бөлігін құрайды, бұл өңірлерде жаңа өндірістік жобалар іске қосылып, орнықты кооперациялық бай­ланыстар құрылып жатыр. Сон­дықтан аймақаралық ынты­мақ­тас­тықты одан әрі дамыту Қазақстан мен Ресейдің эконо­мика­лық қарым-қатынасын нығайту­дың маңызды факторы болып отыр.

Жиын соңында екі мем­лекеттің бірқатар мекемесі мен кәсіпорындары арасында бірлескен құжаттарға қол қою рәсімі өтті.

Кеше, сондай-ақ, ХХІІ Аймақ­аралық ынтымақтастық фору­мы аясында «Жастар ынтымақ­тастығы: жастардың бастамалары мен кәсіпкерлігін қолдау» тақырыбында Ресей – Қазақстан жастар форумы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған көрме ұйымдастырылды.

Ал түстен кейін форум жұмысы үш панельдік сессиямен жалғасын тапты. Алғашқы отырыс «Халықаралық кооперация: көлік дәліздері инфрақұрылымын дамыту: негізгі инфрақұрылымдық жобалар мен су маршруттарын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру келешегі» тақырыбына арналса, екінші панельдік сессияда Ертіс өзеніндегі экологиялық серіктестік пен қоршаған ортаны қорғаудың бірлескен шаралары талқыланды. Еліміздің Өскемен, Семей, Павлодар қалаларымен қатар Омбы қаласы да осы өзеннің бойында орналасқандықтан, Ертістің ертеңі екі ел үшін де маңызды. Ал үшінші сессия «Өнеркәсіптік кооперация – Ресей мен Қазақстанның орнықты даму факторы» тақырыбына арналды.

Айта кетсек, Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақ­тастық форумы 2003 жылдан бері тұрақ­ты түрде өтіп келеді. Жыл сайын екі елдің қалаларында кезек­тесіп ұйымдастырылып отырады. Мәселен, былтырғы форум Орал қаласында өткен болатын. Бұл жиындарда сауда-экономи­калық, гуманитарлық, мәдени, ғылыми байланыстар арқылы Қазақстан мен Ресей аймақтарындағы халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында екіжақты іс-әрекеттестіктің өзекті мәселелері талқыланады.

Биылғы форумға Қазақстан тарапынан Сауда және интеграция, Көлік, Ғылым және жоғары білім, Мәдениет және ақпарат, Өнеркәсіп және құрылыс, Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика министрліктерінің өкілдері, бірқатар облыс әкімдері, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «QazTrade» сау­да саясатын дамыту орталығы, «Атамекен» ҰКП, «ШОБ корпорациясы» АҚ, т.б. компания басшылары қатысып жатыр.

Іс-шараның екінші күні, яғни бүгін ХХІІ Аймақаралық форум мен Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жөніндегі үкімет­­аралық комиссияның плен­ар­лық отырысы өтпек. Басқосуға екі елдің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Влади­мир Путин қатысады деп күтіліп отыр.

 

Омбы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 08:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары