Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда әскери оқу орындарына қабылдау басталды: 1483 грант бөлінді

Қазақстанда әскери оқу орындарына қабылдау басталды: 1483 грант бөлінді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Талапкерлер 15-31 шілде аралығында әскери институттар мен колледждерге құжат тапсыра алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биыл әскери институттарға 723, ал әскери колледждерге 760 орын бөлінген. Оқу барысында курсанттар мен кадеттер мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етіледі. Ал оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери лауазымдарға тағайындалады.

Қабылдау науқанының барысы және әскери білім беру жүйесінің дамуы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда заманауи қарулы қақтығыстар жағдайында тиімді әрекет ете алатын жаңа буын офицерлері мен сержанттарын даярлауға бағытталған әскери білім беру жүйесін кешенді жаңғырту жүргізілуде.

Аталған жүйе тоғыз әскери оқу орнын – үш институтты, бес колледжді және Ұлттық қорғаныс университетін біріктіреді. Сонымен қатар ол орта арнаулы білімнен бастап магистратура мен докторантураға дейінгі барлық дайындық деңгейлерін қамтиды.

Басты басымдықтар – тәжірибеге бағытталған оқыту, цифрлық технологияларды енгізу және қазіргі заманғы армия үшін аса қажетті бағыттар бойынша білікті мамандар даярлау.

– Заманауи қарулы қақтығыстар әскери кадрларды даярлауда жаңа тәсілдерді талап етеді. Сондықтан оқу үдерісіне ақпараттық қауіпсіздік, криптология, радиоэлектрондық күрес, әскерді автоматтандырылған басқару жүйелері, ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану, сондай-ақ жасанды интеллект, виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары бойынша пәндер белсенді енгізіліп жатыр, – деді полковник Мұрат Олжабаев.

Реформаның негізгі бағыттарының бірі – қабылдау науқанын цифрландыру. Өткен жылдан бастап әскери оқу орындарына құжаттарды eGov.kz порталы арқылы тапсыруға мүмкіндік берілді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ықпалдастырылуының арқасында құжаттарды рәсімдеу мерзімі 120 күннен 30 күнге дейін қысқарып, іріктеу рәсімдері елдің барлық өңіріндегі талапкерлер үшін ашық әрі қолжетімді бола түсті.

Спикердің мәліметінше, жастардың әскери білімге деген қызығушылығы артып келеді. Өткен жылғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша, әскери колледждерде бір орынға орта есеппен үш үміткерден, ал әскери институттарда екі үміткерден келген. Ең сұранысқа ие мамандықтардың қатарында авиация, әскери медицина, автоматтандыру, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік салалары бар.

Қорғаныс министрлігі болашақ офицерлердің практикалық даярлығына ерекше көңіл бөліп отыр. Курсанттар әскери бөлімдерде тағылымдамадан өтіп, түраралық оқу-жаттығуларға қатысады, сондай-ақ барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес және әскерді басқарудың заманауи құралдарын меңгереді. Сонымен қатар оқу бағдарламасына қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі мен ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану тәсілдері енгізілген.

Әскери білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық та кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта 300-ден астам қазақстандық курсант Қытай, Түркия, Корея Республикасы, АҚШ, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Армения және Беларусь елдерінің әскери оқу орындарында Қазақстан Қарулы Күштеріне қажетті мамандықтар бойынша білім алып жүр.

Қорытындылай келе Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы әскери білім беру жүйесін жаңғырту әскери қызметшілерді даярлаудың жоғары технологияларға негізделген жаңа моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл модель тәжірибеге бағдарлануды, көшбасшылық қасиеттерді дамытуды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заманауи талаптарға сай білікті мамандар даярлауды көздейді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 19:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары