Қазақстанда Бірлікке үн қосқан республикалық этномәдени бірлестіктер фестивалі өтеді
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фестивальдің басты мақсаты – этномәдени бірлестіктердің шығармашылық әлеуетін дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ Қазақстан халқының мәдени мұрасын, ұлттық дәстүрлері мен құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Фестиваль еліміздің барлық өңірінде екі кезең бойынша ұйымдастырылады. Алғашқы кезеңде облыстарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік іріктеу байқаулары өткізіліп, үздік шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар анықталады. Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алып, қазан айында Астана қаласында өтетін қорытынды Гала-концертке қатысады.
Этномедиация – этносаралық келісімді нығайтудың тиімді тетігі
Фестивальге этномәдени бірлестіктердің өкілдері, халық өнерін насихаттап жүрген шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар шақырылады. Байқау бес номинация бойынша өткізіледі: «Үздік шығармашылық ұжым», «Үздік аспаптық шығарма», «Үздік орындаушы», «Қазақ тіліндегі үздік орындаушы», «Үздік хор ұжымы».
Фестиваль Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің үздік шығармашылық жетістіктерін таныстыруға, өңіраралық мәдени ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және жас таланттарды қолдауға мүмкіндік береді.
Қорытынды Гала-концерт Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында өтеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 11:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















