Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО лардың жұмыс уақытын ұзарту ұсынылды

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО лардың жұмыс уақытын ұзарту ұсынылды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Құрылтайда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруды ұзақ күту мәселесі көтерілді – арнайы ХҚКО-лардағы кезек жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты олардың жұмыс уақытын ұзарту ұсынылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденовке жолдаған депутаттық сауалында Мейраш Шынасилова айтты, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі.

Жүргізуші куәлігін алу емтихандары не болып жатыр?

Депутаттың айтуынша, азаматтар мен автомектептер арнайы ХҚКО-ларда емтихан күту мерзімі алты айға дейін созылатынын хабарлап отыр. Бос орындар лезде сатылып кетеді, ал жазылу тетігі әлі де ашық емес.

"Тапшылық пен ашықтықтың жоқтығы жағдайында ақылы делдалдардың пайда болуы заңдылық", – деді Шынасилова.

Депутаттың сөзінше, практикалық емтихандарға қатысты жағдай күрделі. Қазіргі уақытта олар негізінен арнайы ХҚКО-лардың автодромдарында өткізіледі.

Шынасилова мысал ретінде Астананы келтірді, онда бір автодром агломерацияны есепке алғанда шамамен екі миллионға жуық халқы бар қалаға қызмет көрсетеді.

Нені өзгерту ұсынылып отыр?

Депутат автомектептердің жеке автодромдарын тартуды ұсынды. Ол үшін автодромдарға, қауіпсіздікке және емтихандарды өткізуге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу қажет.

"Емтихандар, бағалау критерийлері, бейнебақылауға және нәтижелерді ақпараттық жүйеге енгізуге қойылатын талаптар барлық емтихан қабылдау пункті үшін бірдей болуы тиіс", – деді депутат.

Сонымен қатар ол жазылу кезіндегі делдалдық қызметтерді алып тастауды және емтиханға жазылуды тек "Азаматтарға арналған үкімет", eGov және eGov Mobile арқылы жүргізуді ұсынды.

"Емтиханға жазылуды тек "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы арқылы жүзеге асыруды және бос орындарды автоматты түрде бөлудің ашық әрі қорғалған тетігін енгізуді ұсынамыз. Бұл кезекті сату-сатып алудың алдын алуға және барлық азаматтың емтихан тапсыру мүмкіндігіне тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді Шынасилова.

Ұсыныстар қатарында арнайы ХҚКО-лардың жұмыс уақытын ұзарту және теориялық емтихандарды өткізу үшін қосымша алаңдарды пайдалану да бар.

Ол үкіметтен арнайы ХҚКО-лардың жұмысын 20:00-ге дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Қазіргі уақытта Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Теориялық және практикалық емтихандарды өткізуге жеке автодромдар мен өзге де ұйымдарды тарту мәселесін пысықтауды және емтиханға жазылуды тек eGov, eGov Mobile арқылы жүзеге асыру, бос орындарды автоматты түрде бөлудің ашық әрі қорғалған тетігін енгізу, сондай-ақ делдалдардың қызметіне тосқауыл қою бойынша нақты шаралар қабылдауды сұраймыз", – деп түйіндеді депутат.

Бұған дейін қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтихандарына жазылудың қиындығына шағымданғанын жазған болатынбыз. Теориялық және практикалық емтихандарға бос орындар жиі айлап болмайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" кезектің туындау себептері ретінде сұраныстың жоғарылығын, өтініштердің маусымдық өсуін, өңірлер бойынша жүктеменің біркелкі болмауын, автодромдардың тапшылығын және емтиханды бірінші реттен тапсыра алмағандардың қайта жазылуын атады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 12:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары