Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда параспорт қалай дамып жатыр? Депутат Кенжеғұл Сейітжанмен сұхбат

Қазақстанда параспорт қалай дамып жатыр? Депутат Кенжеғұл Сейітжанмен сұхбат

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан қысқы паралимпиада ойындарында жүлдегер атанып, ел қоржынына алғашқы медалді салды. Бұл жеңіс параспорттың қоғамдағы орны мен мүмкіндігі шектеулі жандардың спорттағы әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті. Соңғы жылдары Қазақстанда параспортты дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және ерекше қажеттілігі бар спортшыларды қолдау мәселесі жиі көтеріліп келеді. Алайда бұл бағытта әлі де шешімін күтетін мәселелер аз емес.

Осыған байланысты arasha.kz тілшісі паралимпиадалық спортшы, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты Кенжеғұл Сейітжаннан параспорттың қазіргі жағдайы, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау және бұл саланы дамыту перспективалары туралы сұрап білді.

– Кенжеғұл Социалұлы, параспорт түрлеріне мемлекеттен бөлініп жатқан қаржы жете ме?

– Паралимпиада ойындарына да басқа спорт түрлеріне бөлінгендей көңіл бөлінсе деп қалаймын. Бюджеттің қаншалықты қиын болып жатқанын өзім де көріп отырмын ғой, жалпы осыдан он жыл бұрын параспортқа 3 млн. теңге ғана бөлінген, ал қазір 2026 жылға 5,7 млрд. теңге, 2027 жылы 6,1 млрд. теңге және 2028 жылға 6,9 млрд. теңге бөлінгелі жатыр. Былтыр бюджет қабылданған кезде мен министрліктен бұл ақша жете ме екенін сұрағанмын.  “Иә, жетеді, егерде жетпей, шығын ұлғайып жатса, жергілікті жерлермен байланысу арқылы қаражат бөлінеді” дегенді айтқан болатын. Мысалға жақында пара Азия ойындарына велоспорттан 16 спортшыларымыз барып, оның төртеуін Алматы қаласы, үшеуін Астана қаласы қолдау жасап, ақшасын бөлді. 

“Блайнд-футбол бапкерлері 500 мың алады, ал футболда – 50 млн”

– Сондай-ақ соңғы депутаттық сауалымда мен: – “2024 жылғы паралимпиадалық спорт түрлеріне бөлінген қаржы өте аз болған, 2028, 2032 жылға жалпы спорт түрлерімен теңдей болмаса да, 50-60 пайызға дейін көтеріңіздер”, – деп айттым. Соған қарай 2026-2028 жылдарға арналған бюджетке министрлік қаражат қарастырды. Бірақ менің жеке ойым, ол – аз. 

Әсіресе мүгедектігі бар спортшыларды дайындайтын бапкерлердің ақшасын көбейту керек. Себебі басқа бапкерлер біздің мүгедектігі бар спортшыларды жаттықтыратын бапкерлерден екі есе, кейбір жерлерде он есе артық алады. Мысалы бізде блайнд-футбол бар, бұл – көзі көрмейтін азаматтарға арналған футбол түрі. Одан кейін, тірек қызметі бұзылған азаматтарға арналған футбол бар. Оның жаттықтырушылары 500-600 мың теңге жалақы алады. Ал жалпы футболда бапкерлер 50 млн. теңге айлық алады. Қанша есе көп қаражат алатынын өздеріңіз есептей беріңіздер. Ең болмағанда 1-2 млн. теңгеге өсірсе жақсы болар еді. Мұндай салыстырудар өте көп. 

Ал енді биылғы қысқы паралимпиадаға келетін болсақ, ол мүгедектігі бар азаматтардың арасында аса танымал емес. Бірақ Қостанай, Петропавл, Павлодар сияқты қысы ұзақ болатын өңірлер көңіл бөлуде. Ербол Хамитов бауырымыздың өзі де Петропавлдан шыққан азамат. Сондықтан менің пікірімше осындай азаматтардың арқасында параспорт дамуда. Бірақ тағы да көңіл бөлінуі керек, менің ойымша әлі де аз. 

“Параспорт бөлек дамуы тиіс”

– Сіз мүгедектер спорты мәселесін мінберлерден жиі көтересіз. Қазіргі уақытта заңдық тұрғыда параспортты дамытуға не жетіспейді?

– Қазір министрлікпен біз өте қатты байланыстамыз. Себебі параспорт пен жалпы спорттың федерациясын біріктіруге ұмтылыс жасап жатыр. Ал біз оған қарсымыз. Өз басым Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлымен кездесіп, өз ойымды айттым. Қазір Паралимпиада Ұлттық орталығымен, Туризм және спорт министрлігімен бірге паралимпиада біткеннен кейін Мәжілісте инклюзивті Парламент мүшелері жиналыс жоспарлап отырмыз. Жиналыс тақырыбы – параспорт пен жалпы спортты қоспау. Бізде Ұлттық паралимпиада комитеті бар, бөлек ақша бөлінеді, бөлек ұйымдары бар, ал сол параспорт пен жалпы спортты қосып тастамақшы. Қосқан кезде даму болмайды. Не үшін? Себебі, жалпы федерацияның азаматтары мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс істегісі келеді, бірақ олар жұмыс істей алмайды. Мысалы мен өзім мүгедектігі бар азамат болғаннан кейін, маған не керек екенін білемін. Ал басқа азаматтар біле алмайды. Қанша үйренгенімен біздің керегімізді олар қамти алмайды. 

Тағы бір мәселе қоса кеткім келіп тұр, заң бойынша биылдан бастап мүгедектігі бар азамат, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектерге қасына көмекші ертуге болады. Бұл мүгедектігі бар азаматтарға өте-өте күшті қолдау. Бар нәрсені – бар деп айтып кету керек. 

Одан кейінгі тағы бір мәселе, параспорт және жалпы спортқа кіретін оллимпиадалық спорт, паралимпиадалық спорт, Азия ойындарына кіретін спорт, пара Азия ойындарына және Ұлттық спортқа бөлінетін қаржыларды менің әріптестеріммен бірге реттеп, заңға кіргіздік. Бұл – оллимпиадалық, паралимпиадалық спорттарды бөлек дәріптеу,  жоғарыға көтеру.

“Нәтиже бар, қолдау керек”

– Қазақстандағы пара спортшылардың жетістігін қалай бағалайсыз? 

– 2024 жылы Парижде біздің спортшыларымыз өте жақсы нәтиже көрсеткен. Жалпы спортқа қарағанда екі есе көп медаль әкелді. Екі алтын, үш күміс, төрт қола медаль әкелді. Мен ойлаймын, бұл біздің параспортшылардың тынбай істеген еңбегі және жаттықтырушыларының маңдай тері. Сонымен қатар, министрліктегілердің сәл-сәл қолдауы. Мен қатты деп айтпаймын, сәл-сәл қолдауы.

– Сәл-сәл қолдау дедіңіз, елімізде паралимпиадаға дайындалатын спортшыларға жағдай жасалған ба? 

– Мен өзім қолымнен келгенше қолдап отырмын. Расында айту керек, соңғы бір жарым, екі-үш жылда ғана жақсарып келеді. Жүз пайыз болмаса да, 30-40 пайыз ақырындап түзеліп келеді. Міне, бүгін шешіліп кетсін деп ойлайсың, бірақ бюджеттің түсіміне қарайсың. Мен министрлікке: – “Мен сіздерді түсінемін, иә, басқа спорт түрлерін ренжіткілеріңіз келмейді, бірақ мүгедекітігі бар азаматтардың спорт түрін қаперлеріңізден қалдырмасаңыздар?” – деп айтамын. Олар қолдарынан келгенше, бюджеттің аясында және бізде спорт қоры бар, сол спорт қорының аясында қолдау білдіруге тырысады. Бұрын қолдау тіпті аз болатын, 2023-2024 жылдармен салыстырғанда қазір қолдау көбірек. 2026 жылы одан да көп болады. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 22:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары