Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Қазақстанда жаңа мемлекеттік орган құрылды

Қазақстанда жаңа мемлекеттік орган құрылды

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

"Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде құрылсын, – делінген құжатта.

Осыған байланысты Қазақстан Президентінің кейбір актілеріне тиісті өзгерістер енгізіледі.

Атап айтқанда, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" деген жолдан кейін "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты" деген жол қосылды.

Сондай-ақ саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміндегі "Саяси мемлекеттік лауазымдар" тарауына өзгеріс енгізілді.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасары" деген жолдан кейін "Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары" лауазымы енгізілді.Ал "Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы" деген жолдан кейін "Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары" деген жол қосылды.

Құжатта мынадай тармақтар жаңа редакцияда жазылды:

Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы басқарады.

Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі және Төтенше жағдайлар министрі лауазымы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері болып табылады.

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына тікелей бағынады.

Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етуді оның жұмыс органы саналатын Аппарат жүзеге асырады.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қыркүйек 2026 13:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see144

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see131

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see129

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see128

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see127

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see125

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see120

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see119

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see119

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see118

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see116

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see108

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see108

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see108

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see107

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see107

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see106

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see105

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see104

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары