ЕАЭО мен ТМД көлік дәліздерін бірлесіп дамытпақ
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. ЕАЭО мен ТМД көлік дәліздерін үйлесімді дамыту – Еуразия құрлығындағы бәсекелік артықшылық. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Қожошев мәлімдеді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көлік жөніндегі үйлестіру кеңесінің 46-отырысында сөйлеген сөзінде ол ТМД құрылымдарымен ынтымақтастық ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтіп, көлік саласындағы бірлескен жұмыстың басты басымдықтарын белгіледі.
"ЕАЭО мен ТМД-ның көлік-логистика кешенін келісілген түрде дамыту және нығайту мүмкіндігі – Еуразия құрлығындағы бәсекелік артықшылығымыз", - деді ол.
Министр Еуразиялық көлік дәліздері мен Достастық елдерінің аумағы арқылы өтетін халықаралық бағыттарды дамытуды үйлестірудің, өткізу пункттерін жаңғыртудың және саланы цифрлық тұрғыдан өзгертудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Оның айтуынша, ТМД интеграциялық үдерістердің кең географиялық ауқымын қамтиды, ал ЕАЭО экономикалық интеграцияны тереңдетеді және қолданыстағы құқықтық базаны қалыптастырады. Екі ұйымның күш-жігерін біріктіру көлік дәліздерін әртүрлі көлік түрлері біртұтас тетік ретінде жұмыс істейтін, тасымалдағы кедергілер жойылған мультимодальды жүйеге айналдыруға негіз болады.
Қожошевтың айтуынша, өткізу пункттерін үйлесімді дамытуға назар аудару маңызды. Еуразиялық экономикалық комиссия министрі халықаралық көлік дәліздері бойындағы өткізу пункттерін жаңғырту ЕАЭО мен ТМД инфрақұрылымының жүк тасымалдау және өткізу мүмкіндігін арттыратынын атап өтті. Бұл екі тараптың да мүддесіне сай келеді.
"Біз Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында көлік дәліздерін дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Көлік саласы әрдайым интеграцияның ең сұранысқа ие бағыттарының бірі болып келеді", - деді министр.
Арзыбек Қожошев көлікті дамытудың негізгі бағыттары бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастық орнату үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануды ұсынды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 13:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















