ҚМГ мен CNOOC Каспийдегі барлау жобасын дамытпақ
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қытайдың Бейжің қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен CNOOC компаниялары геологиялық барлау саласындағы стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады.
Кездесуге ҚМГ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, «CNOOC Group» басшысы Чжан Чуаньцзян және «CNOOC International» басшысы Лю Юнцзе қатысты.
Тараптар Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі «Жылыой» бірлескен жобасын іске асыруды талқылады. Жоба тең үлеспен (50/50) жүзеге асырылып, барлау кезеңін Қытай тарапы қаржыландырады. 2026 жылдың соңына дейін 400 шаршы шақырым аумақта 3D сейсмикалық барлау жұмыстары басталмақ.
Сонымен қатар Қазақстандағы жаңа перспективті жобалар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды. Қытай тарапы Каспий маңы шөгінді алабының тұзасты палеозой түзілімдерінде ауқымды барлау жұмыстарына қатысуға қызығушылық білдірді.
Бүгін, 19:03
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 23:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















