Қазақстанда жыл басынан бері мал ұрлаған 460 қа жуық адам ұсталды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Олардың 107-сі қылмыстық топ құрамында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция заңды иелеріне 3 мыңнан астам малды қайтарған.
Мәселен, тамыз айында Батыс Қазақстан облысында жылқы мен ірі қара ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды. Тергеу барысында олардың тоғыз ұрлыққа қатысы бары анықталды.
Күдіктілер жайылымнан 15-тен астам малды ұрлап, шалғай елді мекенге айдап апарып сойған. Кейін етті сату үшін Ақтөбе облысына жеткізіп отырған. Қазір екі күдікті де қамауда.
Полиция мал ұрлығының алдын алу үшін тұрғындарға малды қараусыз қалдырмауға, бақыланатын жайылым ұйымдастыруға, GPS-трекерлерді пайдалануға, сондай-ақ малды уақытылы таңбалап, чиптеп, есепке қоюға кеңес береді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:34
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 19:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















