Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстандық спортшыларға Олимпиадаға дайындық үшін 2500 доллардан төленді

Қазақстандық спортшыларға Олимпиадаға дайындық үшін 2500 доллардан төленді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына дайындық аясында Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) жеке стипендиялық бағдарламасына енген қазақстандық спортшыларға алғашқы қаржылық төлем жасалды.

Әрбір спортшыға 2500 АҚШ доллары көлемінде қаражат берілді.

Аталған бағдарлама Олимпиадаға іріктеу кезеңі мен дайындық барысында спортшыларға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған. Қазақстандық атлеттердің стипендия иегерлері қатарына қосылуына Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті бастамашы болды. ҰОК ұлттық федерациялармен және ХОК-пен бірлесіп жұмыс жүргізіп, өтінім беру процесін толық үйлестірді.

— Стипендия 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген жеке спорт түрлерінде бақ сынайтын спортшыларға беріледі. Іріктеу барысында үміткерлердің нәтижелері, Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндігі және жоғары нәтиже көрсету әлеуеті басты назарға алынды. Сонымен қатар допингке қатысты ереже бұзушылықтардың болмауы және Олимпиадалық хартия талаптарына қайшы келетін жайттардың жоқтығы маңызды талаптардың бірі болды, — делінген ҰОК хабарламасында.

Бөлінген қаражат оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, жеке дайындыққа, жаттықтырушылар мен мамандардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми қолдауға, сақтандыруға, сондай-ақ, тұру мен тамақтану шығындарын өтеуге жұмсалуы мүмкін. Қаржының жұмсалуы белгіленген тәртіпке сай тұрақты түрде есепке алынады.

 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық кезеңі басталды. Әрбір дайындық сатысының маңызы зор. Бұл стипендия спортшыларға жаттығу жоспарын жүйелі құрып, іріктеу жарыстарына тыңғылықты әзірленуге көмектеседі. Нәтижесінде олар көздеген көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік алады, — деп мәлімдеді Қазақстан ҰОК.

Қазақстан атынан стипендия иегерлері атанған спортшылар:

— Аида Әбікеева (бокс)
— Сағындық Тоғамбай (бокс)
— Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо)
— Әбиба Әбужақынова (дзюдо)
— Милад Карими (спорттық гимнастика)
— Руслан Курбанов (семсерлесу)
— Исхар Курбаев (грек-рим күресі)
— Ризабек Айтмұхан (еркін күрес)
— Зейнеп Баянова (әйелдер күресі)
— Мария Бровкова (ескек есу — байдарка/каное)
— Александра Ле (нысана көздеу)
— Ислам Сәтпаев (нысана көздеу)
— Әмір Маймұратов (спорттық құзға өрмелеу)
— Батырхан Төлеуғали (таеквондо)
— Алан Құрманғалиев (үстел теннисі)
— Елизавета Матвеева (жеңіл атлетика)
— Әсем Орынбай (стенд ату)
— Сергей Петрович (ауыр атлетика)
— Арай Нұрлыбекова (ауыр атлетика)
— Данил Мусабаев (батуттағы гимнастика)

ХОК-тың бұл стипендиялық бағдарламасы спортшыларға қосымша мүмкіндік беріп, олардың Олимпиадаға іріктеуден сәтті өтіп, жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасауға бағытталған. 

Айта кетелік 2030 жылғы қысқы Олимпиада қайда өтетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 13:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары