Қазақстандықтарды қажылыққа 4 туроператор ғана апара алады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға қатысатын туроператорларды тізімін жариялады.
Кешенді және салыстырмалы бағалау қорытындысы бойынша 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстарына лайықты деп танылған туроператорлар:
"Атлас Туризм" ЖШС
"Нұрхан Тревел" ЖШС
"Тауаф Тревел" ЖШС.
"Хикмет Тревел" ЖШС
"Аталған ашық конкурстан өтпей қалған туроператорлар заңды түрде белгіленген тәртіпте жоғарыдағы туроператорлардың бірімен субагенттік негізде қажылық сапарын ұйымдастыруға мүмкіндігі бар", - деп хабарлады басқармада.
Белгіленген тәртіпке сәйкес іріктеу жұмыстары арнайы құрылған комиссия тарапынан жүргізіліп, үміткер туроператорлардың қажылық және ұмра сапарларын ұйымдастырудағы жыл бойғы қызмет көрсеткіштері мен оң тәжірибесі, ресми тәртіпте алған туркодтары, тиісті лицензияларының жарамдылығы "Туристік Қамқор" корпоративті қоры арқылы анықталды.
Сонымен қатар туроператорлардың ұйымдастырушылық қабілеті және белгіленген талаптарға сәйкестігі сараланды. Сауд Арабиясы тарапынан қажылықты ұйымдастырушыларға қойылатын нақты талаптар да сақталды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 19:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















